Денсаулық сақтау кадрларына жататын медициналық, фармацевтикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлік-техникалық қызметкерлердің мамандықтары мен лауазымдарының Тізбесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 463 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2404. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсалық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 97 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсалық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы   N 97   (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
________________________________________

      "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111-І  Заңының  62-бабын орындау және денсаулық сақтау саласы мамандықтары  мен қызметкерлерінің лауазымдарын есепке алуды ретке келтіру, дайындау, регламенттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау кадрларына жататын, жоғары және орта білімді медициналық, фармацевтикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлік-техникалық қызметкерлер мамандықтарының Тізбесі бекітілсін.
     2. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2003 жылғы 20 маусымдағы  
N 463 бұйрығымен      
бекітілген         

  Денсаулық сақтау кадрларына жататын, жоғары және орта білімді медициналық, фармацевтикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлік-техникалық қызметкерлердің мамандықтары мен лауазымдары

1. Денсаулық сақтау кадрларына жататын, жоғары білімді фармацевтикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлік-техникалық қызметкерлер мамандықтары

      Ескерту: Бөлімге толықтыру енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 9   бұйрығымен .

     1. Фармация провизор-менеджері (провизор-ұйымдастырушы)
     2. Провизор-технолог
     3. Провизор-талдаушы
     4. Провизор-фармакогност
     5. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің биологы
     6. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің зоологы
     7. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің паразитологы
     8. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің энтомологы
     9. Инженер
     10. Күрделі медициналық құралдармен қызмет көрсету жөніндегі инженер
     11. Өңдеу, ақпарат және басқару компьютерлік жүйесі инженері
     12. Күрделі медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі инженер-физигі
     13. Логопед
     14. Педагог
     15. Инженер бағдарламашы
     16. Әлеуметтік педагог
     17. Психолог (әлеуметтік психолог)
     18. ІІМ саласында, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істейтін консультант-психолог
     19. Денсаулық сақтау жүйесі мен әлеуметтік салада жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер
     20. Медициналық ақпарат жөніндегі маман
     21. Химик-талдаушы
     22. Химик-технолог
     23. Өнеркәсіптік құрал-жабдықтармен қызмет көрсету жөніндегі инженер
     24. Жалпы сараптамалық зерттеудің сот-медициналық сарапшысы, сарапшы-биолог, физик-техник, провизор, химик-токсиколог, гистолог
     25. Сот-медициналық сарапшы-химик-токсиколог (химик, провизор)
     26. Зертханашы

  2. Денсаулық сақтау кадрларына жататын, орта білімді медициналық, фармацевтикалық және инженерлік-техникалық қызметкерлер мамандықтары

      Ескерту: Бөлімге өзгерістер, толықтырулар енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 9   бұйрығымен .

     1. Зертханашы
     2. Фельдшер
     3. Акушер
     4. Гигиенист-эпидемиолог дәрігердің көмекшісі
     5. Тіс дәрігері (дантист)
     6.  алынып тасталды
     7. Стоматологтың ассистенті
     8. Тіс технигі
     9. Фармацевт (фармацевтің ассистенті)
     10. Медбике
     11.  алынып тасталды
     12. Дәрігер-зертханашының көмекшісі
     13. Оптик-офтальмолог
     14. Техник-оптик
     15. Оптикометрист
     16. Техник-электроншы
     17. Медициналық техник
     18.  алынып тасталды
     19.  алынып тасталды
     20. Медициналық статистик (медбике/фельдшер)

  3. Денсаулық сақтау кадрларына жататын, жоғары білімді медициналық, фармацевтикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлік-техникалық қызметкерлер лауазымдары

      Ескерту: Бөлімге өзгерістер, толықтырулар енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 9   бұйрығымен .

     1. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) провизор-меңгерушісі
     2. Фармацевтикалық қызмет объектісі (дәріхана ұйымының) меңгерушісінің орынбасары
     3. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) бөлім меңгерушісі
     4. Провизор-тағылымдамашы
     5. Провизор-менеджер
     6. Провизор-талдаушы
     7. Провизор-технолог
     8. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) провизоры
     9. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің биологы
     10. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің зоологы
     11. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің энтомологы
     12. Маман-валеолог (психолог, журналист, педагог)
     13. Жоғары білімді зертханашы (биологиялық зертханашы)
     14. Сот-медициналық сарапшы (биолог, гистолог, химик-токсиколог, физик-механик, физик-техник)
     15. Химик-талдаушы
     16. Химик-токсиколог
     17. Өнеркәсіптік құрал-жабдықтармен қызмет көрсету жөніндегі инженер
     18. Инженер-бағдарламашы
     19. Инженер-физик
     20. Инженер
     21. Денсаулық сақтау менеджері
     22. Телемедицина орталығының технигі

  4. Денсаулық сақтау кадрларына жататын, орта білімді медициналық, фармацевтикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық,
педагогикалық, инженерлік-техникалық қызметкерлер лауазымдары

      Ескерту: Бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 9   бұйрығымен .

     1. Фельдшерлік-акушерлік пункттің, фельдшерлік пункттің меңгерушісі
     2. Фельдшер
     3. Бөлімше (кабинет) фельдшері
     4. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияның, ауылдық учаскелік аурухананың, фельдшерлік-акушерлік пункттің, фельдшерлік пункттің фельдшері
     5. Фельдшер-нарколог
     6. Жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері
     7. Емхананың фельдшері
     8. Фельдшер-акушер
     9. Су-Джок терапия фельдшері
     10. Қан қызметі фельдшері
     11. ЖҚТБ қызметі фельдшері
     12. Білім беру ұйымдары медициналық пункттерінің фельдшері
     13. Бас акушер
     14. Босану мекемелері құрылымдық бөлімшесінің аға акушері
     15. Акушер
     16. Әйелдер консультациясының акушері
     17. Акушерлік-гинекологиялық учаскенің акушері
     18. Перзентхана бөлімшесінің акушері
     19. Санитарлық фельдшер
     20. Гигиенашы-эпидемиологтың көмекшісі
     21. Энтомологтың көмекшісі
     22. Дәрігер-паразитологтың көмекшісі
     23. Дәрігер-эпидемиологтың көмекшісі
     24. Санитарлық ағарту жөніндегі нұсқаушы
     25. Санитарлық дәрігердің жалпы гигиена жөніндегі көмекшісі
     26. Санитарлық дәрігердің коммуналдық гигиена жөніндегі көмекшісі
     27. Санитарлық дәрігердің балалар мен жасөспірімдер гигиенасы жөніндегі көмекшісі
     28. Санитарлық дәрігердің тағам гигиенасы жөніндегі көмекшісі
     29. Санитарлық дәрігердің еңбек гигиенасы жөніндегі көмекшісі
     30. Санитарлық дәрігердің радиациялық гигиена жөніндегі көмекшісі
     31. Тіс дәрігері
     32. Стоматологтің ассистенті
     33. Дантист
     34. Тіс технигі
     35.  алынып тасталды
     36. Дәріхананың фармацевт-меңгерушісі
     37. Дәріхана пунктінің фармацевт-меңгерушісі
     38. Дәріхана дүңгіршегінің фармацевт-меңгерушісі
     39. Фармацевтикалық қызмет объектісі (дәріхана ұйымының) меңгерушісінің орынбасары
     40. Фармацевтикалық қызмет объектісі (дәріхана ұйымы) бөлімінің фармацевт-меңгерушісі
     41. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) фармацеві
     42.  алынып тасталды
     43. Фармацевт - дәріхана киоскісінің меңгерушісі
     44. Фармацевт - дәріхана пунктінің меңгерушісі
     45. Фармацевт - дәріхана меңгерушісінің орынбасары
     46. Фармацевт - дәріхана меңгерушісі
     47. Жалпы практика/отбасылық медицина мейірбикесі
     48. Емдеу-алдын алу мекемесінің бас мейірбикесі
     49. Мейірбике-бике ісінің оқытушысы
     50. Емдеу-алдын алу мекемесі құрылымдық бөлімшесінің мейірбикесі
     51. Әлеуметтік сала мейірбикесі
     52. Емханалардың учаскелік мейірбикесі
     53. Косметолог-эстетист мейірбике
     54. Емдік тағам жөніндегі мейірбике
     55. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мейірбике
     56. Қабылдау бөлімінің (бөлімшесінің) мейірбикесі
     57. Анықтама бюросының мейірбикесі, медициналық тіркеуші
     58. Пост мейірбикесі
     59. Емшара кабинетінің мейірбикесі
     60. Палата мейірбикесі
     61. Учаскелік мейірбике
     62. Массаж кабинетінің мейірбикесі
     63. Емдік денешынықтыру жөніндегі мейірбике
     64. Кан қызметінің мейірбикесі
     65. ЖҚТБ қызметінің мейірбикесі
     66. Иммундық алдын алу мейірбикесі
     67. Білім беру ұйымдары медициналық пункттерінің мейірбикесі
     68. Еңбек терапиясы жөніндегі мейірбике
     69. Еңбек жөніндегі нұсқаушы мейірбике
     70. Орталықтандырылған стерилдеу бөлімшесінің мейірбикесі
     71. Гинекологиялық бейіндегі мейірбике
     72. Перзентхана мейірбикесі
     73. Әйелдер консультациясының мейірбикесі
     74. Терапиялық бейіндегі мейірбике
     75. Сурдологиялык бейіндегі мейірбике
     76. Отоларинологиялық бейіндегі мейірбике
     77. Ортопедиялық бейіндегі мейірбике
     78. Неврологиялық бейіндегі мейірбике
     79. Нейрохирургиялық бейіндегі мейірбике
     80. Наркологиялық бейіндегі мейірбике
     81. Психоневрологиялық бейіндегі мейірбике
     82. Эндокринологиялық бейіндегі мейірбике
     83. Диабеттік аяқ басы кабинетінің мейірбикесі
     84. Кәсіби ауру бейініндегі мейірбике
     85. Нефрологиялық бейіндегі мейірбике
     86. Гастроэнтерологиялық бейіндегі мейірбике
     87. Пульмонологиялық бейіндегі мейірбике
     88. Ревматологиялық бейіндегі мейірбике
     89. Кардиологиялық бейіндегі мейірбике
     90. Гематологиялық бейіндегі мейірбике
     91. Аллергологиялық бейіндегі мейірбике
     92. Урологиялық бейіндегі мейірбике
     93. Физиотерапиялық бейіндегі мейірбике
     94. Фтизиатриялық бейіндегі мейірбике
     95. Онкологиялық бейіндегі мейірбике
     96. Дерматовенерологиялық бейіндегі мейірбике
     97. Инфекциялық бейіндегі мейірбике
     98. Педиатриялық бейіндегі мейірбике
     99. Неонатологиялық бөлімше (кабинет) мейірбикесі
     100. Хирургиялық бейіндегі мейірбике
     101. Травматологиялық бейіндегі мейірбике
     102. Эндоскопиялық бейіндегі мейірбике
     103. Проктологиялық бейіндегі мейірбике
     104. Қарқынды емдеу палаталарының мейірбикесі
     105. Реаниматология және анестезиология, оның ішінде балалар бөлімшесінің анестезист мейірбикесі
     106. Офтальмологиялық бейіндегі мейірбике
     107. Күйік бөлімшесінің мейірбикесі
     108. Торакальдық бөлімшенің (кабинеттің) мейірбикесі
     109. Стоматологиялық бейіндегі мейірбике
     110. Операциялық мейірбике
     111. Функциялық диагностика бөлімшесінің мейірбикесі
     112. Сәулелік диагностика бөлімшесінің мейірбикесі
     113. Зертханашы
     114. Аға зертханашы
     115. Клиникалық зертханашы
     116. Қан қызметінің зертханашысы
     117. ЖҚТБ қызметінің зертханашысы
     118. Тіс протезі бөлімшесінің (кабинетінің) зертханашысы
     119. Сот-медициналық сараптау зертханашысы
     120. Фельдшер зертханашы
     121. Бактериалогиялық зертхананың фельдшер зертханашысы (зертханашы)
     122. Паразитологиялық зертхананың фельдшер зертханашысы (зертханашы)
     123. Аса қауіпті жұқпалар зертханасының фельдшер зертханашысы (зертханашы)
     124. Санитарлық-гигиеналық зертхананың фельдшер зертханашысы (зертханашы)
     125. Нейрофизиологиялық зертхананың зертханашысы
     126. Патопсихологиялық зертхананың зертханашысы
     127. Клиникалық-диагностикалық зерттеулер жөніндегі зертханашы
     128. Биохимиялық зерттеулер жөніндегі зертханашы
     129. Гистологиялық зерттеулер жөніндегі зертханашы
     130. Рентген бөлімшесінің (кабинетінің) зертханашысы
     131. Зертханашы (фельдшер-зертханашы) медициналық генетик
     132. Зертханашы (фельдшер- зертханашы) иммунолог
     133. Медициналық статистик
     134. Техник-оптик
     135. Оптик-офтальмолог
     136. Оптикометрист
     137. Медициналық аппараттармен қызмет көрсету жөніндегі медициналық техник
     138. Нұсқаушы-дезинфектор
     139. Дезинфектор
     140.  алынып тасталды
     141. Техник-физик

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады