Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2010.05.04 N 13/16 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Заңдарына сәйкес азаматтарды жедел әскери қызметке жылсайын шақыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.
2. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:
1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және әскери жедел қызметке шақырылуға жататын он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі барлық азаматтардың шақыру пункттеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс-шараларды қабылдасын;
4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаменті (Шайдаров М.З.) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын дәрігер-мамандармен және орта медициналық құраммен толықтырсын, облыстық жиналу пунктінің базасында жедел әскери қызметке жөнелтілетін шақырылғандардың адам иммунитетінің тапшылығы вирусіне тексеру және бақылау флюорографиялық тексерісі жұмыстарын ұйымдастырсын.
5. Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Хамитов Т.Н.) облыстық жиналу пункті бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылауды қамтамасыз етсін.
6. Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне (Қожахметов Қ.О. - келісім бойынша):
1) қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басқармалары және бөлімдерімен бірлесе отырып шақыру пункттерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жиналу пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2) әскери міндетін орындаудан бас тартқан адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
3) әскери қызметке шақырудан бас тартқан адамдардың жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Аманов Б.Р. - келісім бойынша) облыстық жиналу пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт департаменті (Жарылғапов Н.Ғ.) қорғаныс істері жөніндегі Басқармалар және Бөлімдермен бірлесе отырып, шақыру кезеңінде әскери - патриоттық және тәрбиелік шараларды жүзеге асыру үшін шақырылғандардың әскери - спорттық жиындарын өткізсін, соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлерімен, әскери қызметшілермен кездесулерді ұйымдастырсын.
9. Қарағанды облысының мәдениет департаменті (Омарбекова Р.К.) шақырылғандарды салтанатты түрде әскерге шығарып салу күндерінде көркемөнерпаздардың және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуін ұйымдастырсын.
10. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаменті (Ибадилдин Ж.И.) облыстың тиісті мекемелері және ұйымдарымен келісім-шарттар жасасын, олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырсын.
11. Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Дарманқұлов М.И.) облыс әкіміне шақыру аяқталған соң 2006 жылғы шақыру қорытындылары туралы ақпаратты тапсырсын.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.З. Қанаевқа жүктелсін.
13. Осы қаулы күшіне ресми жарияланған күннен бастап енеді.
Қарағанды облысының әкімі
Келісілді
Қарағанды облысының
қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы
21 қыркүйек 2006 ж.
Келісілді
Қарағанды облысының Ішкі
стер департаментінің бастығы
14 қыркүйек 2006 ж.
Келісілді
"Қазақтелеком" акционерлік
қоғамының Қарағанды облыстық
телекоммуникациялар дирекциясының
бас директоры
15 қыркүйек 2006 ж.
Қарағанды облысы әкімдігінің
2006 жылғы 29 қыркүйектегі
N 20/02 қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Дарманқұлов - Қорғаныс істері жөніндегі
Мұрат Ильтайұлы департаменттің бастығы -
комиссия төрағасы;
Ибадилдин - Қарағанды облысының жұмылдыру
Жұмамәди Ибаділдұлы дайындығы, азаматтық қорғаныс,
авариялар мен дүлей апаттардың
алдын алуды және жоюды
ұйымдастыру департаментінің
директоры - комиссия
төрағасының орынбасары;
Шинкорук - комиссия хатшысы
Галина Васильевна
Комиссия мүшелері
Әуезов - Қорғаныс істері жөніндегі
Әміржан Таңатарұлы департаменттің шақыру
басқармасы бастығының
орынбасары - медициналық
комиссия төрағасы -
дәрігер (келісім бойынша);
Лепеха - Ішкі істер департаменті
Игорь Викторович бастығының орынбасары
(келісім бойынша).