Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.10.27 № 198 шешімімен.
Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 8 және 13 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптарының негізінде, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 170 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап, қалалық қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері үшін - автобустар, троллейбустар, маршрутты таксилерде, жасына байланысты зейнеткерлер, 1, 2, 3 топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер үшін - автобустар мен троллейбустарда тегін жүру белгіленсін.
2. Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының 2002 жылғы 28 наурыздағы N 137 "Азаматтардың жекелеген санаттарының қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүруі туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелінсін.
Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы