Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу мәселесі бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4175 тіркелген) Агенттік Басқармасының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4365 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің әрбір жүйесінде меншік иегерлерінің және эмитенттің бірдей құқығы мен міндеттерін растайтын бағалы қағаздардың бір түрі бойынша есепке алу жүзеге асырылады. Бір түрі бойынша бағалы қағаздарды есепке алу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің әр түрлі жүйесінде жүзеге асырылмайды.";
31-тармақ "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздерден кейін ", бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінің деректеріне негізделіп," деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Мәмілені жасау үшін тараптардың біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) қажет болған жағдайда, тіркеуші осындай рұқсаттың болуын растайтын құжатқа сұраныс жасайды.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Бағалы қағаздарды мұраға алу жағдайында тіркеуші мұрагер және оның өкілі берген сәйкес бұйрығы, мұраға құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, мұрагер өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар және тізілімдер жүйесінде мұрагердің немесе оның өкілінің жеке шоты болмаған жағдайда, осы Ереженің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операциясын жүргізеді.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Тіркеуші орталық депозитарийден және эмитенттен қажетті ақпаратты ақпараттық операцияны жүргізуге бұйрықты алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей сұрайды. Орталық депозитарий және (немесе) эмитент тіркеуші ұсынған мәліметтерге аталған ақпаратты ұсынбаған жағдайда, ұсынылған ақпарат тізілім жүйесін құрайтын мәліметтер негізінде құралды деген жазба енгізіледі.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу үшін бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді тіркеуші егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілмеген жағдайда ол жасалған күннен бастап, жиырма төрт сағаттан кешіктірілмеген мерзімде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін акционерлер тізімін беруді тіркеуші ол жасалған күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмеген мерзімде жүзеге асырады.
Егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілген жағдайда, бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу үшін акционерлер тізілімін беруді немесе бағалы қағаздары номиналды ұстауда болып табылатын акционерлер туралы өзге ақпаратты ұсынуды тіркеуші ол жасалған күннен бастап жиырма сегіз күнтізбелік күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.";
54-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы заңнамасын бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жүйесі деректері негізінде мәмілені жасау нәтижесінде бұзу;";
мынадай мазмұндағы 54-1 тармақпен толықтырылсын:
"54-1. Шаруашылық серіктестіктің қатысушыларын қалыптастыру, жүргізу және сақтау тіркеушінің ішкі құжаттарына және шаруашылық серіктестіктің тіркеушімен жасалған шартына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстандық Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға