Қазақстан Республикасындағы Орман кодексінің 42 бабының 3 тармағына сәйкес, облыс әкімиятының ұсынысын қарай келіп, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеті үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізаттарды және өзге де орман ресурстарын жинау нормаларының шегі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың
хатшысы
Оңтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2006 жылғы 29 қыркүйектегі
N№25/286-III шешіміне қосымша
Оңтүстік қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры
аумағынан жеке тұлғалардың өз қажеті үшін жабайы өскен
жемістерді, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектерді,
дәрілік шикізаттарды және өзге де орман ресурстарын
жинау нормаларының шегі
р/с |
Орман ресурстарының түрлері |
Бір адамның жинау нормасының шегі, кг. |
1. |
Жабайы жемістер:
|
Бір түрінен 5,0 кг, бірақ әр түрінен 15,0 кг-нан көп емес |
2. |
Грек жаңғағы |
1,0 |
3. |
Саңырауқұлақтар |
3,0 |
4. |
Жабайы жидектер:
|
Бір түрінен 2,0 кг, бірақ әр түрінен 6,0 кг-нан көп емес |
5. |
Дәрілік шикізаттар: оның ішінде шөптер, гүлдер, бүршіктер, тамырлар, тамыр жуашықтары |
Бір түрінен 1,0 кг, бірақ әр түрінен 3,0 кг-нан көп емес |
6. |
өзге орман ресурстары:
шеңгел сыпырғы дайындау үшін |
2,0 |