"Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 5 қазандағы N 400-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4436 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1 бөлімінің 1.2-тармағының 1.2.7) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө  бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылғы 27 тамызда N 3041 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төраға м.а. 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 10-ө  бұйрығымен , Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылғы 27 тамызда N 3419 тіркелген, және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 11 шілдедегі N 218-ө  бұйрығымен , Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 3808 тіркелген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерінде:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 8-2); 26); 27); 28); 29) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-2) жергілікті байланыс қызметтерін көрсетуші жергілікті телефон байланыс операторы - тіркелген байланыс операторы;

      26) қосушы оператор - жергілікті, ішкіаймақтық, қалааралық және халықаралық деңгейде өзге байланыс операторларының желілерін олардың өтіміндері бойынша өз желісіне қосушы ЖПТЖ байланыс операторы;
      27) қосылушы оператор - жергілікті, ішкіаймақтық, қалааралық және халықаралық деңгейде өз желісін ЖПТЖ қосу туралы ұсыныспен ЖПТЖ байланыс операторына өтінім жасаушы байланыс операторы;
      28) телекоммуникацияның бір желісін (байланыс құралдары) басқасына қосу - телекоммуникацияның екі желілерінің арасындағы технологиялық әрекеттесуін ұйымдастыру оның ішінде бұл желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылардың өзара қосылуларын орнатуға және ақпарат беруге мүмкіндігі бар қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілері;
      29) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі (ҚХБОТЖ) - байланыс қызметін ұсыну мақсатында желінің деңгейіне сәйкес қалааралық және халықаралық трафикті өткізуге арналған уәкілетті органның белгілеген талаптарына жауап беретін ЖПТЖ байланыс операторының телекоммуникация желісі";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 909 қаулысымен бекiтілген Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiнде белгiленген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қойылатын талаптар";

      21-тармақта:
      "жүгіну" сөздерінен кейін "бұл жайында хабардар ете отырып альтернативтік техникалық жағдайларды алу үшін желіні қосушы операторға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
      "25-1. Қосушы оператордың телекоммуникация желісіне қосылушы оператордың телекоммуникация желісін қосу байланыс саласындағы уәкілетті органмен бекітілген "Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерін нөмірлеу жүйесі және жоспары" Басшылық құжатының ережелерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 39-1; 39-2; 39-3; 39-4; 39-5-тармақтармен толықтырылсын:
      "39-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қалааралық және (немесе) халықаралық деңгейде(-лерде) ұйымдастырылады.

      39-2. Жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосу мынадай жағдайларда ұйымдастырылады:
      1) ЖПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қосу автоматтық телефон станцияларының транзиттік тораптары (АТС ТТ), ЖПТЖ-не бұрын қосылған және шығыс пен кіріс трафигін есепке алуды жүзеге асыруы қажет қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының автоматтық қалааралық телефон станциясы (АҚТС) арқылы жүзеге асырылады;
      2) ЖПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосылған жергілікті телефон байланысы
операторларын абоненттердің таңдауы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына берілген оператор префиксі (Поп) арқылы, ал қалааралық және (немесе) халықаралық байланысы үшін жеке-жеке жүзеге асырылады (сәйкесінше Поп 1 және Поп 2);

      39-3. Қалааралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай жағдайларда ұйымдастырылады:
      1) қалааралық байланыс операторы желісінің қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосылуы қалааралық деңгейде географиялық нөмірлеу аймағына (АВС) сәйкес қосушы және қосылушы байланыс операторларының желілерінде АҚТС арасында жүзеге асырылады;
      2) әр географиялық аймақта АҚТС болуы тиіс;
      3) қосатын желінің АҚТС-мен қосылатын желінің АҚТС-ы арасындағы әрекеттестік олардың арасында тікелей байланыс каналдарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
      4) шығыс және кіріс қалааралық трафигінің есебі қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының екеуімен де, немесе келісім арқылы өзара әрекеттесуші байланыс операторларының біреуіне қарасты бірыңғай есептеу орталығымен жүзеге асырылады.

