Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 2010.11.10 № 08-08/3045 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 77 "Бастауыш кәсiптiк және орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2006-2007 оқу жылының мемлекеттiк бiлiм тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3543, 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 41 "Қостанай таңы", 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 50 "Костанайские новости").
2-қосымшадағы:
13-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақтағы "50" сандары "75" сандарына ауыстырылсын.
2. Қостанай облысының бiлiм беру департаментi (Шек Г.Г.) орта кәсіптік білімді мамандарды даярлауға бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм тапсырысын тиісті оқу орындарында белгіленген тәртiппен орналастырсын.
Облыс әкiмi