Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2006 жылғы 27 қазанда № 9-1-58 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 276 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 31.03.2010 № 276 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (қоса беріліп отырған) бекітілсін.
      2. Қостанай қалалық Мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 (тіркеу нөмірі 2215, 2003 жылғы 29 мамырдағы  № 5 "Қостанай" газеті), "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 12 қарашадағы № 9 (тіркеу нөмірі 2591, 2003 жылғы 27 қарашадағы № 135 "Қостанай" газеті), "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 17 ақпандағы № 34 (тіркеу нөмірі 2812, 2004 жылғы 25 наурыздағы № 33 "Қостанай" газеті) шешімдері күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, 2 сайлау
      округы бойынша депутаты

      Қалалық Мәслихат хатшысының
      міндеттің атқарушы

Мәслихатының          
2006 жылғы 6 қазандағы
№ 304 шешімімен       
бекітілген            

Тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.
      2. Тұрғын үй көмегі тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға, жеке меншік тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органымен жалданған тұрғын жайды пайдалану үшін жалгерлік төлемге, коммуналдық қызметтерді пайдалануға және қалалық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы көтерілу бөлігінде байланыс қызметтеріне төлеуге беріледі.
      3. Қостанай қаласында тұрғылықты тұратын және тұрғын жай иесі немесе жалдаушы (жалға беруші) болып табылатын отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегіне құқығы бар.
      Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын азаматтар телефон үшін абоненттік ақы төлеу тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеуге құқығы бар.
      4. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу жеке тұлғаларға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті пайдалану мен байланыс қызметіне төлеу шығынының ұйғарынды шегінің үлесі осы мақсаттарға нақтылы шығыны көтерілген жағдайда тағайындалады.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, мәртебелері Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1995 жылғы 28 сәуірдегі 6, 8 баптарымен белгіленген, соларға теңестірілген адамдарға тұрғын үй көмегін есептегенде қолданылмайды. Осы санаттардағы азаматтарға коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шығындардың жүз пайызы өтеледі.
      Ескерту. 4-тармақ өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007.01.18 № 330; 2008.05.22 № 94 шешімдерімен.
      5. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалану және байланыс қызметтеріне төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының он бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.
      Ескерту. 5-тармақ өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007.01.18 № 330 ; 2007.12.14 № 31 шешімдерімен.
      6. Өтемақымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының мөлшері, пайдаланылатын алаңы көлемінің бір адамға он сегіз шаршы метрін отбасына плюс тоғыз шаршы метр құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз тұратын азаматтар үшін пайдаланатын алаңының көлеміне байланыссыз отыз шаршы метр шегінде, Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін - отыз алты шаршы метр шегінде, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар үшін төлеуге - он сегіз шаршы метр шегінде, бірақ тұратын алаңынан аспайтын.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008.05.22 № 94 шешімімен.
      7. Есептегіш құралдары (жылу, сумен жабдықтау, газ, кәріз су арнасы, электр қуаты, қоқыс шығару) жоқ тұтынушылар үшін өтем шаралармен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді пайдалану мөлшерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      8. Егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тарифтері мен мөлшерлері қолданыстағы заңнама тәртібімен анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыс бойынша жүргізіледі.
      9. Коммуналдық қызметтерді пайдаланатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      10. Электр қуатына төлеу шығындарын өтеу нақты шығындар бойынша жүргізіледі, бірақ бір бөлмелі пәтерде - жүз он киловаттан, екі бөлмелі пәтерде – жүз жиырма киловаттан, үш бөлмелі пәтерде тұратын отбасына – жүз елу киловаттан көп болмау керек, электр су жылытқыштарын немесе электр плиталарын пайдаланатын отбасылар (азаматтар) үшін әр адамға қосымша қырық бес киловатт, бірақ нақты тұтынудан аспау қажет.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.03.27 № 183 шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегін алуға және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге құқылы адамдар "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттар тапсырады:
      1) арыз;
      2) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) алынып тасталсын;
      4) пәтер жоспарының көшірмесі;
      5) тұрғын жай жалдаушылар (жалға берушілер) үшін жалдау (жалға беру) шартының көшірмесі (жылына бір рет);
      6) тұрғындарды тіркеу кітабы немесе тұратын мекен-жайын растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
      7) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсан үшін табыстары туралы мәліметтер, өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар табыстарын жазбаша түрде тапсырады;
      8) алынып тасталсын;
      9) қалалық телекоммуникация желінің байланыс қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі немесе түбіртек - телекоммуникация қызметі үшін есеп (жылына бір рет).
      Ескерту. 11-тармақ өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007.12.14 № 31 шешімімен.
      11-1. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соларға теңестірілген адамдар тұрғын үй көмегін алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) арыз;
      2) Ұлы Отан Соғысының қатысушысы және мүгедегі куәлігінің немесе жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілген адамның мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін;
      3) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) пәтер жоспарының көшірмесін;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының немесе мекен-жайын растайтын өзге құжаттың көшірмесін;
      6) алынып тасталды.
      Ескерту. 11-1 жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008.05.22 № 94 шешімімен.
      11-2. Азаматтың, Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерінен және соларға теңестірілген адамдардан басқа тұрғын үй көмегіне берген бірінші өтінішіне жылына бір рет уәкілетті органның сұранысы бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үйдің бар немесе жоқ туралы мәліметтері беріледі. Есептеу құралдары бар, тұтынушылар коммуналдық қызметтерді пайдаланатын нақты шығындары туралы мәліметтер уәкілетті органның сұранысы бойынша қаланың коммуналдық қызметтерімен беріледі.
      Ескерту. 11-2 жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008.05.22 № 94 шешімімен.
      12. Уәкілетті органға салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері тапсырылады. Салыстырылғаннан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растайды және олардан іс ресімдейді.
      13. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын жайы (пәтері, үйі) бар, тұрғын жайларын жалға (жалдау) немесе жалға беретін адамдар тұрғын ұй көмегін алу құқығынан айырылады.
      Бұл норма, кезінде ата-анасымен немесе балаларымен тұрып, тұрғын жайды жекешелендіруге қатысқан адамдарға және ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзылған жағдайда тарамайды.
      14. Егер отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса немесе жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, тұрғын үй көмегін алуға және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге құқығы жоқ. Ерекшелікті құрайтындар:
      1) елу алты жасқа толған әйелдер және алпыс бірден асқан ерлер;
      2) бір айдан астам стационарда емделуде жатқан азаматтар;
      3) туберкулезбен, онкологиялық және психикалық аурулармен ауыратын азаматтар, емдеу мекемелерінде тұрақты есепте тұратындар және уақытша еңбекке жарамсыздық туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар адамдар;
      4) күндізгі оқыту нысанды оқитын оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен курсанттар, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда;
      5) бірінші топтағы мүгедектер, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтар;
      6) өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар.
      15. Егер өтініш жасаған тоқсанның алдында отбасының бір немесе бірнеше мүшесі жұмыс істемейтіндер болса және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмесе тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу тағайындалмайды.
      16. Дәлелді себепсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, қатысудан немесе қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқу немесе қайта оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыз мүшелері бар отбасылар алты ай мерзімге дейін тұрғын үй құқығынан айырылады.
      17. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлеуге өтемақы алушылар тапсырған құжаттардың растығына жауапты және тұрғын үй көмегін есептеуге ықпал ететін барлық өзгерістер туралы, сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, он күн ішінде хабарлауы керек.
      18. Асырып көрсетілген тағайындау немесе заңсыз төлеуді болдырған жалған мәліметтер тапсырылған жағдайда, алынған тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төленетін өтемақы толық көлемде бюджетке қайтарылады. Төлемдерді ерікті түрде аудару арқылы қайтарылады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы.
      Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиясының шешімі бойынша тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін және телефон үшін ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы тағайындауға шындыққа жанаспайтын мәліметтер берген үшін бір жылға дейінгі мерзімге оны алу құқығынан айырылады.
      Ескерту. 18-тармақ өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007.01.18 № 330 шешімімен.
      19. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлеуге өтемақы тағайындау туралы шешім уәкілетті органмен қабылданады. Даулы мәселелер болған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі - комиссия) қабылданады.
      20. Берілген құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысымен (жалға берушімен) уәкілетті органның арасында шарт жасалады.
      21. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу үшін зейнеткерлерге және мүгедектерге жылыту маусымы мерзіміне, азаматтардың басқа санаттарына құжаттарды тапсырған айдан бастап ағымдағы тоқсан мерзіміне (бірінші тоқсанды есептемегенде, жылу беру маусымының аяқталуына байланысты жылу беру маусымы аяқталуына дейін тағайындалады) тағайындалады. Құжаттарды қабылдау ай бойы жүзеге асырылады, есептілік келесі айдың 5-ші жұлдызына дайындалады, тағайындалған жәрдемақыны төлеу өткен ай үшін жасалады.
      Ескерту. 21-тармағы толықтырылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007.12.14 № 31; өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.03.27 № 183 шешімдерімен.
      22. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалануға ақы төлеу шығынының ұйғарынды шегінің үлесі, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен телефон үшін абоненттік ақы төлеу тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрынғы есептелген соманы қайта есептейді. Алушы қайтыс болған жағдайда қайта есептеу қайтқан күнін қоса жүргізіледі.
      Ескерту. 22-тармағы өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.03.27 № 183 шешімімен.
     23. Тұрғын үй көмегін алатын және табыстары (еңбекақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы немесе өзге табыстары) бар, бірақ тұрғын үй көмегін алып тұрған кезеңде коммуналдық қызметке ақы төлемейтін азаматтарға, комиссияның шешімі бойынша тұрғын үй көмегін төлеуі, көрсетілген мерзімге қарызды толық өтегеніне дейін тоқтатылады.
      24. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтем шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі тарифтер бойынша есептелген сомамен тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге және осы отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарынды шекті шығынының айырмасы ретінде есептеледі.
      25. Абоненттерге телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.

3. Жиынтық табысын есептеу

      26. Тұрғын ұй көмегін алуға үміткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық табысы уәкілетті органмен есептеледі.
      27. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын белгілегенде, бір мекен-жайы бойынша тіркелген және шаруашылықты ортақ жүргізетін, бірге тұратын оның барлық мүшесі есепке алынады.
      28. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысына, тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға, ақшалай немесе заттай түрде алынған, алу көздеріне қарамастан Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерден алынған табыстардың барлық түрлері кіреді.
      29. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жиынтық табысты есептегенде отбасы табысының, тұрғын үй көмегінен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегінен, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік балалар жәрдемақысынан, бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақысынан, біржолғы әлеуметтік төлемдер мен мектептерде балалардың тегін тамақтануына әлеуметтік көмегінен басқа, барлық түрлері ескеріледі.
      Отбасының жиынтық табысын есептегенде, қызметкермен еңбек қызметінен нақты алынған табысы кіреді.
      Ескерту. 29-тармағы өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.03.27 № 183 шешімімен.
      30. Егер жиынтық табысты белгілеу осы Қағидамен реттелмеген болса, онда жиынтық табысы, балаларға жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын қолданыстағы есептеу тәртібіне сәйкес белгіленеді.

4. Жергілікті жылытумен жеке тұрғын үйлерде тұратын
отбасыларға (азаматтарға) материалдық көмек беру тәртібі

      Ескерту. 4-тарау шығарылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007.01.18 № 330 шешімімен.

5. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу

      33. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      34. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтеріне төлеуге, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысына тұрғын үй көмегі аударым түрде беріледі және азаматтың арызы бойынша, үй иесіне немесе жалдаушыға (жалға берушіге) есептелген сомаға қарағанда коммуналдық қызметтерге төлеу және тұрғын үй көмегіне төлемін кеміту ретінде қызмет берушілердің шоттарына есептеледі.
      Ескерту. 34-тармағы өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.03.27 № 183 шешімімен.
      35. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы, алушының келісімі бойынша өтініш берушінің екінші деңгейдегі банкте жеке шотына немесе қызмет берушілерге аударылады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.03.27 № 183 шешімімен.
      36. Уәкілетті орган есептелген төлемдер сомасын көрсетумен тұрғын үй көмегін алушылардың тізімін жасайды және ай сайын өтеу үшін қаржы органына жиынтық ведомостарды тапсырады.
      37. Қаржы органдар, тапсырылған ведомостар негізінде, бюджетте қарастырылатын қаржы бөлу есебінен уәкілетті органға қаражат өтеуді төлем тапсырыстармен жасайды.

О Правилах оказания жилищной помощи

Решение Костанайского городского маслихата Костанайской области от 6 октября 2006 года № 304. Зарегистрировано управлением юстиции города Костаная Костанайской области 27 октября 2006 года № 9-1-58. Утратило силу - Решением Костанайского городского маслихата Костанайской области от 31 марта 2010 года № 276

      Сноска. Утратило силу - Решением Костанайского городского маслихата Костанайской области от 31.03.2010 № 276.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Костанайский городской Маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи.
      2. Решения Костанайского городского Маслихата от 22 апреля 2003 года № 239 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи и Правил исчисления совокупного дохода" (регистрационный номер 2215, газета "Костанай" от 29 мая 2003 года № 5), от 12 ноября 2003 года № 9 "О внесении изменения в решение Костанайского городского Маслихата от 22 апреля 2003 года № 239 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи и Правил исчисления совокупного дохода" (регистрационный номер 2591, газета "Костанай" от 27 ноября 2003 года № 135), от 17 февраля 2004 года № 34 "О внесении изменений и дополнений в решение Костанайского городского Маслихата от 22 апреля 2003 года № 239 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи и Правил исчисления совокупного дохода" (регистрационный номер 2812, газета "Костанай" от 25 марта 2004 год № 33) считать утратившими силу.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Председатель сессии, депутат
      по избирательному округу № 2

      Исполняющая обязанности
      секретаря городского Маслихата

Утверждены         
решением Маслихата   
от 6 октября 2006 года 
№ 304           

Правила оказания жилищной помощи

1. Общие положения

      1. Жилищная помощь и компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон являются одной из форм социальной защиты населения.
      2. Жилищная помощь предоставляется малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон подключенный к городской сети телекоммуникаций.
      3. Право на жилищную помощь имеют семьи (граждане) постоянно проживающие в городе Костанае и являющиеся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища.
Право на компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон имеют граждане, являющиеся абонентами городских сетей телекоммуникаций.
      4. Жилищная помощь и компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон назначается физическим лицам при превышении фактических расходов на оплату содержания жилища, потребления коммунальных услуг и услуг связи доли предельно допустимых затрат на эти цели.
      Доля предельно допустимых расходов на содержание жилья и оплату коммунальных услуг не применяется при расчете размера жилищной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, лицам, приравненным к ним, статус которых определен статьями 6, 8 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним". Данным категориям граждан компенсируется сто процентов расходов коммунальных услуг и содержание жилья в пределах установленных норм
      Сноска. Пункт 4 с изменениями согласно решений маслихата города Костаная Костанайской области от 18.01.2007 № 330 , от 22.05.2008 № 94 .
      5. Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилья, потребления коммунальных услуг и услуг связи устанавливается в размере пятнадцати процентов к совокупному доходу семьи (гражданина).
      Оплата содержания жилья и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы производится на общих основаниях.
      Сноска. Пункт 5 с изменением согласно решений маслихата города Костаная Костанайской области от 18.01.2007 № 330 , от 14.12.2007 № 31 .
      6. Норма площади жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами, составляет восемнадцать квадратных метров полезной площади жилища на человека плюс девять квадратных метров на семью, но не менее однокомнатной квартиры. Для одиноко проживающих граждан, в пределах тридцати квадратных метров независимо от занимаемой площади, для участников и инвалидов Великой Отечественной войны - тридцать шесть квадратных метров полезной площади жилища, для лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны - восемнадцать квадратных метров, но не более занимаемой площади.
      Сноска. Пункт 6 в редакции решения маслихата города Костаная Костанайской области от 22.05.2008 № 94 .
      7. Нормативы потребления коммунальных услуг, обеспечиваемых компенсационными мерами для потребителей, не имеющих приборов учета (тепловая энергия, водоснабжение, газ, канализация, электроэнергия, мусороудаление) устанавливаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Если нормативы и тарифы на содержание жилья и потребление коммунальных услуг не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам.
      9. Расходы, принимаемые к расчету для потребителей, имеющих приборы учета потребления коммунальных услуг, определяются по фактическим затратам за предыдущий квартал или за последний квартал, в котором услуги оказывались в полном объеме, на основании показаний приборов учета, но не более установленных норм расхода коммунальных услуг для потребителей, не имеющих прибора учета.
      10. Возмещение расходов по оплате электроэнергии производятся по фактическим затратам, но не более ста десяти киловатт на семью, проживающую в однокомнатной квартире, ста двадцати киловатт - в двухкомнатной и ста пятидесяти киловатт - в трехкомнатной квартире, для семей (граждан) пользующихся электронагревателями воды или электроплитами дополнительно сорок пять киловатт на человека, но не более фактического потребления.
      Сноска. Пункт 10 в редакции решения маслихата города Костаная Костанайской области от 27.03.2009 № 183 (порядок введения в действие см. п. 2).

2. Порядок назначения жилищной помощи

      11. Лица, имеющие право на получение жилищной помощи и компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон подают в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Костаная" (далее - уполномоченный орган) следующие документы:
      1) заявление;
      2) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      3) исключен;
      4) копия плана квартиры;
      5) копию договора найма (аренды) для нанимателей (поднанимателей) жилища (один раз в год);
      6) копию книги регистрации жильцов или иной документ, подтверждающий место проживания;
      7) сведения о доходах за квартал предшествующий кварталу обращения, самостоятельно занятые граждане заявляют доход в письменном виде;
      8) исключен;
      9) копию договора об оказании услуг связи городской сети телекоммуникаций или квитанция - счет за услуги телекоммуникации (один раз в год).
      Сноска. Пункт 11 с изменением согласно решения маслихата города Костаная Костанайской области от 14.12.2007 № 31 .
      11-1. Участники и инвалиды Великой Отечественной войны, лица, приравненные к ним, для назначения жилищной помощи предоставляют следующие документы:
      заявление;
      копию удостоверения участника и инвалида Великой Отечественной войны или документа, подтверждающего статус лица, приравненного по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копию плана квартиры;
      5) копию книги регистрации граждан или иной документ, подтверждающий место проживания.
      Сноска. Пункт 11-1 в редакции решения маслихата города Костаная Костанайской области от 22.05.2008 № 94 .
      11-2. Сведения о наличии или отсутствии жилья предоставляются уполномоченным органом по регистрации недвижимости по запросу уполномоченного органа один раз в год на момент первичного обращения гражданина за жилищной помощью, кроме участников и инвалидов Великой Отечественной войны и лиц приравненных к ним. Данные о фактических расходах потребления коммунальных услуг потребителям, имеющим приборы учета, предоставляются коммунальными службами города по запросу уполномоченного органа.
      Сноска. Пункт 11-2 в редакции решения маслихата города Костаная Костанайской области от 22.05.2008 № 94 .
      12. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки в уполномоченный орган. После сверки подлинники документов возвращаются заявителю. Работники уполномоченного органа заверяют копии документов и формируют их в дело.
      13.Лица, имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома), сдающие жилые помещения в наем (аренду) или поднаем, утрачивают право на получение жилищной помощи.
      Эта норма не распространяется на лиц, участвовавших в свое время, в приватизации жилья, проживая с родителями или детьми и в случае расторжения брака между супругами.
      14. Не имеют права на получение жилищной помощи и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон семьи, если в них имеются трудоспособные лица, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в службе занятости в качестве безработных. Исключение составляют:
      1) лица, достигшие возраста пятидесяти шести лет женщины и шестидесяти одного года мужчины;
      2) граждане, находящиеся на стационарном лечении более одного месяца;
      3) граждане больные туберкулезом, имеющие онкологические и психические заболевания, состоящие на постоянном учете в лечебных учреждениях и имеющие заключение врачебно-консультационной комиссии о временной нетрудоспособности;
      4) учащиеся и студенты, слушатели и курсанты дневной формы обучения, включая магистратуру и аспирантуру;
      5) граждане, занятые уходом за инвалидами первой группы, детьми - инвалидами до восемнадцати лет, лицами, старше восьмидесяти лет, детьми в возрасте до семи лет;
      6) самостоятельно занятые граждане.
      15. Жилищная помощь и компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон не назначается, если один или несколько членов семьи в квартале предшествующем обращению, являлись неработающими и не были зарегистрированы в службе занятости в качестве безработных.
      16. Семьи, имеющие безработных членов семьи, без уважительных причин отказавшихся от предложенной работы или трудоустройства, от участия или самовольно прекративших участие в общественных работах, обучении или переобучении, теряют право на получение жилищной помощи сроком до шести месяцев.
      17. Получатели жилищной помощи и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон несут ответственность за достоверность предоставленных документов и должны информировать о любых изменениях, влияющих на начисление жилищной помощи, а также о случаях ее неверного начисления в течение десяти дневного срока.
      18. В случае предоставления недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной выплаты, полученная жилищная помощь и компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон в полном объеме подлежит возврату бюджет. В добровольном порядке путем возврата перечисленных выплат, а в случае отказа - в судебном порядке.
      По решению комиссии по оказанию адресной социальной помощи получатель жилищной помощи лишается права на ее получение сроком до одного года за предоставление недостоверных сведений для назначения жилищной помощи и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон повлекших за собой выплату завышенной или незаконной жилищной помощи.
      Сноска. Пункт 18 с изменением согласно решения маслихата города Костаная Костанайской области от 18.01.2007 № 330 .
      19. Решение о назначении жилищной помощи и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон принимается уполномоченным органом. В спорных вопросах решение принимается комиссией по оказанию адресной социальной помощи (далее - комиссия).
      20. По результатам рассмотрения предоставленных документов заключается договор между
собственником или нанимателем (поднанимателем) жилища и уполномоченным органом.
      21. Жилищная помощь и компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон назначается пенсионерам и инвалидам сроком на период отопительного сезона, остальным категориям граждан сроком на текущий квартал с месяца подачи документов (за исключением первого квартала, когда в связи с окончанием отопительного сезона назначается до окончания отопительного сезона). Прием документов осуществляется в течение месяца, отчетность готовиться к 5 числу следующего месяца, выплата назначенного пособия производится за истекший месяц.
      Сноска. Пункт 21 с изменениями согласно решений маслихата города Костаная Костанайской области от 14.12.2007 № 31 , от 27.03.2009 № 183 (порядок введения в действие см. п. 2).
      22. При изменении доли предельно допустимых расходов семьи на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг, доходов семьи, а так же тарифов на коммунальные услуги и абонентской платы за телефон уполномоченным органом производится перерасчет ранее начисленной суммы. В случае смерти получателя перерасчет производится по день смерти.
      Сноска. Пункт 22 с изменением, внесенным решением маслихата города Костаная Костанайской области от 27.03.2009 № 183 (порядок введения в действие см. п. 2).
      23. Гражданам, получающим жилищную помощь и имеющим доходы (заработная плата, пенсия, государственные пособия или иные доходы), но не оплачивающим коммунальные услуги в период получения жилищной помощи, по решению комиссии выплата прекращается до полного погашения задолженности за указанный период.
      24. Размер жилищной помощи рассчитывается, как разница между суммой начисленной по тарифам за содержание жилья, потребление коммунальных услуг и компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон в пределах норм, обеспечиваемых компенсационными мерами и предельно допустимым уровнем расходов данной семьи на эти цели.
      25. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон осуществляется путем включения разницы увеличения абонентской платы за телефон, определяемой как разницу между действующим тарифом и тарифом, сложившимся по состоянию на сентябрь 2004 года, в сумму расходов на содержание жилища и потребления коммунальных услуг

3. Исчисление совокупного дохода

      26. Совокупный доход семей (гражданин) претендующих на получение жилищной помощи исчисляется уполномоченным органом.
      27. При определении совокупного дохода семьи (гражданина) в составе семьи учитываются все ее члены, совместно проживающие, ведущие общее хозяйство и зарегистрированные по одному месту жительства.
      28. В совокупный доход семьи (гражданина) включаются все виды доходов, полученных в Республике Казахстан и за ее пределами, независимо от источников получения, полученные в денежной или натуральной форме, за квартал предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи.
      29. При исчислении совокупного дохода для назначения жилищной помощи учитываются все виды доходов семьи, за исключением жилищной помощи, государственной адресной социальной помощи, государственного детского пособия семьям, имеющим детей до 18 лет, единовременного пособия на рождение ребенка, единовременных социальных выплат и социальной помощи на бесплатное питание детей в школах.
      При исчислении совокупного дохода семьи включаются доходы от трудовой деятельности, фактически полученные работником.
      Сноска. Пункт 29 с изменением, внесенным решением маслихата города Костаная Костанайской области от 27.03.2009 № 183 (порядок введения в действие см. п. 2).
      30. В случае если определение совокупного дохода не урегулировано настоящими Правилами, то совокупный доход определяется в соответствии с действующим порядком исчисления совокупного дохода семьи, претендующей на получение пособия на детей.

4. Порядок предоставления материальной помощи
семьям (гражданам), проживающим в индивидуальных
жилых домах с местным отоплением

      Сноска. Глава 4 исключена решением маслихата города Костаная Костанайской области от 18.01.2007 № 330 .

5. Финансирование и выплата жилищной помощи

      33. Финансирование жилищной помощи осуществляется за счет средств местного и республиканского бюджета.
      34. Жилищная помощь на оплату содержания жилья и коммунальных услуг, компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон предоставляется в безналичной форме и зачисляется по заявлению гражданина на счета услугодателей, как уменьшение платежа за содержание жилья и оплату коммунальных услуг по сравнению с суммой, начисленной собственнику или нанимателю (поднанимателю) жилья.
      Сноска. Пункт 34 с изменением, внесенным решением маслихата города Костаная Костанайской области от 27.03.2009 № 183 (порядок введения в действие см. п. 2).
      35. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон с согласия получателя перечисляется на индивидуальный счет заявителя в банке второго уровня или услугодателям.
      Сноска. Пункт 35 в редакции решения маслихата города Костаная Костанайской области от 27.03.2009 № 183 (порядок введения в действие см. п. 2).
      36. Уполномоченный орган составляет списки получателей жилищной помощи с указанием сумм начисленной выплаты и ежемесячно предоставляет сводные ведомости финансовому органу для возмещения.
      37. Финансовые органы на основании представленных ведомостей платежными поручениями производят возмещение средств уполномоченному органу за счет ассигнований, предусматриваемых в бюджете.