Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ "Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2006 жылға арналған төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 261/32-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 23 маусымда N 443 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 308/40-ІІІ шешімімен

      Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы  N 308/40-ІІІ  шешімімен
___________________________________________________________

      Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен ұсынылған материалдарды қарап, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы  Кодексінің  462-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:

      1. Астана қаласының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ "Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2006 жылға арналған төлем ставкаларын белгілеу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 6 ақпанда N 429 тіркелген, 2006 жылғы 18 ақпандағы "Астана хабары", 2006 жылғы 16 ақпандағы "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған)  шешіміне  (бұдан әрі - Шешім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Астана қаласының 2006 жылғы 29 наурыздағы N 239/30-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ "Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2006 жылға арналған төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің қызметін тоқтата тұру туралы"  шешімі  күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы шешім әділет органдарында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Астана қаласы
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Келісілді:

      Астана қаласының Табиғи
      ресурстар және табиғатты
      қолдануды реттеу
      басқармасының бастығы

                                       Астана қаласы мәслихатының 
                                         2006 жылғы 7 маусымдағы
                                           N 261/32-ІІІ қосымша

                                       Астана қаласы мәслихатының
                                       2005 жылғы 23 желтоқсандағы
                                      N 212/28-ІІІ шешіміне қосымша

                Қоршаған ортаны ластағаны үшін
      Астана қаласы бойынша 2006 жылға арналған төлемдер
                          СТАВКАЛАРЫ

р/с
N

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Уаттылық сыныбы

Базалық ставкалар

1.

Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары

шартты
тонна

 

326

2.

Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
- этилденбеген бензин үшін;
- дизель отыны үшін;
- сұйытылған газ үшін.

 

тонна
тонна
тонна

 

 

280
730
404

3.

Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері:
тазартқыш имараттарынан кейін су көздеріне.

 
шартты
тонна

 

 
31839

4.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру.

тонна
тонна
тонна
тонна
тонна

Ү
ІҮ
ІІІ
ІІ
І

125
251
503
2012
4023

5.

Күл және күл үйінділерін орналастыру.

тонна

ІҮ

251

6.

Халыққа қызмет көрсететін (жылу электр орталығы, қазандықтар) шығатын күл мен күл шлактарын орналастыру.

тонна

ІҮ

78

7.

Аршынды жыныстар.

тонна

 

12

 

 

 

 

 

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады