Қазақстан Республикасы магистральды құбыр көлігі қызметкерлерінің ведомстволық марапаты туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 42 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4545 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 116 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің 2011.07.11 № 116 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысы 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз P040001237
      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағын беру туралы нұсқаулық;
      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы мен бейнесі;
      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағын беру туралы куәліктің үлгісі.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшесінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі қарамағындағы ұйымдардың назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы 
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің 
2007 жылғы»12 ақпандағы 
N 42 бұйрығымен бекітілген

  Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері
атағын беру туралы нұсқаулық

      1. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағы магистральды құбыр көлігі жүйесінде кемінде 10 жыл жұмыс істеген ұйымдардың озат жұмысшыларына және қызметшілеріне беріледі:
      1) магистральды құбыр көлігін дамытуға елеулі үлес қосқан;
      2) көп жылғы мінсіз де адал еңбегі үшін;
      3) магистральды құбыр көлігі саласында халықаралық жобаларды іске асырудағы жетістіктері үшін;
      4) жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері, халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін.
      Жаңа техниканы және технологияны жасаудағы, енгізудегі әрі игерудегі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың озық нысандарын енгізудегі жетістіктері үшін, апаттарды жою және адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі, бастамасы үшін жұмыс өтілі ескерілмейді.
      Магистральды құбыр көлігін дамытудағы белсенді ынтымақтастығы және септестігі үшін басқа салалардың қызметкерлеріне, шетелдік мамандарға "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағы берілуі мүмкін.

      2. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағын беру магистральды құбыр көлігі ұйымдары басшыларының қолдаухаттары (ұсынымдары) бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің бұйрығымен жүргізіледі.
     "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағын беру туралы қолдаухат үміткерді, оның ішінде сіңірген еңбектерін сипаттаушы материалдармен бірге Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне ұсынылады.

      3. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағы берілген адамдарға омырауға тағатын белгі және атақ берілгені туралы куәлік тапсырылады.

      4. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" омырауға тағатын белгісі омыраудың оң жағына тағылады.

      5. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" омырауға тағатын белгілерінің жоғалғандары орнына телнұсқалары берілмейді.

      6. Атақты беру туралы куәлік жоғалған жағдайда, марапатталушы жұмыс істейтін (жұмыс істеген) ұйымдар басшыларының қолдаухаты бойынша куәліктің телнұсқасы беріле алады. 

                                            Қазақстан Республикасы
                                          Энергетика және минералдық
                                            ресурстар министрінің
                                           2007 жылғы»12 ақпандағы
                                          N 42 бұйрығымен бекітілген

"Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"
омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы мен бейнесі

      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" омырауға тағатын белгісі сегіз бұрышты жұлдыз пішінді.
      Белгінің өңбетінде:
      белгі ортаңғы шеңберінің ортасында бозғылт астарда жылтыр шығыңқы бедермен құбыр және сұйыққойма бейнеленген;
      сыртқы көмкерме шеңберде көк астарда жылтыр шығыңқы әріптермен " МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫР КӨЛІГІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ"  деген жазу орналастырылған;
      жұлдыз сәулелерінің түйіскен жерлері көк түспен айшықталған;
      ортаңғы шеңбер мен сыртқы шеңбер жиек ернеумен көмкерілген;
      сыртқы көмкерме шеңбердің ернеуінен белгінің шет-шетіне дейін дөңес тік сызықтар бейнеленген.
      Белгінің теріс бетінде:
      ұсақ бұдырлы бозғылт беттің ортасында жылтыр шығыңқы әріптермен " ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ"  деген жазу орналастырылған;
      ұсақ бұдырлы бозғылт беттің төменгі бөлігінде белгінің реттік (сериялық) нөмірі нақыштау әдісімен салынған.
      Белгі сары түсті металл - жезден дайындалған.
      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" белгісі өткізгіштің және шығыршықтың көмегімен Қазақстан Республикасының туы түсті (көк) таспалы тік бұрышты пішінді қалыппен (тақташамен) қосылады, қалыптың төменгі бөлігінде лавр бұтақшалары бейнеленген.
      Белгінің бекітпесі шүріппелі құлпы бар түйреуіш.     

"Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"
омырауға тағатын белгісінің бейнесін қағаз мәтіннен қараңыз

                                           Қазақстан Республикасы
                                          Энергетика және минералдық
                                            ресурстар министрінің
                                           2007 жылғы 12 ақпандағы
                                          N 42 бұйрығымен бекітілген

       "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"
             атағын беру туралы куәліктің үлгісі

                          Куәлік N
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрінің 200__ жылғы "___" ___________________ N ____ бұйрығымен
"Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағы берілді

      Министр

О ведомственной награде работников магистрального трубопроводного транспорта Республики Казахстан

Приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 12 февраля 2007 года N 42. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 февраля 2007 года N 4545. Утратил силу приказом Министра нефти и газа Республики Казахстан от 11 июля 2011 года № 116

      Сноска. Утратил силу приказом Министра нефти и газа РК от 11.07.2011 № 116.

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 11 постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года N 1105 "Вопросы Министерства энергетики минеральных ресурсов Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ: См. P040001105

      1. Утвердить прилагаемые:
      Инструкцию о присвоении звания "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері";
      Описание и изображение нагрудного знака "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері";
      Образец удостоверения о присвоении звания "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері".

      2. Департаменту нефтяной промышленности Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, в установленном законодательством порядке:
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) довести настоящий приказ до сведения всех структурных подразделений Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан и организаций, находящихся в ведении Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр

Утверждена                      
приказом Министра энергетики    
и минеральных ресурсов          
Республики Казахстан            
от 12 февраля 2007 года N 42    

  Инструкция о присвоении звания
"Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"

      1. Звание "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" присваивается передовым рабочим и служащим организаций, проработавшим в системе магистрального трубопроводного транспорта не менее 10 лет:
      1) внесшим значительный вклад в развитие магистрального трубопроводного транспорта;
      2) за многолетний безупречный и добросовестный труд;
      3) за достижения в реализации международных проектов в сфере магистрального трубопроводного транспорта;
      4) за высокие показатели и достижения, успехи в развитии международного сотрудничества.
      За достижения в создании, внедрении и освоении новой техники и технологии, внедрении прогрессивных форм организации труда и управления, за мужество, инициативу, проявленные при ликвидации аварии и спасении людей, стаж работы не учитывается.
      Звание "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" может присваиваться работникам других отраслей, зарубежным специалистам за активное сотрудничество и содействие в развитии магистрального трубопроводного транспорта.

      2. Присвоение звания "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" производится приказом министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан по ходатайствам (представлениям) руководителей организаций магистрального трубопроводного транспорта.
      Ходатайство о присвоении звания "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" вместе с материалами, характеризующими кандидата, в том числе заслуги, представляется в Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан.

      3. Лицам, которым присвоено звание "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері", вручаются нагрудный знак и удостоверение о присвоении звания.

      4. Нагрудный знак "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" носится на правой стороне груди.

      5. Дубликаты нагрудных знаков "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" взамен утерянных не выдаются.

      6. В случае утери удостоверения о присвоении звания по ходатайству руководителей организаций, где работает (работал) награжденный, может быть выдан дубликат удостоверения.

Утверждена                      
приказом Министра энергетики    
и минеральных ресурсов          
Республики Казахстан            
от 12 февраля 2007 года N 42    

  Описание и изображение нагрудного знака
"Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"

      Знак "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" имеет форму восьмиконечной звезды.
      На аверсе знака:
      в центре средней окружности знака на матированном фоне блестящим выступающим рельефом изображены трубопровод и резервуар;
      на внешней обрамляющей окружности на синем фоне блестящими выступающими буквами размещена надпись "МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫР ҚӨЛІГІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ";
      стыки лучей звезды выделены синим цветом;
      средняя окружность и внешняя обрамляющая окружность обрамлены бортиками;
      от бортика внешней обрамляющей окружности до краев знака изображены выпуклые прямые линии.
      На реверсе знака:
      в центре по поверхности, покрытой мелкозернистым матированием, блестящими выступающими буквами размещена надпись "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ";
      в нижней части по поверхности, покрытой мелкозернистым матированием, способом гравировки выполнен порядковый (серийный) номер знака.
      Знак изготовлен из металла желтого цвета - латунь.
      Знак "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" при помощи ушка и кольца соединяется с колодкой (планкой) прямоугольной формы, с лентой (синего) цвета флага Республики Казахстан, в нижней части планки изображены лавровые ветви.
      Крепление знака представляет собой иглу с визорным замком.

См. бумажный вариант

Изображение нагрудного знака "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"

Утвержден                       
приказом Министра энергетики    
и минеральных ресурсов          
Республики Казахстан            
от 12 февраля 2007 года N 42    

  Образец удостоверения о присвоении звания
"Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"

      Куәлік N ____                       Удостоверение N ____
____________________________          ____________________________   
____________________________          ____________________________
____________________________          ____________________________
"МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫР ҚӨЛІГІНІҢ       Присвоено звание
  ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ"                  "МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫР ҚӨЛІГІНІҢ
Атағы берілді                        ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ"
Қазакстан Республикасы                приказом Министра энергетики и
энергетика және минералдық            минеральных ресурсов Республики
ресурстар Министрінің                 от "__" _______ 200_г.
200_жылғы" "__" _______ дегі          N ____
N _____ бұйрығымен
Министр ____________