Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4444 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

        "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  39-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
        1. Ұсынылып отырған қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесі бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
        2. Осы қаулы 2007 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енеді және ресми түрде жариялануы тиіс.
      3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9-қаңтардағы N 2  қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4078 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.
      4. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының           
2006 жылғы 23 қыркүйектегі    
N 215 қаулысымен бекітілген    

Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты
тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу
Ережесі

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

        Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң)  39-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) қаржылық қызмет бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейі туралы ақпаратты тарату кезінде шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеу тәртібін белгілейді.
      Осы Ереже банкаралық заемдарға және/немесе банкаралық депозиттерге таратылмайды.
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

    1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - осы Ережеге сәйкес есептелетін қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есепке алынатын сыйақы мөлшерлемесі;
      2) заеммен байланысы бар депозит - заемшының атына ашылған және берілетін заемды қамтамасыз ету болып табылатын не заем шартының талаптары бойынша болуы міндетті болып табылатын депозит;
      3) клиент - банктің қызметін пайдалануды ниет етіп жүрген немесе пайдаланып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
      4) қызмет - банктердің банк салымының шартымен ресімделген депозиттерді қабылдау бойынша операцияларды және банктік заем операцияларын жүзеге асыруы;
      5) заем - уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктің төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттерді беруі.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2008.05.26.  N 81 Қаулыларымен.

    2-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебі

      2. Банктер тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін басқа сыйақы мөлшерлемелерімен шрифті ресімдеу нысаны, көлемі және стилі (курсив, жартылай қара әріппен жазылған, түспен бөлініп көрсетілген, мөлшері) бойынша бірдей бірыңғай форматта көрсетеді:
      қызмет бойынша сыйақы шегі, оның ішінде оның жариялануы туралы ақпаратты тарату кезінде;
      клиенттердің ауызша және жазбаша сұратуларында;
      клиенттермен жасалған шарттарда банктің сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген сол сөйлемде.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2008.05.26.  N 81 Қаулыларымен.

        3. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банк ұсынатын қызметтің әр қайсысы бойынша есептеледі.

      4. Берілетін заемдар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі: 

      n                  m
D-k-L+E      Sj         = E      Pi       
     j=1 (1+APR) tj/365   i=1 (1+APR) ti/365

      онда:
      АРR - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;
      D - алғашқы заем сомасы;
      к - клиенттің заемдарды және алғашқы заемды алған күнгі банктің онымен байланысты қызметін қабылдағаны жөніндегі төлемінің жалпы сомасы;
      L - алғашқы заемды алған күні енгізілген заемдарға байланысты депозиттер сомасы;
      n - клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;
      j - алғашқы заемды алған күннен кейінгі клиентке төлем жасау реттік нөмірі;
      Sj - клиентке j-ші сомамен төлем жасау, оның ішінде кезекті заемдар, заемдарға байланысты депозиттер бойынша сыйақы, депозиттерді қайтарым жасау, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жүйесіндегі мемлекеттің сыйлықақысы;
      tj - клиентке алғашқы заемды берген күннен бастап төлем жасаудың i-ші сәтіне дейінгі (күндермен) уақыт кезеңі;
      m - клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;
      і - клиенттің төлемінің реттік нөмірі;
      Рі - клиенттің алғашқы заемды алған күннен кейінгі і-ші төлем сомасы, оның ішінде заемдар бойынша сыйлықақы, осы Ереженің 5-тармағына сәйкес депозиттер мен төлемдерді енгізу;
      tі - алғашқы заемды берген күннен бастап клиенттің і-ші төлем жасау сәтіне дейінгі (күндермен) уақыт кезеңі.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

        5. Сыйақы сомасынан басқа клиенттің заем алу үшін және соған қатысты барлық банк қызметіне байланысты төлемдерінің жалпы сомасына мыналар жатады:
      заемдарды алғаны үшін комиссиялар;
      құжаттарды қарағаны және/немесе банктік шоттар ашқаны үшін төлем жасау;
      басқа төлемдер (банктік шоттарға қызмет көрсету құны, қолма-қол ақшаны алу комиссиясы, есепшотпен жасалатын төлемдер және басқалар).
      Банктік заемдарға қызмет көрсетуден басқа өзге мақсаттарда пайдаланатын банктік шоттарды ашу және жүргізу үшін комиссия жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеген кезде ескерілмейді.
      Қызметтерді көрсету шартымен көзделген комиссия және қызметтерді көрсету шартына қол қою күніндегі белгісіз өндіріп алу фактісі нақты төлем жасалғаннан кейін клиенттің талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеген кезде ескеріледі.
      Клиент төлемдерінің жалпы сомасына банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген заемдар бойынша сыйақы сомасын қоспағанда, осы заемдарға қызмет ету бойынша қызметті ұсынатын банктің комиссиясы кіреді.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2008.05.26.  N 81 Қаулыларымен.

        6. Тартылатын депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
n                 m
    Lj        = E      Pi      
j=1(1+APR) tj/365   i=1 (1+APR) ti/365

      онда:
      АРR - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;
      n - клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;
      Lj - клиенттің j-ші төлем сомасы, оның ішінде депозитке енгізу және онымен байланысты банк қызметінің төлемі;
      j - клиент төлемінің реттік нөмірі;
      tj - клиенттің төлемінің j-ші сәтіне дейінгі (күндермен) депозитті қамтыған күннен басталған уақыт кезеңі;
      m - клиентке төленген соңғы төлемнің реттік нөмірі;
      і - клиентке төлем жасаудың реттік нөмірі;
      Рі - клиентке і-ші төлем сомасы, оның ішінде депозит бойынша сыйақы, депозиттерді қайтару, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жүйесіндегі мемлекеттің сыйлықақысы;
      tі - депозитке қамтылған күннен бастап і-ші төлем жасау сәтіне дейінгі (күндермен) уақыт кезеңі.

      7. Банктер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді алгебралық әдіспен, бір ізбен жақындатылған, компьютерлік бағдарламаларды қолданған интерация әдісімен жүзеге асырады.
      Клиент жасаған төлем және/немесе клиентке жасалған төлем нақты төлем жасалған сәтте, болашақта - төлем кестесі бойынша ескеріледі.

      8. Клиент және банк әр уақыттарда төлеген сомалар тең болуы міндеті емес және бірдей уақыт аралығы арқылы төленеді.

      9. Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған сан бір ондық белгіден асатын болса, онда ол былайша ондық үлеске дейін дөңгелектенуі тиіс:
      1) егер жүздік үлес 5-ке тең немесе одан артық болса, онда оныншы үлес 1-ге өседі де, оның артындағы барлық белгілер алып тасталады;
      2) егер жүздік үлес 5-тен кем болса, онда оныншы үлес өзгеріссіз қалады, оның артындағы барлық белгілер алып тасталады.

  3-тарау. Ақпаратты ашу тәртібі

      10. Қызмет көрсету шартында банктің комиссияларын (сыйақы және басқа төлемдер) ұстайтын және тиімді сыйақы мөлшерлемесіне әсер ететін, олардың мөлшері мен оларды анықтау тәртібіне сілтеме, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің тәртібі мен мерзімінің өзгеруі жөніндегі операциялар тізбесі болуы тиіс.
      Егер шартта сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі көзделген болса, осы ақпаратты клиентке жеткізу тәсілі тараптардың келісімі арқылы анықталады.
      Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейінгі клиентпен жасалған қолданыстағы шарт бойынша шартқа өзгерістер енгізген жағдайда, оның ішінде клиенттің өтініші бойынша, банк өзгерістерді енгізгенде шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуді көздеуі тиіс.
      Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі базалық көрсеткіштерге (құнсыздану деңгейі, LIВОR мөлшерлемесі, шетел валютасы бағамы және басқалар) қатысты болған жағдайда банк базалық көрсеткіштерді жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі есептелген күні пайдалану керек болады.
      10-1. Сыйақы мөлшерлемесі өзгерген жағдайда берілген заем бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қосымша келісім жасалған кезде клиент төлеуге тиісті кредиттеудің және комиссияның қалған мерзімі негізгі қарыз қалдығы немесе кредиттік желі бойынша кредиттеу лимиті негізінде есептелу тиіс.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2008.05.26.  N 81 Қаулыларымен.

         11. Кредиттік желі бойынша заемдар беру кезінде жылдық тиімді мөлшерлеме кредиттік желіні ашу туралы келісімде және осы келісім аясында жасалған әр шартта белгіленген талаптар негізінде көрсетіледі.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

        12. Заемдар беру кезінде мыналар ескеріледі:
      1) заемды өтеудің белгілі кестесі болмаса және оны кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе заем шартының талаптарынан анықтау мүмкін болмаса, онда ол заем шарты жасалған сәттен бастап 1 жыл мерзімге берілді деп есептеледі;
      2) егер кредиттік желісін ашу туралы келісімде немесе заем шартында заемды өтеудің бірнеше мүмкін күндері айтылып, басқа нұсқаулар болмаған жағдайда, заем аталған мерзімдердің ең қысқасы бойынша беріледі және өтеледі деп болжалданады;
      3) егер берілетін заемның сомасы көрсетілмесе, онда кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе заем шартының қолданылу мерзіміне келісімде көрсетілген заемның барынша жоғары сомасы қамтамасыз етіледі деп болжалданады;
      4) егер клиенттің төлем жасау күні белгіленбеген болса, онда ол кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе заем шартының қолданылуы басталған сәттен бастап жүзеге асырылады.
      Кредиттік желіні ашу туралы барлық келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін қажетті мәндер жоқ болған жағдайда, банк оны келісім аясында жасалған шарттарда көрсетеді.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2008.05.26.  N 81 Қаулыларымен.

      12-1. Тартылатын депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуде мынадай талаптар ескеріледі:
      1) егер шартта депозитті қайтарудың мерзімі белгіленбеген болса, депозит шартты жасасқан сәттен бастап бір жыл мерзімге енгізілген деп есептеледі;
      2) егер шарт талаптарында депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жоқ болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банктің комиссияларын ескеріп есептеледі, және шартта көрсетіледі.
       Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

        13. Тасымалдау түрлеріне (рекламалық буклеттер, жол жиегіндегі билбордтар, стендтер, үнпарақтар және сол сияқтылар) қатыссыз, қызмет бойынша сыйақылар шегі туралы, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары, веб-сайт, электронды почта, телефон арқылы, клиенттерге ауызша кеңес беру арқылы қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттарда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі туралы мәліметтер болуы тиіс.
      13-1. Қызмет бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратты әр таратуда міндетті түрде осы қызметтерді (комиссиялар мен кепіл түрлері) ұсынудың талаптары болуы тиіс.
       Ескерту: 13-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16.  N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

    4-тарау. Қорытынды ережелер

      14. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешімін табады.

Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года № 215. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 ноября 2006 года № 4444. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 137

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 26.03.2012 № 137 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования).

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007 N 206.

      В целях реализации пункта 2 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       Сноска. Преамбула с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007 N 206.

      1. Утвердить прилагаемые Правила исчисления ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам.
       Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007 N 206.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2007 года и подлежит официальному опубликованию.

      3. Со дня введения в действие настоящего постановления признать утратившим силу  постановление Правления Агентства от 9 января 2006 года N 2 "Об утверждении Правил исчисления банками второго уровня ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4078).

      4. Управлению защиты прав потребителей финансовых услуг (Усенбекова Л.Е.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, банков второго уровня и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      5. Отделу международных отношений и связей с общественностью Агентства (Пернебаев Т.Ш.) обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

      Председатель

Утверждены                
постановлением Правления Агентства   
Республики Казахстан по        
регулированию и надзору финансового  
рынка и финансовых организаций    
от 23 сентября 2006 года N 215    

  Правила
исчисления ставок вознаграждения
при распространении информации о величинах вознаграждения
по финансовым услугам

       Сноска. Название с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 .

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон о банках) и устанавливают порядок исчисления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, (далее - банки) ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам.
      Настоящие Правила не распространяются на межбанковские займы и/или межбанковские депозиты.
       Сноска. Преамбула с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 .

  Глава 1. Общие положения

      1. В целях применения настоящих Правил используются следующие понятия:

      1) годовая эффективная ставка вознаграждения - ставка вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении по услугам, рассчитываемая в соответствии с настоящими Правилами;

      2) депозит, связанный с займом - депозит, который открыт на имя заемщика и является обеспечением предоставляемого займа либо наличие которого является обязательным по условиям договора займа;

      3) клиент - физическое или юридическое лицо, намеревающееся или воспользовавшееся услугами банка;

      4) услуги - осуществление банками операций по приему депозитов, оформленных договором банковского вклада, и банковских заемных операций;
 

      5) заем - предоставление банком кредитов в денежной форме на условиях платности, срочности и возвратности, на основании лицензии уполномоченного органа..
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 ; от 26.05.2008   N 81 (порядок введения в действие см.  п. 2 ).

  Глава 2. Расчет годовой эффективной ставки вознаграждения

      2. Банки указывают годовую эффективную ставку вознаграждения в едином формате, одинаковом по форме, величине и стилю (курсив, полужирный, выделение цветом, размер) оформления шрифтов с другими ставками вознаграждения:
      при распространении информации о величинах вознаграждения по услугам, в том числе ее публикации;
      по устным и письменным запросам клиентов;
      в договорах, заключаемых с клиентами, в том же предложении, в котором отражена ставка вознаграждения банка.
       Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 ; от 26.05.2008   N 81 (порядок введения в действие см.  п. 2 ).

      3. Годовая эффективная ставка вознаграждения рассчитывается банком по каждому виду предлагаемых услуг.

      4. Годовая эффективная ставка вознаграждения по предоставляемым займам рассчитывается по следующей формуле:

                  n       S j             m        P i
      D - k - L + E   --------------- = E  ----------------
                 j=1  (1 + APR) tj/365    i=1  (1 + APR) ti/365

      где:
      APR - годовая эффективная ставка вознаграждения;
      D - сумма первого займа;
      k - общая сумма платежей клиента за получение займов и всех связанных с ними услуг банка на дату получения первого займа;
      L - сумма депозитов, связанных с займами, внесенных на дату получения первого займа;
      n - порядковый номер последней выплаты клиенту;
      j - порядковый номер выплаты клиенту после даты получения первого займа;
      Sj - сумма j-той выплаты клиенту, в том числе очередные займы, вознаграждения по депозитам, связанным с займами, возврат депозитов, а также премии государства в системе жилстройсбережений;
      tj - период времени со дня предоставления первого займа до момента j-той выплаты клиенту (в днях);
      m - порядковый номер последнего платежа клиента;
      i - порядковый номер платежа клиента;
      Pi - сумма i-того платежа клиента после даты получения первого займа, в том числе вознаграждение по займам, внесение депозитов и платежи в соответствии с пунктом 5 настоящих Правил;
      ti - период времени со дня предоставления первого займа до момента i-того платежа клиента (в днях).
       Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 .

      5. К общей сумме платежей клиента за получение займов и всех связанных с ними услуг банка, за исключением сумм вознаграждения, относятся:
      комиссии за получение займов;
      плата за рассмотрение документов и/или открытие банковских счетов;
      другие платежи (стоимость обслуживания банковских счетов, комиссия за получение наличных денег, безналичные платежи и другое).
      Комиссии за открытие и ведение банковских счетов, используемых для иных, помимо обслуживания банковского займа целей, при расчете годовой эффективной ставки вознаграждения не учитываются.
      Комиссии, предусмотренные договором на предоставление услуг, и факт взимания которых неизвестен на дату подписания договора на предоставление услуг, учитываются при перерасчете годовой эффективной ставки вознаграждения по требованию клиента после фактического платежа.
      Общая сумма платежей клиента, за исключением сумм вознаграждения по займам, выданным организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, включает в себя также комиссию банка, предоставляющего услуги по обслуживанию данных займов.
       Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 ; от 26.05.2008   N 81 (порядок введения в действие см.  п. 2 ).

      6. Годовая эффективная ставка вознаграждения по привлекаемым депозитам рассчитывается по следующей формуле:

                  n       L j             m        Pi
                  E  --------------- =  E   ----------------
                 j=1 (1 + APR) tj/365     i=1  (1 + APR) ti/365

      где:
      APR - годовая эффективная ставка вознаграждения;
      n - порядковый номер последнего платежа клиента;
      Lj - сумма j-того платежа клиента, в том числе внесение на депозит и оплата связанных с ним услуг банка;
      j - порядковый номер платежа клиента;
      tj - период времени со дня привлечения депозита до момента j-того платежа клиента (в днях);
      m - порядковый номер последней выплаты клиенту;
      i - порядковый номер выплаты клиенту;
      Pi - сумма i-той выплаты клиенту, в том числе вознаграждения по депозитам, возврат депозитов, а также премии государства в системе жилстройсбережений;
      ti - период времени со дня привлечения депозита до момента i-той выплаты (в днях).

      7. Исчисление годовой эффективной ставки вознаграждения банки осуществляют алгебраическим методом, последовательными приближениями, методом итераций с применением компьютерных программ.
      Произведенные выплаты клиента и/или выплаты клиенту учитываются на момент их фактической выплаты, будущие - по графику выплат.

      8. Суммы, выплачиваемые клиентом и банком в разное время, не обязательно должны быть равными и выплачиваться через одинаковые интервалы времени.

      9. Если при расчете годовой эффективной ставки вознаграждения полученное число имеет более одного десятичного знака, оно подлежит округлению до десятых долей следующим образом:
      1) если сотая доля больше или равна 5, десятая доля увеличивается на 1, все следующие за ней знаки исключаются;
      2) если сотая доля меньше 5, десятая доля остается без изменений, все следующие за ней знаки исключаются.

  Глава 3. Порядок раскрытия информации

      10. Договор на предоставление услуги должен содержать перечень операций, за которые банком взимаются комиссии (вознаграждение и другие платежи) и которые влияют на размер эффективной ставки вознаграждения, их размер или ссылки на порядок их определения, а также порядок и сроки изменения ставок вознаграждения.
      Если договором предусмотрено изменение ставки вознаграждения, способ доведения данной информации до клиента определяется соглашением сторон.
      По действующим договорам, заключенным с клиентами до введения в действие настоящих Правил, в случае внесения изменений в договор, в том числе по обращению клиента банком при внесении изменений должно быть предусмотрено указание в договоре годовой эффективной ставки вознаграждения.
      В случае зависимости годовой эффективной ставки вознаграждения от базовых показателей (уровень инфляции, ставка LIBOR, курс иностранной валюты и другие) банку следует использовать базовые показатели на дату исчисления годовой эффективной ставки вознаграждения.
       Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 .
 

      10-1. В случае изменения ставки вознаграждения годовая эффективная ставка вознаграждения по выданному займу должна быть рассчитана на основании остатка основного долга, оставшегося срока кредитования и комиссий, подлежащих оплате клиентом, при заключении дополнительного соглашения.
       Сноска. Глава дополнена пунктом 10-1 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.05.2008  N 81 (порядок введения в действие см.  п. 2 ).

      11. При предоставлении займов по кредитным линиям годовая эффективная ставка указывается в соглашении об открытии кредитной линии и в каждом договоре, заключенном в рамках данного соглашения, исходя из установленных в нем условий.
       Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 .

      12. При предоставлении займов учитывается следующее:
      1) если нет определенного графика погашения займа и его нельзя определить из условий соглашения об открытии кредитной линии или договора займа, заем считается выданным сроком на год с момента заключения договора займа;
      2) если в соглашении об открытии кредитной линии или договоре займа оговаривается несколько возможных дат погашения займа при отсутствии других указаний, предполагается, что заем предоставляется и погашается в самые ранние из указанных сроков;
      3) если сумма предоставляемого займа не указана, то предполагается, что на срок действия соглашения об открытии кредитной линии или договора займа обеспечивается максимальная сумма займа, указанная в соглашении;
      4) если дата выплат клиента не определена, предполагается, что они осуществляются в момент начала действия соглашения об открытии кредитной линии или договора займа.
      В случае отсутствия в соглашении об открытии кредитной линии всех значений, необходимых для расчета годовой эффективной ставки вознаграждения, банк указывает ее в договорах, заключенных в рамках соглашения.
       Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 ; от 26.05.2008   N 81 (порядок введения в действие см.  п. 2 ).      

        12-1. При исчислении годовой эффективной ставки вознаграждения по привлекаемым депозитам учитываются следующие условия:
      1) если договором не определен срок возврата депозита, депозит считается внесенным сроком на один год с момента заключения договора;
      2) если по условиям договора ставка вознаграждения по депозиту отсутствует, годовая эффективная ставка вознаграждения рассчитывается с учетом комиссий банка, и указывается в договоре.
      Сноска. Глава дополнена пунктом 12-1 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 .

      13. Информация о величинах вознаграждения по услугам, независимо от вида носителя (рекламные буклеты, придорожные билборды, стенды, листовки и тому подобное), в том числе передаваемая через средства массовой информации, веб-сайт, электронной почтой, по телефону, при устном консультировании клиентов, должна содержать сведения о годовых эффективных ставках вознаграждения.      

      13-1. Любое распространение информации о ставках вознаграждения по услугам в обязательном порядке должно содержать условия предоставления данных услуг (виды комиссии и залога).
      Сноска. Глава дополнена пунктом 13-1 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16.07.2007   N 206 .

  Глава 4. Заключительные положения

      14. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, подлежат разрешению в соответствии с законодательством Республики Казахстана.