      39-4. Халықаралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай жағдайларда ұйымдастырылады:
      1) Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желісіне халықаралық байланыс операторы желісінің қосылуы қосушы және қосылушы операторларының халықаралық коммутация орталықтары (бұдан әрі - ХКО) арасында жүзеге асырылады;
      2) қосушы және қосылушы желілерінің ХКО арасындағы өзара әрекеттесуі олардың арасында байланыс каналдарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
      3) қалааралық және халықаралық байланыс операторының және халықаралық байланыс операторының желілерінің өзара әрекеттесуі жүзеге асырылғанда (ХКО - ХКО деңгейде) Қосылу келісім-шартына:
      желілердің бірінде авариялар және төтенше жағдайлар орын алған кезде жалпы пайдаланудағы телекоммуникацияның шетелдік желілеріне шығу кезінде де ұлттық желі шектеріндегі сияқты трафикті өткізу үшін айналма жолдарды ұсыну және ұйымдастыру;
      қорғаныс, қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттесуші телекоммуникация желілерінің өткізу қуаттылықтарын өзара ұсыну жөніндегі талаптар енгізілуі тиіс.

      39-5. Қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісінің өзге қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісіне қосылуы географиялық аймақтың АҚТС-мен АҚТС-ның, сондай-ақ қосушы мен қосылушы операторларының сәйкес желілерінің ХКО мен ХКО арасында жүзеге асырылады.";

      71-тармақта:
      "өзара әрекеттесу" деген сөздерден кейін "қосушы және қосылушы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "трафиктер" деген сөздерден кейін ", қосу қызметтері үшін" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.А.Сейтімбеков) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төраға орынбасары Р.Р.Нұршабековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Web-сайтына орналастырылуы тиіс.

      Төраға

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды
      реттеу агенттігі төрағасы

      2006 ж. 6 қазан

О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 12 июля 2004 года N 145-п "Об утверждении Правил присоединения сетей телекоммуникаций к сети телекоммуникаций общего пользования и регулирования пропуска трафика по сети телекоммуникаций общего пользования Республики Казахстан"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 5 октября 2006 года N 400-П. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 октября 2006 года N 4436. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 июня 2012 года № 313

      Сноска. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 06.06.2012 № 313.

      В соответствии с подпунктом 1.2.7) пункта 1.2 раздела 1  Плана мероприятий по реализации Программы развития отрасли телекоммуникаций Республики Казахстан на 2006-2008 годы, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2006 года  N 519   ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в  приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 12 июля 2004 года N 145-п "Об утверждении Правил присоединения сетей телекоммуникаций к сети телекоммуникаций общего пользования и регулирования пропуска трафика по сети телекоммуникаций общего пользования Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 27 августа 2004 года N 3041, внесены изменения и дополнения  приказом и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 17 января 2005 года N 10-п, зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3419, и  приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 11 июля 2005 года N 218-п, зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3808), следующие дополнения:
      в  Правилах присоединения сетей телекоммуникаций к сети телекоммуникаций общего пользования и регулирования пропуска трафика по сети телекоммуникаций общего пользования Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:
      пункт 6 дополнить подпунктами 8-2); 26); 27); 28); 29) следующего содержания:
      "8-2) оператор местной телефонной связи - оператор фиксированной связи, оказывающий услуги местной телефонной связи;
      26) присоединяющий оператор - оператор связи СТОП, присоединяющий сети других операторов связи к своей сети, по их обращению, на местном, внутризоновом, междугородном и международном уровнях;
      27) присоединяемый оператор - оператор связи, обращающийся к оператору связи СТОП, с предложением о присоединении своей сети к СТОП на местном, внутризоновом, междугородном и международном уровнях;
      28) присоединение одной сети телекоммуникаций (средств связи) к другой - организация технологического взаимодействия между двумя сетями телекоммуникаций, в том числе сетей телекоммуникаций операторов междугородной и (или) международной связи, при котором становятся возможными установление соединения и передача информации между пользователями услугами связи этих сетей;
      29) сеть телекоммуникаций оператора междугородной и международной связи (СТОММС) - сеть телекоммуникаций оператора связи СТОП, отвечающая установленным требованиям уполномоченного органа, предназначенная для передачи междугородного и международного трафика на соответствующих уровнях сети в целях предоставления услуг связи;"
      пункт 13 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) предъявляемые к сетям телекоммуникаций операторов междугородной и (или) международной связи, определенные "Квалификационными требованиями и критериями по определению операторов междугородной и (или) международной связи", утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2004 года N 909.";
      в пункте 21 после слова "обратиться" дополнить словами "к присоединяющему оператору для получения альтернативных технических условий, известив об этом";
      дополнить пунктом 25-1 следующего содержания:
      "25-1. Присоединение сети телекоммуникаций присоединяемого оператора к сети телекоммуникаций присоединяющего оператора осуществляется с учетом положений Руководящего документа "Система и план нумерации сетей телекоммуникаций Республики Казахстан", утверждаемого уполномоченным органом в области связи.";
      дополнить пунктами 39-1; 39-2; 39-3; 39-4; 39-5 следующего содержания:
      "39-1. Присоединение сетей телекоммуникаций операторов междугородной и (или) международной связи организуется на междугородном и (или) международном уровне (-ях).
      39-2. Присоединение сетей операторов местной телефонной связи к сетям операторов междугородной и (или) международной связи организуется следующим образом:
      1) присоединение сетей операторов местной телефонной связи, подключенных к СТОП, к сетям операторов междугородной и (или) международной связи осуществляется через транзитные узлы автоматических телефонных станций (АТС ТУ), автоматическую междугородную телефонную станцию (АМТС) оператора междугородной и (или) международной связи, на которых должен осуществляться учет исходящего и входящего трафика и сеть которого уже имеет подключение к СТОП;
      2) выбор абонентами оператора местной телефонной связи, подключенного к СТОП, сети оператора междугородной и (или) международной связи осуществляется через присвоенный оператору междугородной и международной связи префикс оператора (Поп), для междугородной или международной связи по отдельности (Поп1 и Поп2 соответственно);
      39-3. Присоединение сети оператора междугородной связи к сети оператора междугородной и международной связи организуется следующим образом:
      1) присоединение сети оператора междугородной связи к сети оператора междугородной и международной связи осуществляется на междугородном уровне между АМТС сетей присоединяемых и присоединяющих операторов соответствующей географической зоны нумерации (АВС);
      2) в каждой географической зоне должна быть АМТС;
      3) взаимодействие между АМТС присоединяющей сети и АМТС присоединяемой сети осуществляется путем организации прямых каналов связи между ними;
      4) учет исходящего и входящего междугородного трафика осуществляется обоими операторами междугородной и (или) международной связи, либо, по договоренности, единым расчетным центром, принадлежащий одному из взаимодействующих операторов связи.
      39-4. Присоединение сети оператора международной связи к сети оператора междугородной и международной связи организуется следующим образом:
      1) присоединение сети оператора международной связи к сети оператора междугородной и международной связи осуществляется между международными центрами коммутаций (далее - МЦК) сетей присоединяемого и присоединяющего операторов;
      2) взаимодействие между МЦК присоединяемой и присоединяющей сетями осуществляется путем организации каналов связи между ними;
      3) при осуществлении взаимодействия сетей операторов междугородной и международной связи и операторов международной связи (на уровне МЦК-МЦК) в Договор присоединения должны быть включены требования по:
      организации и предоставлению обходов для пропуска трафика в случае аварий и при возникновении чрезвычайных ситуаций на одной из сетей, как в пределах национальной сети, так и при выходе на зарубежные сети телекоммуникаций общего пользования;
      взаимному предоставлению пропускных мощностей взаимодействующих сетей телекоммуникаций для обеспечения нужд органов обороны, безопасности и охраны правопорядка.
      39-5. Присоединение сети оператора междугородной и международной связи к сети другого оператора междугородной и международной связи организуется соответственно между АМТС и АМТС одной географической зоны, МЦК и МЦК сетей присоединяемого и присоединяющего операторов.";
      в пункте 71:
      после слова "взаимодействии" дополнить словами "присоединяющего и присоединяемого";
      после слова "трафики" дополнить словами ", за услуги подключения".

      2. Департаменту связи Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи (Сейтимбеков А.А.) в установленном порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и обеспечить его официальное опубликование в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи Нуршабекова Р.Р.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования и подлежит размещению на Web-сайте Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи.

      Председатель

      Согласовано:
      Председатель Агентства Республики
      Казахстан по регулированию
      естественных монополий
      6 октября 2006 год