Егіндікөл, Жарқайың аудандары бойынша облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Ақмола облыстық мәслихаты мен әкімдігінің 2006 жылғы 16 маусымдағы N ЗС-20-22 бірлескен шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 6 шілдеде N 3191 тіркелді.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.06.2016 № А-7/287 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, Егіндікөл, Жарқайың аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Егіндікөл ауданы бойынша:
      тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Егіндікөл ауылдық округінің Степняк ауылы қысқартылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын;
      2) Жарқайың ауданы бойынша:
      Западное ауылдық округінің Западное ауылы Пригродное ауылдық округінің құрамына енгізілсін;
      Западное ауылдық округінің Озерное ауылы қысқартылып, Пригродное ауылдық округінің құрамына енгізілсін.
      2. Шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.
      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады