"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148 Заңының 6 бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының 2005 жылғы 19 қазандағы "Бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізудің тәртібі мен орындарын қосымша регламенттеу туралы" Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2005 жылғы 28 қазанда № 3-1-25 санымен тіркелген № 173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2007 жылғы 14 қарашасында № 3-1-80 санымен тіркелген, "Ақтөбе" 2007 жылғы 4 желтоқсанында № 148 және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2007 жылғы 11 желтоқсанында № 151 газеттерінде жарияланған Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007 жылғы 30 қазандағы № 17 шешімінің 1 тармағында "№ 173" сөзінен кейін "Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2005 жылғы 28 қазанында № 3-1-25 санымен тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2006 жылғы 7 ақпанында № 14 газеттерінде жарияланған" сөздері қосылсын.
2. "Жоғары, арнайы орта кәсіптік лицейлердің күндізгі нысанында оқитындар үшін жеңілдіктермен жүріун бекіту туралы" Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 28 сәуірінде № 3-1-46 санымен тіркелген "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2006 жылғы 23 мамырындағы № 61 газеттерінде жарияланған Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 232 шешімінің кіріспе сөзінен "қала әкімдігінің 2006 жылдың 7 сәуірдегі № 594 "2006 жылға жоғары, арнайы - орта, кәсіптік лицейлердің күндізгі оқу нысанында оқитындар үшін жеңілдіктермен жүруін бекіту туралы" қаулысын қарап" сөздері алынып тасталсын.
3. "Азаматтардың жекелеген санаттарының қоғамдық көліктерде тегін жүруі туралы" Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 28 сәуірінде № 3-1-47 санымен тіркелген "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" 2006 жылғы 23 мамырындағы № 61 газеттерінде жарияланған Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 233 шешімінің кіріспе сөзінен "Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 622 "Жекелеген санаттағы азаматтарға жол ақысы жеңілдігін ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес және" сөздері алынып тасталсын.
4. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | Р. Есмағамбетов |
Мәслихат хатшысы | С. Шынтасова |