Кеме экипажының ең аз құрамы талаптарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 323 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 10 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4508 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 23-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кеме экипажының ең аз құрамы талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б.Тұрлыханов) заңнамада  белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Ә.Қ.Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникация 
министрінің       
2006 жылғы 11 желтоқсандағы
N 323 бұйрығымен бекітілді 

  Кеме экипажының ең аз құрамы талаптары

      1. Осы Кеме экипажының ең аз құрамы талаптары (бұдан әрі - Талаптар) мүшелерінің тиісті біліктілігі бар және құрамы кеме жүзуінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қажет кеме экипажының ең аз құрамының (бұдан әрі - ең аз құрам) санын белгілейді.

      2. Талаптар Қазақстан Республикасының Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде және бербоут-чартерлік тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге таралады.

      3. Кеменің осы Талаптарға сәйкестігі кеменің мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылған теңіз портының капитаны үш жылғы мерзімге Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беретін Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен расталады.

      4. Кеме экипажының саны осы Талаптарға қоса берілген Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте көрсетілгеннен кем болғанда, кеме теңізге шығуға жіберілмейді.

      5. Жолаушыларға, кемелердің командалық құрамына және кемелік командаға қызмет көрсететін қызметкерлер ең аз құрамға кірмейді.

      6. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын кемелердегі ең аз құрамға рефрижераторлық қондырғылар жөніндегі механиктің қызметі кіргізіледі.
      Басты дизель-электр қондырғылы кемелердегі ең аз құрамға жолаушылар кемесінде екі электр механигі және басқа үлгідегі кемелерде бір электр механигі кіргізіледі.
     "А" нышаны жоқ, қызмет көрсететін бір немесе екі құралдар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам бір теңізші (рульдеуші) - моторшыға арттырылуы тиіс.
     "А" нышаны бар, қызмет көрсететін бір немесе екі құралдар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам тиісті мамандығы бар бір маманға арттырылуы тиіс.

      7. Кеме экипажынсыз пайдаланылатын екі және одан артық кемелерді сүйрегіш кемелермен сүйреуді жүзеге асыру кезінде, сүйрегіш кеме экипажының штатына ең аз құрам нормативтеріне қосымша әрбір екі кемеге қатардағы құрамның бір адамы қосылады.
      Ұзындығы 75 метрден артық өздігінен жүретін кемелердің немесе 75 метрден артық құрамның жұмысы кезінде қатардағы құрамның саны кеменің (құрамның) алдыңғы және артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз етуі тиіс.

      8. Осы Талаптарды есепке ала отырып, кеме иесі кемеге оны пайдалануға дейін берілетін экипаждың штаттық кестесін әзірлейді және бекітеді.

                                       Кеме экипажының ең аз құрамы
                                            талаптарына қосымша   

                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

           (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы)

           КЕМЕ ЭКИПАЖЫНЫҢ ЕҢ АЗ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттігі бойынша,
1974 жылғы Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық
конвенцияның V/14 (2) ережесі шарттарының түзетулерімен және ИМО
1999 жылғы 25 қарашадағы А.890 (21) резолюциясының  негізінде
берілді.

      Кеме туралы мәліметтер
      1. Кеменің атауы______________________________________________
      2. Тіркеу нөмірі немесе шақыру дабылы_________________________
      3. ИМО нөмірі_________________________________________________
      4. Тіркеу порты ___________________________________________
      5. Жалпы сыйымдылығы:
(1969 жылғы Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенция бойынша) __________________________________________________________
8. Кезеңмен вахтасыз қызмет көрсететін машиналық үй-жай____________
9. Жүзу ауданы    ___________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген кеме, егер теңізге шыққан кезде бортында
төмендегі кестеде көрсетілген саннан және лауазымдардан/персоналдың
шендерінен кем емес экипажы бар болса, ол экипажбен толық қамтамасыз
етілген болып саналады. 

Келесі жағы 

Лауазымы/шені

Диплом   (ПДМНВ конвенциясының ережесі)

Тұлғалардың саны

Капитан



Капитанның аға көмекшісі



Капитанның көмекшісі



Теңізші



Аға механик



Екінші механик



Электрмеханик



Механиктер 



Моторшылар



Радиоэлектроника бойынша капитанның көмекшісі



Аспазшы









        Кестеде көрсетілген экипаж мүшелерінің біліктілігі мен саны
ИМО 1999 жылғы 25 қарашадағы А.890 (21) резолюциясына сәйкес
кеменің, адамдардың, жүктің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.

      Ерекше талаптар немесе шарттар, егер осындайлар бар болса_____
      Теңіз портының капитаны берді_________________________________
      қолы _________________________               Мөрі 
      Берілген күні ________________  қолданылу мерзімі ____ ________

Об установлении Требований минимального состава экипажа судна

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 декабря 2006 года № 323. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 января 2007 года № 4508. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 6 августа 2011 года № 496

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций РК от 06.08.2011 № 496.

      В соответствии со статьей 23 Закона Республики Казахстан "О торговом мореплавании", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Требования минимального состава экипажа судна.

      2. Комитету транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Турлыханов К.Б.) в установленном  законодательством порядке обеспечить представление настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан для государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Кусаинова А.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр

Утверждены             
приказом Министра         
транспорта и коммуникаций     
Республики Казахстан       
от 11 декабря 2006 года N 323  

Требования минимального состава экипажа судна

      1. Настоящие Требования минимального состава экипажа судна (далее - Требования) определяют численность минимального состава экипажа судна (далее - минимальный состав), члены которого имеют надлежащую квалификацию и состав, который необходим для обеспечения безопасности плавания судна и защиты окружающей среды.

      2. Требования распространяются на самоходные суда, подлежащие государственной регистрации в Государственном судовом реестре морских судов и бербоут-чартерном реестре Республики Казахстан.

      3. Соответствие судна настоящим Требованиям удостоверяется Свидетельством о минимальном составе экипажа судна по форме согласно приложению к Требованиям, выдаваемым капитаном морского порта, в котором осуществлена государственная регистрация судна, сроком на три года.

      4. При численности экипажа судна менее указанного в Свидетельстве о минимальном составе экипажа судна, прилагаемом к настоящим Требованиям, выход судна в море не допускается.

      5. В минимальный состав не входят работники, обслуживающие пассажиров, командный состав судов и судовую команду.

      6. На судах, перевозящие скоропортящиеся грузы, в минимальный состав вводится должность механика по рефрижераторным установкам.
      На судах с главной дизель-электрической установкой в минимальный состав вводятся два электромеханика на пассажирских судах и один электромеханик - на судах другого типа.
      На судах без символа "А", не удовлетворяющих требованиям автоматизации по одной или двум обслуживающим устройствам и системам, минимальный состав должен быть увеличен на одного матроса (рулевого) - моториста.
      На судах с символом "А", не удовлетворяющих требованиям автоматизации по одной или двум обслуживающим устройствам и системам, минимальный состав должен быть увеличен на одного специалиста соответствующей специальности.

      7. При осуществлении буксирными судами буксировки двух и более судов, эксплуатируемых без судового экипажа, в штат экипажа буксирного судна дополнительно к нормативам минимального состава добавляется по одному человеку рядового состава на каждые два судна.
      При работе самоходных судов длиной более 75 метров или состава более 75 метров численность рядового состава должна обеспечивать одновременную швартовку (отшвартовку) на носу и корме судна (состава).

      8. С учетом настоящих Требований судовладельцем разрабатывается и утверждается штатное расписание экипажа, которое выдается на судно до ввода его в эксплуатацию.

Приложение            
к Требованиям минимального   
состава экипажа судна     

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

(Герб Республики Казахстан)

КЕМЕ ЭКИПАЖЫНЫҢ ЕҢ АЗ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ КҮӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО
О МИНИМАЛЬНОМ СОСТАВЕ ЭКИПАЖА СУДНА THE CERTIFICATE
ON THE MINIMAL STRUCTURE OF CREW

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттігі бойынша, 1974 жылғы Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның V/13 (2) ережесі шарттарының түзетулерімен және ИМО 1999 жылғы 25 қарашадағы А.890 (21) резолюциясының негізінде берілді.
      Выдано на основании положений Правил V/13 (2) Международной конвенции по охране человеческой жизни на море 1974 года с поправками и резолюции ИМО А.890 (21) от 25 ноября 1999 г. по уполномочию Правительства Республики Казахстан
      Issued under the provision of regulation V/13 (2) of the International convention for the safety of life at sea 1974, as amended and IMO Resolution A.890 (21) adopted on 25 November 1999 under the authority of the Government of Republic of Kazakhstan

      Кеме туралы мәліметтер
      Сведения о судне
      Particulars of ship

      1. Кеменің атауы ___________________________________________
      Название судна _____________________________________________
      Name of the ship ___________________________________________

      2. Тіркеу нөмірі немесе шақыру дабылы ______________________
      Регистровый номер или позывной сигнал ______________________
      Distinctive number or letters ______________________________

      3. ИМО нөмірі  _____________________________________________
      Номер ИМО __________________________________________________
      IMO number _________________________________________________

      4. Тіркеу порты ____________________________________________
      Порт приписки ______________________________________________
      Port of registry ___________________________________________

      5. Жалпы сыйымдылығы:
      (1969 жылғы Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық
конвенция бойынша)  ______________________________________________
      Валовая вместимость:
      По Международной конвенции по обмеру судов 1969 года _______
      Gross tonnage:
      International Tonnage Convention, 1969 _____________________

      6. Негізгі қозғалтқыш құрылғысының қуаттылығы, кВт__________
      Мощность главной двигательной установки, кВт _______________
      Main propulsion power, kW __________________________________

      7. Кеменің үлгісі___________________________________________
      Тип судна __________________________________________________
      Type of ship _______________________________________________

      8. Кезеңмен вахтасыз қызмет көрсететін машиналық ұй-жай_____
      Машинное помещение с периодически безвахтенным
обслуживанием ____________________________________________________
      Periodically unattended machinery space ____________________

      9. Жүзу ауданы  ____________________________________________
      Район плавания _____________________________________________
      Trading area _______________________________________________

      Осы құжатта көрсетілген кеме, егер теңізге шыққан кезде бортында төмендегі кестеде көрсетілген саннан және лауазымдардан/персоналдың шендерінен кем емес экипажы бар болса, ол экипажбен толық камтамасыз етілген болып саналады.
      Указанное в данном документе судно считается укомплектованным экипажем, если при выходе в море оно имеет на борту экипаж с количеством и должностями/ званиями персонала, не менее того, что указано в таблице (ах) ниже:
      The ship named in this document is considered to be safely manned if, when in proceeds to sea, it carries not lees than the number and grades/capacities of personnel in the table (s) below:
                            Келесі жағы
                         Оборотная сторона

Лауазымы/шені
Должность/звание
Grade/capacity

Диплом (ПДМНВ
конвенциясының
ережесі)
Диплом (Правило
Конвенции ПДМНВ)
Certificate
(STCW
regulation)

Тұлғалардың саны
Число лиц
Number of persons

Капитан
Капитан
Master



Капитанның аға
көмекшісі
Старший помощник
капитана
Chief mate



Капитанның
көмекшісі
Помощник капитана
Deck officer



Теңізші
Матросы
Deck ratings



Аға механик
Старший механик
Chief engineer



Екінші механик
Второй механик
Second engineer



Электромеханик
Электромеханик
Electric engineer



Механиктер
Механики
Engineering
officers



Моторшылар
Мотористы
Engine ratings



Радиоэлектроника
бойынша капитанның
көмекшісі
Помощник капитана
по радиоэлектронике
Radio electronic
officer



Аспазшы
Повар
Cook









       Кестеде көрсетілген экипаж мүшелерінің біліктілігі мен саны ИМО 1999 жылғы 25 қарашадағы А.890 (21) резолюциясына сәйкес кеменің, адамдардың, жүктің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін камтамасыз етеді.
      Квалификация и число членов экипажа, указанные в таблице, обеспечивают безопасность судна, людей, груза и окружающей среды в соответствии с резолюцией ИМО А.890 (21) от 25 ноября 1999 года.
      The grades and number of personal shown in the table safe Manning of the ship, life, cargo and environment in accordance with Resolution IMO A.890 (21) adopted on 25 November 1999.

      Ерекше талаптар немесе шарттар, егер осындайлар бар болса___
      Особые требования или условия, если таковые имеются: _______
      Special reguirements or conditions, if any _________________

      Теңіз портының капитаны берді_______________________________
      Выдан капитаном морского порта _____________________________
      Sea harbour Master _________________________________________

      Қолы _________________________    Мөрі
      Подпись ______________________    Печать
      Signature ____________________    Seal

      Берілген күні ________________    Қолданылу мерзімі_________
      Дата выдачи __________________    Cрок действия ____________
      Issued on ____________________    Expiry date ______________