Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы N 81 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5261 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі -Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4444 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашада N 201 (1007) жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 206 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4893 тіркелген) енгізілген толықтырулар мен өзгеріспен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу Ережесінде:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) қызмет - банктердің банк салымының шартымен ресімделген депозиттерді қабылдау бойынша операцияларды және банктік заем операцияларын жүзеге асыруы";

      2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "клиенттермен жасалған шарттарда банктің сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген сол сөйлемде";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Банктік заемдарға қызмет көрсетуден басқа өзге мақсаттарда пайдаланатын банктік шоттарды ашу және жүргізу үшін комиссия жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеген кезде ескерілмейді.
      Қызметтерді көрсету шартымен көзделген комиссия және қызметтерді көрсету шартына қол қою күніндегі белгісіз өндіріп алу фактісі нақты төлем жасалғаннан кейін клиенттің талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеген кезде ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Сыйақы мөлшерлемесі өзгерген жағдайда берілген заем бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қосымша келісім жасалған кезде клиент төлеуге тиісті кредиттеудің және комиссияның қалған мерзімі негізгі қарыз қалдығы немесе кредиттік желі бойынша кредиттеу лимиті негізінде есептелу тиіс.";

      12-тармақта:
      бірінші абзацта "Кредиттік желі бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      1) тармақшасы "оны" деген сөзден кейін "кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшасы "егер" деген сөзден кейін "кредиттік желісін ашу туралы келісімде немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) және 4) тармақша "онда ол" деген сөздерден кейін "кредиттік желісін ашу туралы келісімнің немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзацта "Кредиттік желі туралы" деген сөздер "кредиттік желіні ашу туралы барлық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Л.Е. Үсенбекова):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады