"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихатының 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 183 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 сәуірде № 9-1-125 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 276 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 31.03.2010 № 276 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына , "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешіміне (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-58, 2006 жылғы 3 қарашадағы № 125 "Қостанай" газеті, бұрын "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 330 шешімімен , Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-64, 2007 жылғы 1 наурыздағы № 17 "Қостанай" газеті, "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 31 шешімімен , Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-94, 2008 жылғы 5 ақпандағы № 9 "Қостанай" газеті, "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәслихаттың 2008 жылғы 22 мамырдағы № 94 шешімімен , Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-1-106, 2008 жылғы 24 маусымдағы № 48 "Қостанай" газеті, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электр қуатына төлеу шығындарын өтеу нақты шығындар бойынша жүргізіледі, бірақ бір бөлмелі пәтерде - жүз он киловаттан, екі бөлмелі пәтерде – жүз жиырма киловаттан, үш бөлмелі пәтерде тұратын отбасына – жүз елу киловаттан көп болмау керек, электр су жылытқыштарын немесе электр плиталарын пайдаланатын отбасылар (азаматтар) үшін әр адамға қосымша қырық бес киловатт, бірақ нақты тұтынудан аспау қажет.";
      21-тармақта "Құжаттарды қабылдау ай бойы жүзеге асырылады, есептілік әр айдың 24-ші жұлдызына дайындалады." деген сөйлем "Құжаттарды қабылдау ай бойы жүзеге асырылады, есептілік келесі айдың 5-ші жұлдызына дайындалады, тағайындалған жәрдемақыны төлеу өткен ай үшін жасалады." деген сөйлеммен ауыстырылсын;
      22-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Алушы қайтыс болған жағдайда қайта есептеу қайтқан күнін қоса жүргізіледі.";
      29-тармақта "атаулы әлеуметтік көмегінен," деген сөздерден кейін "18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік балалар жәрдемақысынан," деген сөздермен толықтырылсын;
      34-тармақта "Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтеріне төлеуге" деген сөздерден кейін", телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысына" деген сөздермен толықтырылсын;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы, алушының келісімі бойынша өтініш берушінің екінші деңгейдегі банкте жеке шотына немесе қызмет берушілерге аударылады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы,
      Қалалық мәслихат хатшысы                   С. Төкенов
 

КЕЛІСІЛДІ:

"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы                              В. Рубинский

"Қостанай қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы                              Л. Кураева

"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы                              Н. Дорошок

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады