Қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары жөніндегі ақпаратты тарату кезінде екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемелерін есептеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4078. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысымен

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі  N 215  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
___________________________________________________

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  32-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары жөніндегі ақпаратты тарату кезінде екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемелерін есептеу жөніндегі қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2006 жылы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді.
      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қола алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2006 жылғы 9 қаңтардағы   
N 2 қаулысымен бекітілді  

  Қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары
жөніндегі ақпаратты тарату кезінде екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемелерін есептеу ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң)  32-бабының  4-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары жөніндегі ақпаратты тарату кезінде анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) сыйақы мөлшерлемелерін есептеу тәртібін белгілейді.
      Осы Ереженің нормалары банкаралық заемдарға және/немесе банкаралық депозиттерге қолданылмайды.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұйымдар қолданылады:
      1) базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық сыйақы мөлшерлемесі, мұны негізге ала отырып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шамасы айқындалады;
      2) жай жылдық сыйақы мөлшерлемесі - депозитті тартудың барлық кезеңінде депозиттің бастапқы сомасына қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі;
      3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - осы Ереже белгілеген әдістемеге сәйкес есептелген берілген заемдар және/немесе тартылған депозиттер бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесі;
      4) заемға байланысты клиент депозиті - берілген заемды қамтамасыз ететін не заем шартының талаптары бойынша оның болуы міндетті болып табылатын депозит;
      5) қаржылық қызмет көрсету - заемдарды беру және/немесе депозиттерді тарту бойынша банк ұсынған қызметтер.

  2-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу

      2. Қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты таратқан кезде, оның ішінде жариялаған кезде есептеу тәртібін осы Ереже белгілейтін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін банктер қосымша көрсетуді. Ақпаратты таратқан кезде, оның ішінде жариялаған кезде қаржылық қызмет көрсету мерзімі ішінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мәні өзгерген жағдайда, банктер: берілген заемдар бойынша - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мәнін, тартылған депозиттер бойынша - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең төменгі мәнін көрсетеді.

      3. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін банктер әрбір ұсынылған қаржылық қызмет көрсету бойынша есептейді.

      4. Берілген заемдар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі сыйақы төленген немесе сыйақы мөлшерлемесі өзгерген әрбір күнге мынадай тәртіппен есептеледі:
      мына формула бойынша базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі:

      j = [((s f  + k) * (365/p) + L * (y - z))/(d - L)] * 100

      мұнда:
      j - сыйақы есептелген кезеңдегі базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі (процентпен);
      s f  - кезеңдегі есептелген сыйақының нақты сомасы;
      k - сыйақы сомасынан басқа, бір жолы, қаржылық қызмет көрсетуді алу үшін және сыйақыны есептеу кезеңінде банктің барлық қаржылық қызмет көрсетуге байланысты қызметтерін қоса отырып, клиенттің барлық төлемдерінің сомасы;
      p - сыйақы есептеу кезеңіндегі күнтізбелік күндер саны;
      L - берілген заемға байланысты клиент депозиттерінің сомасы;
      y - заемдарға байланысты емес, осы қаржылық ұйымның ұқсас (мерзімі мен валютасы бойынша) депозиттері бойынша орташа алынған базалық сыйақы мөлшерлемесі;
      z - берілген заемға байланысты депозиттер бойынша орташа алынған базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі;
      d - сыйақы есептелетін негізгі борыш сомасының бөлігі; 
      мына формула бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі:
      i =([1 + j/m] m  -1) * 100,
      мұнда:
      i - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (процентпен);
      j - сыйақы есептелген кезеңдегі базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі (процентпен);
      m - бір жылғы сыйақыны есептеу саны.
      5. Тартылған депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай тәртіппен есептеледі:

      мына формула бойынша базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі:

      j = m * ((1 + n * i п ) 1/(m*n)  - 1) * 100,

      мұнда:
      j - базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі (процентпен);
      m - бір жылы осы ұзақтық кезеңдерінің саны;
      n - тартылған депозит мерзімі (жылдармен);
      i п  - жай жылдық сыйақы мөлшерлемесі (процентпен);
      мына формула бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі:
      i = [1 + j / m] m  - 1) * 100,
      мұнда:
      i - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (процентпен);
      j - базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі (процентпен);
      m - бір жылғы осы ұзақтық кезеңдерінің саны.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      6. Көрсетілген талапты сақтамаған жағдайда уәкілетті орган Банктер туралы заңның  47-бабында  көзделген санкцияларды банкке қолдана алады.

      7. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешілуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады