Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 1 қаңтардағы N 48/8-IV хатымен
__________________________________________
Астана қаласы әкімдігінің ұсынған материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының»"Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 462 бабына сәйкес Астана қаласы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы бойынша 2007 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-III "Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 429 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 18 ақпандағы 23-24-нөмірлерінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 16 ақпандағы 23-нөмірінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-III "Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 261/32-III (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 443 болып тіркелген, "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 13 шілдедегі 105-нөмірінде "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 15 шілдедегі 112-114-нөмірлерінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрайымы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
КЕЛІСІЛДІ
"Табиғи ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы"
ММ басшысы (ТР ж ТПРБ)
Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
N 308/40-III шешіміне қосымша
Қоршаған ортаны ластағаны үшін
Астана қаласы бойынша 2007 жылға арналған төлемдердің
СТАВКАЛАРЫ
N |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Уыттылық сыныбы |
Базалық ставкалар |
1. |
Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары |
шартты
|
|
326 |
2. |
Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары:
|
тонна |
|
280
|
3. |
Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері:
|
шартты
|
|
31839 |
4. |
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру |
тонна |
V
|
125
|
5. |
Күл және күл үйінділерін орналастыру; |
тонна |
IV |
251 |
6. |
Халыққа қызмет көрсететін жылу көздерінен (жылу электрорталығы, қазандықтар) шығатын күл және күл шлактарын орналастыру |
тонна |
IV |
78 |
7. |
Аршынды жыныстар |
тонна |
|
12 |
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы