Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, Егіндікөл, Жарқайың аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Егіндікөл ауданы бойынша:
тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Егіндікөл ауылдық округінің Степняк ауылы қысқартылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын;
2) Жарқайың ауданы бойынша:
Западное ауылдық округінің Западное ауылы Пригродное ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
Западное ауылдық округінің Озерное ауылы қысқартылып, Пригродное ауылдық округінің құрамына енгізілсін.
2. Шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыс әкімі |