Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 77 "Бастауыш кәсiптiк және орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған 2006-2007 оқу жылының мемлекеттiк бiлiм тапсырысын бекiту туралы" қаулысыны өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әкімдігінің 2006 жылғы 31 шілдедегі N 247 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2006 жылғы 21 тамызда N 3553 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 08-08/3045 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 2010.11.10 № 08-08/3045 хатымен.
      Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 7 наурыздағы  N 77 "Бастауыш кәсiптiк және орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2006-2007 оқу жылының мемлекеттiк бiлiм тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3543, 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 41 "Қостанай таңы", 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 50 "Костанайские новости").

      2-қосымшадағы:
      13-тармақ алынып тасталсын;
      11-тармақтағы "50" сандары "75" сандарына ауыстырылсын.

      2. Қостанай облысының бiлiм беру департаментi (Шек Г.Г.) орта кәсіптік білімді мамандарды даярлауға бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм тапсырысын тиісті оқу орындарында белгіленген тәртiппен орналастырсын. 

      Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады