Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Десаулық сақтау министрінің 2008.07.04 N 392 Бұйрығымен .
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
орындау үшін және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлер мамандықтарын есепке алу, даярлау, реттеу мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасы бекітілсін.
2. "Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 маусымдағы
N 458
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2391 тіркелген) және "Денсаулық сақтау кадрларына жатқызылған медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің лауазымдары мен мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" 2003 жылғы 20 маусымдағы
N 463
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2404 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 10 қаңтардағы
N 9
(нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3420 тіркелген, 2005 жылы N 9-13, 29 бабы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтар актілер бюллетенінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Н.Қ.Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М.Мұхамеджанов) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т.Омаровқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы»12»ақпандағы
N 97 бұйрығымен бекітілген
Медицина және фармацевтика мамандықтарының
номенклатурасы
Жоғары білімді медицина қызметкерлерінің
мамандықтары
1.1. Терапиялық бейін
1. Терапия (жасөспірімдер терапиясы)
2. Жалпы дәрігерлік практика/Отбасылық медицина
3. Кардиология
4. Ревматология
5. Аллергология және иммунология
6. Гастроэнтерология
7. Гематология
8. Пульмонология
9. Эндокринология
10. Нефрология
11. Фтизиатрия
12. Кәсіби аурулар
13. Жұқпалы аурулар
14. Дерматовенерология (венерология, дерматология, дерматокосметология)
15. Неврология
16. Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология)
17. Медициналық реабилитологиясы, қалпына келтіру емдеу (физиотерапия, емдік дене шынықтыру)
18. Сәулелі терапия
19. Сәулелі диагностика (рентгенология, радиология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография және рентгенхирургия, эндоскопия)
20. Функционалдық диагностика (эндоскопия, ультра-дыбыстық диагностика, эхография, электрокардиография, эхоэнцефалографиясы, тамырлардың ультра-дыбыстық диагностикасы)
21. Клиникалық зертханалық диагностика (жалпы клиникалық зерттеулер, клиникалық биохимия, гематология, коагулогия, цитология, генетика, молекулярлы биология, бактериология, иммунология, изосерология, вирусология, микология, паразитология, токсикология)
22. Спорттық медицина
23. Гериатрия
24. Клиникалық фармакология
25. Дәстүрлі емес терапия (рефлексотерапия, мануальды терапия, су-джок-терапиясы, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)
26. Әуе және ғарыш медицинасы
27. Диетология
28. Жедел және шұғыл медициналық көмек (төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы, балаларға жедел және шұғыл медициналық көмек)
29. Анестезиология және реаниматология (экстракорпоралдық детоксикация, гипербариялық оксигенация)
30. Хирургия (жалпы, торакалдық, абдоминалдық, пластикалық, жақсүйек-бет, трансплантологиялық, проктологиялық, нейрохирургиялық, ангиохирургиялық, кардиохирургиялық, микрохирургиялық)
31. Онкология (маммология, онкология-гинекология, онкология-хирургия)
32. Травматология-ортопедия (камбустиология)
33. Урология және андрология
34. Офтальмология
35. Оториноларингология
36. Патологоанатомия
37. Трансфузиология
38. Токсикология
39. Педиатрия
40. Неонатология
41. Балалар аллергологиясы және иммунологиясы
42. Балалар гастроэнтерологиясы
43. Балалар гематологиясы
44. Балалар кардиологиясы
45. Балалар ревматологиясы
46. Балалар пульмонологиясы
47. Балалар эндокринологиясы
48. Балалар дерматовенерологиясы (дерматология)
49. Балалар жұқпалы аурулары
50. Балалар нефрологиясы
51. Балалар неврологиясы
52. Балалар психиатриясы
53. Балалар психотерапиясы
54. Балалар фтизиатриясы
55. Балалар хирургиясы (жалпы, торакалдық, абдоминалдық, пластикалық, жақсүйек-бет, трансплантологиялық, нейрохирургиялық, ангиохирургиялық, кардиохирургиялық, микрохирургиялық)
56. Балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы (экстракорпоралдық детоксикация жөніндегі, гипербариялық оксигенация)
57. Балалар травматологиясы және ортопедиясы (камбустиология)
58. Балалар урологиясы
59. Балалар онкологиясы
60. Балалар оториноларингологиясы
61. Балалар офтальмологиясы
62. Балалар патологоанатомиясы
63. Балалар токсикологиясы
64. Балалар эндоскопиясы
65. Балалар медициналық реабилитологиясы, қалпына келтіру емдеу (физиотерапия, емдік дене шынықтыру)
1.4. Акушер-гинекологиялық бейін
66. Акушерлік және гинекология
67. Балалар гинекологиясы
68. Медициналық генетика
69. Стоматология
70. Балалар стоматологиясы
71. Стоматология-ортодонтия
72. Стоматология-хирургия
73. Балалар стоматология-хирургиясы
74. Стоматология-ортопедия
75. Стоматология-терапия
76. Балалар стоматология-терапиясы
1.6. Медициналық-алдын алу (санитарлық-гигиеналық), медицина-биологиялық және биологиялық бейін
77. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер (статистикасы, әдістемесі)
78. Денсаулық сақтау менеджменті
79. Еңбек гигиенасы
80. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
81. Тамақ гигиенасы
82. Жалпы гигиена
83. Коммуналдық гигиена
84. Радиациялық гигиена
85. Гигиена және эпидемиология
86. Медбике ісі
87. Бактериология
88. Вирусология
89. Кибернетика
90. Эпидемиология
91. Дезинфекция
92. Зертхана ісі
93. Паразитология
94. Радиобиология
95. Гигиена және токсикология
96. Медициналық қызмет сапасының сараптамасы
97. Әскери-дәрігерлік сараптама
98. Сот-медициналық сараптама
99. Сот-психиатриялық сараптама
100. Сот-наркологиялық сараптама
101. Медициналық-әлеуметтік сараптама
102. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
103. Дәрілік заттар сараптамасы
2. Жоғары білімді фармацевтика
қызметкерлерінің мамандықтары
104. Фармация (фармацияның провизор-менеджері, провизор-ұйымдастырушы (фармацияның фармацевт-менеджері/фармацевт-ұйымдастырушы), провизор-технолог (фармацевт-технолог), провизор-талдаушы (фармацевт-талдаушы), провизор-фармакогност (фармацевт-фармакогност)
3. Орта білімді медицина және фармация
қызметкерлерінің мамандықтары
105. Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі)
106. Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практикалық фельдшер)
107. Акушерлік іс (акушер, жалпы практикалық акушер)
108. Гигиена және эпидемиология (гигиенашы-эпидемиолог дәрігердің көмекшісі, санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігердің көмекшісі, зертханашы дәрігердің көмекшісі, зертханашы, дезинфекционист дәрігердің көмекшісі, паразитолог дәрігердің көмекшісі)
109. Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматологтың ассистенті)
110. Ортопедиялық стоматология (тіс технигі)
111. Медбике ісі (медбике, маманданған медбике, медициналық статистик, жалпы практикалық медбике)
112. Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт)