Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3420. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсалық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 97 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсалық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы   N 97   (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
________________________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

     1. "Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 маусымдағы N 458  бұйрығына  (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2391 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасында:
     1. Дәрігерлік лауазымдар номенклатурасы бөлімінде:
     6-тармақ алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы 160, 161-тармақтармен толықтырылсын:
     "160. Сот-наркологиялық сарапшы дәрігер
     161. Әуе және ғарыш медицинасы жөніндегі дәрігер;";
     2. Дәрігерлік мамандықтардың номенклатурасы бөлімінде:
     мынадай мазмұндағы 141, 142, 143-тармақтармен толықтырылсын:
     "141. Денсаулық сақтау менеджер-дәрігері
     142. Сот-наркологиялық сарапшы дәрігер
     143. Әуе және ғарыш медицинасы жөніндегі дәрігер.".

     2. "Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары және орта білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 463  бұйрығына  (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2404 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары және орта білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің мамандықтары мен лауазымдарының тізбесінде:

     1. Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары білімді фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің мамандықтары бөлімінде:

     мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
     "27. Денсаулық сақтау менеджері";

     2. Денсаулық сақтау кадрларына жататын орта білімді медицина, фармацевтика, инженерлік-техника қызметкерлерінің мамандықтары бөлімінде:
     6, 11, 18, 19-тармақтар алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
     "20. Медициналық статистик (медбике/фельдшер)";

     2, 3, 4, 5, 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Фельдшер
     3. Акушер
     4. Гигиенист-эпидемиолог дәрігердің көмекшісі
     5. Тіс дәрігері (дантист)
     9. Фармацевт (фармацевтің ассистенті)
     10. Медбике";

     3. Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің лауазымдары бөлімінде:
     1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) провизор-меңгерушісі
     2. Фармацевтикалық қызмет объектісі (дәріхана ұйымының) меңгерушісінің орынбасары
     3. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) бөлім меңгерушісі
     4. Провизор-тағылымдамашы
     5. Провизор-менеджер
     6. Провизор-талдаушы
     7. Провизор-технолог
     8. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) провизоры";
     мынадай мазмұндағы 21, 22-тармақтармен толықтырылсын:
     "21. Денсаулық сақтау менеджері
     22. Телемедицина орталығының технигі";

     4. Денсаулық сақтау кадрларына жататын орта білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің лауазымдары бөлімінде:
     35, 42, 140-тармақтар алынып тасталсын;
     36, 37, 38, 39, 40, 41, 133-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "36. Дәріхананың фармацевт-меңгерушісі
     37. Дәріхана пунктінің фармацевт-меңгерушісі
     38. Дәріхана дүңгіршегінің фармацевт-меңгерушісі
     39. Фармацевтикалық қызмет объектісі (дәріхана ұйымының) меңгерушісінің орынбасары
     40. Фармацевтикалық қызмет объектісі (дәріхана ұйымы) бөлімінің фармацевт-меңгерушісі
     41. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) фармацеві
     133. Медициналық статистик".

     3. Медицина ғылымы, білім, медицинаны дамыту және халықаралық қатынастар департаменті (Хамзина Н.Қ.) және Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

     4. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

     5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

     6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Министрдің м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады