Астана қаласы бойынша 2007 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 308/40-ІІІ Шешімі. Астана қаласының әділет департаментінде 2007 жылғы 16 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 454 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 1 қаңтардағы N 48/8-IV хатымен

      Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 1 қаңтардағы N 48/8-IV хатымен

      __________________________________________

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынған материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының»"Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 462 бабына сәйкес Астана қаласы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы бойынша 2007 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-III "Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 429 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 18 ақпандағы 23-24-нөмірлерінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 16 ақпандағы 23-нөмірінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-III "Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 261/32-III (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 443 болып тіркелген, "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 13 шілдедегі 105-нөмірінде "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 15 шілдедегі 112-114-нөмірлерінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ

      "Табиғи ресурстар және табиғатты
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      ММ басшысы (ТР ж ТПРБ)

                                        Астана қаласы мәслихатының
                                       2006 жылғы 14 желтоқсандағы
                                      N 308/40-III шешіміне қосымша

                  Қоршаған ортаны ластағаны үшін
       Астана қаласы бойынша 2007 жылға арналған төлемдердің
                          СТАВКАЛАРЫ

N

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Уыттылық сыныбы

Базалық ставкалар

1.

Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары

шартты
тонна


326

2.

Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары:
- этилденбеген, этилденген бензин үшін;
- дизель отыны үшін;
- сұйытылған газ үшін

тонна


  280
 
 
  730
404

3.

Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері:
- тазартқыш ғимараттарынан кейін су көздеріне

шартты
тонна



 
 
 

   31839

4.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру

тонна

V
IV
III
II
I

125
251
503
2012
4023

5.

Күл және күл үйінділерін орналастыру;

тонна

IV

251

6.

Халыққа қызмет көрсететін жылу көздерінен (жылу электрорталығы, қазандықтар) шығатын күл және күл шлактарын орналастыру

тонна

IV

78

7.

Аршынды жыныстар

тонна


12

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады