Азаматтардың жекелеген санаттарының қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүруі туралы

Күшін жойған

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 233 шешімі. Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2006 жылдың 28 сәуірінде N 3-1-47 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы № 198 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.10.27 № 198 шешімімен.

      Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 8 және 13 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23  қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптарының негізінде, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 170 (қолданысқа енгізілу тәртібін   4 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      1. 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап, қалалық қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері үшін - автобустар, троллейбустар, маршрутты таксилерде, жасына байланысты зейнеткерлер, 1, 2, 3 топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер үшін - автобустар мен троллейбустарда тегін жүру белгіленсін.

      2. Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының 2002 жылғы 28 наурыздағы N 137 "Азаматтардың жекелеген санаттарының қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүруі туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелінсін.

      Сессия төрағасы

      Мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады