Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - ШҚО мәслихатының 2007.12.31 № 01-557/01-06 хатымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41 бабының 5 тармағына сәйкес және өнім өндіруді тоқтатқандықтан "Семей-Су" жабық акционерлік қоғамынан Семей қаласының бюджетіне салық және төлемдердің түсу көлемінің азаюына байланысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
"Облыстық бюджет пен облыстың қалалары мен аудандары бюджеттерінің арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 9/104-ІІІ шешіміне (тіркеу нөмірі 2093, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 8 қаңтардағы N 3 - 4, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 8 қаңтардағы N 2 - 3 сандарында жарияланды, 2005 жылғы 18 қазандағы N 13/181-ІІІ, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 29 қазандағы N 165-166, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 29 қазандағы N 109 сандарында жарияланды, 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 15/206-ІІІ-гі өзгерістерімен және толықтыруларымен, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 191, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 122-123 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1)
2-1-тармақта:
бірінші абзацтағы "333560" сандары "229560" сандарымен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "254312" сандары "150312" сандарымен ауыстырылсын;
2.
Осы шешім 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Шығыс Қазақстан облыстық |