Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеті үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізаттарды және өзге де орман ресурстарын жинау нормаларының шегін бекіту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 25/286-III шешімі.Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2006 жылғы 9 қазанда N 1941 тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы Орман кодексінің  42 бабының  3 тармағына сәйкес, облыс әкімиятының ұсынысын қарай келіп, облыстық мәслихат  ШЕШТІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеті үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізаттарды және өзге де орман ресурстарын жинау нормаларының шегі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
       Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                                     

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы  

Оңтүстік Қазақстан       
облыстық мәслихаттың      
2006 жылғы 29 қыркүйектегі  
N№25/286-III шешіміне қосымша 

Оңтүстік қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры
аумағынан жеке тұлғалардың өз қажеті үшін жабайы өскен
жемістерді, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектерді,
дәрілік шикізаттарды және өзге де орман ресурстарын
жинау нормаларының шегі

р/с

Орман ресурстарының түрлері

Бір адамның жинау нормасының шегі, кг.

1.

Жабайы жемістер:
долана, алша, өрік, алма, жиде

Бір түрінен 5,0 кг, бірақ әр түрінен 15,0 кг-нан көп емес

2.

Грек жаңғағы

1,0

3.

Саңырауқұлақтар

3,0

4.

Жабайы жидектер:
қара бүлдірген, бөріқарақат, қарақат

Бір түрінен 2,0 кг, бірақ әр түрінен 6,0 кг-нан көп емес

5.

Дәрілік шикізаттар: оның ішінде шөптер, гүлдер, бүршіктер, тамырлар, тамыр жуашықтары

Бір түрінен 1,0 кг, бірақ әр түрінен 3,0 кг-нан көп емес

6.

өзге орман ресурстары:
қамыс 

шеңгел сыпырғы дайындау үшін

 
5,0

2,0

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады