Қазақстан Республикасы магистральды құбыр көлігі қызметкерлерінің ведомстволық марапаты туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 42 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4545 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 116 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің 2011.07.11 № 116 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысы 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз P040001237
      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағын беру туралы нұсқаулық;
      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы мен бейнесі;
      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағын беру туралы куәліктің үлгісі.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшесінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі қарамағындағы ұйымдардың назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы 
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің 
2007 жылғы»12 ақпандағы 
N 42 бұйрығымен бекітілген

  Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері
атағын беру туралы нұсқаулық

      1. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағы магистральды құбыр көлігі жүйесінде кемінде 10 жыл жұмыс істеген ұйымдардың озат жұмысшыларына және қызметшілеріне беріледі:
      1) магистральды құбыр көлігін дамытуға елеулі үлес қосқан;
      2) көп жылғы мінсіз де адал еңбегі үшін;
      3) магистральды құбыр көлігі саласында халықаралық жобаларды іске асырудағы жетістіктері үшін;
      4) жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері, халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін.
      Жаңа техниканы және технологияны жасаудағы, енгізудегі әрі игерудегі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың озық нысандарын енгізудегі жетістіктері үшін, апаттарды жою және адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі, бастамасы үшін жұмыс өтілі ескерілмейді.
      Магистральды құбыр көлігін дамытудағы белсенді ынтымақтастығы және септестігі үшін басқа салалардың қызметкерлеріне, шетелдік мамандарға "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағы берілуі мүмкін.

      2. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағын беру магистральды құбыр көлігі ұйымдары басшыларының қолдаухаттары (ұсынымдары) бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің бұйрығымен жүргізіледі.
     "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағын беру туралы қолдаухат үміткерді, оның ішінде сіңірген еңбектерін сипаттаушы материалдармен бірге Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне ұсынылады.

      3. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағы берілген адамдарға омырауға тағатын белгі және атақ берілгені туралы куәлік тапсырылады.

      4. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" омырауға тағатын белгісі омыраудың оң жағына тағылады.

      5. "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" омырауға тағатын белгілерінің жоғалғандары орнына телнұсқалары берілмейді.

      6. Атақты беру туралы куәлік жоғалған жағдайда, марапатталушы жұмыс істейтін (жұмыс істеген) ұйымдар басшыларының қолдаухаты бойынша куәліктің телнұсқасы беріле алады. 

                                            Қазақстан Республикасы
                                          Энергетика және минералдық
                                            ресурстар министрінің
                                           2007 жылғы»12 ақпандағы
                                          N 42 бұйрығымен бекітілген

"Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"
омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы мен бейнесі

      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" омырауға тағатын белгісі сегіз бұрышты жұлдыз пішінді.
      Белгінің өңбетінде:
      белгі ортаңғы шеңберінің ортасында бозғылт астарда жылтыр шығыңқы бедермен құбыр және сұйыққойма бейнеленген;
      сыртқы көмкерме шеңберде көк астарда жылтыр шығыңқы әріптермен " МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫР КӨЛІГІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ"  деген жазу орналастырылған;
      жұлдыз сәулелерінің түйіскен жерлері көк түспен айшықталған;
      ортаңғы шеңбер мен сыртқы шеңбер жиек ернеумен көмкерілген;
      сыртқы көмкерме шеңбердің ернеуінен белгінің шет-шетіне дейін дөңес тік сызықтар бейнеленген.
      Белгінің теріс бетінде:
      ұсақ бұдырлы бозғылт беттің ортасында жылтыр шығыңқы әріптермен " ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ"  деген жазу орналастырылған;
      ұсақ бұдырлы бозғылт беттің төменгі бөлігінде белгінің реттік (сериялық) нөмірі нақыштау әдісімен салынған.
      Белгі сары түсті металл - жезден дайындалған.
      "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" белгісі өткізгіштің және шығыршықтың көмегімен Қазақстан Республикасының туы түсті (көк) таспалы тік бұрышты пішінді қалыппен (тақташамен) қосылады, қалыптың төменгі бөлігінде лавр бұтақшалары бейнеленген.
      Белгінің бекітпесі шүріппелі құлпы бар түйреуіш.     

"Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"
омырауға тағатын белгісінің бейнесін қағаз мәтіннен қараңыз

                                           Қазақстан Республикасы
                                          Энергетика және минералдық
                                            ресурстар министрінің
                                           2007 жылғы 12 ақпандағы
                                          N 42 бұйрығымен бекітілген

       "Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері"
             атағын беру туралы куәліктің үлгісі

                          Куәлік N
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрінің 200__ жылғы "___" ___________________ N ____ бұйрығымен
"Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері" атағы берілді

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады