Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 қазанда № 9803 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 249 (01.01.2019 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге ұсынсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 27 тамыздағы
№ 167 қаулысымен
бекітілген

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) және "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі – тізілімдер жүйесі) жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шот;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық-бағдарламалық кешен қолданыла отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

      3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi – бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгiлi бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы;

      4) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты – бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын тiзiлiмдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмiлелердi тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

      5) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

      6) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

      7) операциялық күн – тiркеушi бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тiркеудi және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі;

      8) инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шоты – инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын тiзiлiмдер жүйесiндегi жеке шот;

      9) ортақ өкілдің жеке шоты – бірнеше адамға меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) есепке алу жүзеге асырылатын тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот;

      10) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған, сондай-ақ Қағидалардың 46 және 47-тармақтарына сәйкес осы шотқа аударылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

      11) тiзiлiмдер жүйесiндегi операция – нәтижесі тiзiлiмдер жүйесіне деректерді енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тiзiлiмдер жүйесінен ақпаратты дайындау және беру болып табылатын тiркеушi iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;

      12) тіркеуші – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

      13) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      14) ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – ұстаушы (ұстаушылар) ақы төлеген, бірақ ұстаушы (ұстаушылар) тиісті бұйрықты (бұйрықтарды) ұсынбауына байланысты оның (олардың) жеке шотына (шоттарына) есепке алынбаған, орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;

      15) ішкі бақылау – тіркеушінің органдары және уәкілетті қызметкерлері жүзеге асыратын, тіркеушінің, оның бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге, тіркеуші қызметінің нәтижелері туралы дәйекті есептілікті беруге, тіркеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және тіркеушінің ішкі құжаттарын сақтауына, сондай-ақ тіркеушінің органдарын және басшы қызметкерлерін тіркеушінің қызметіне тән тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етуге бағытталған рәсімдер жиынтығы;

      16) электрондық құжат – ақпараты электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      17) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық нышандар терімі;

      18) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары;

      19) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін тiзiлiмдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Тiркеушi iшкi бақылауды тiркеушiнің басқару органы бекіткен, мыналар:

      1) iшкi бақылау объектісі;

      2) тiркеушiнің iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын талаптар;

      3) тiркеушiнің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жүзеге асыратын iшкi бақылау рәсімдері, оларды жүргізудің мерзімдері мен тәртібі;

      4) тiркеушiнің iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерінің тiркеушiнің органдарын iшкi бақылаудың нәтижелері туралы хабардар етуінің тәртібі және мерзімдері айқындалатын өзінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Тiркеушiнің басқару органы ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметінің ішкі аудит саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.

      Ішкі аудит қызметінің қызметі мәселелері бойынша тiркеушiнің басқару органы бекіткен ішкі құжаттарында мыналар:

      ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;

      ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;

      ішкі аудит объектісі;

      ішкі аудит қызметінің тексерістерді жүргізу ауқымы мен жиілігі;

      ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;

      ішкі аудит қызметінің тіркеушінің басқару органына тексерістердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну мерзімдері мен нысандары айқындалады.

      5. Тіркеушінің ішкі бақылауды және (немесе) ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлері ішкі бақылаудың және (немесе) ішкі аудиттің объектісі болып табылатын қызметтің түрлерін жүзеге асырмайды.

      6. Тіркеушінің операциялық күні бір күн ішіндегі жұмыс уақытының кемінде жеті сағатын құрайды.

      7. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленушілерге не орталық депозитарийге жеке шоттар ашылады.

      Жеке шотты ашу тіркеуші "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген тиісті тексеру шараларын қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

      Тізілімдер жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шоттарда меншік құқығымен орталық депозитарийге тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары), сондай-ақ клиенттерінің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынады.

      8. Тiркеушiнiң тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру бойынша iс-әрекетi эмитент, бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген тіркеуші және бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушы ұсынған мәлiметтердi қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден, тiзiлiмдер жүйесіне енгізуден тұрады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Тiзiлiмдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды:

      1) операцияларды жүргізу бұйрықтары;

      2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер (жүргізілген операциялар туралы хабарламалар);

      3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;

      4) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың не осы Қағидалардың 17-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген, заңды тұлға болып табылатын тіркелген тұлға ұсынған құжаттардың көшiрмелерi;

      5) мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарттарының көшiрмелерi оларға енгiзiлген барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бірге;

      6) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген Қағидалардың 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 36, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      7) эмитенттен (бұрынғы тiркеушiден) тiркеушi алған және тiркеушi шарттың қолданылу кезеңінде эмитентке жіберген құжаттар;

      8) уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептерді бекіту туралы хабарламаларының көшiрмелерi;

      9) операцияларды тіркеу журналы;

      10) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;

      11) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;

      12) сенімхаттарды есепке алу журналы;

      13) жiберiлетін құжаттарды тіркеу журналы;

      14) мұрағатты жүргізу журналы;

      15) бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау-өткiзу актiлері.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      10. Тiзiлiмдер жүйесінде мынадай:

      1) эмитент туралы, оның iшiнде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы және эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымдары туралы;

      2) инвестициялық пай қорының атауы туралы;

      3) тіркелген тұлғалар, олардың жеке шоттарының нөмiрлерi, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың өкiлдерi туралы;

      4) жеке шоттарда есепке алынатын бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық сәйкестендіру нөмiрi туралы;

      5) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы;

      6) бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) сенімгерлік басқаруға берілген тұлғалар туралы;

      7) тiзiлiмдер жүйесінде жүргiзiлетін операциялар және оларды жүргізу негiздерi туралы;

      8) тiзiлiмдер жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау және өткізу туралы;

      9) тiркеушi бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) бұйрығын орындаған жағдайда мәмiленiң сомасы туралы;

      10) пайдасына бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғалар туралы және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар бойынша оларға берілген құқықтар туралы мәліметтер қамтылады.

      11. Тізілімдер жүйесінде эмитент туралы мынадай мәліметтер болады:

      1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және бар болса нөмірі, эмитенттің БСН-ы;

      3) орналасқан жері, почталық мекен-жайы;

      4) телефон, факс нөмірлері және басқа байланыс құралдары;

      5) эмитенттің атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты.

      12. Тізілімдер жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздары туралы мынадай мәліметтер болады:

      1) бағалы қағаздар шығарылымдарының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің күні мен нөмірі (бұрын берілген куәліктердің күндері мен нөмірлерін көрсете отырып) және бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауы;

      2) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, шығару нысаны, оның ішінде бағалы қағаздарды айырбастау туралы ақпарат;

      3) инвестициялық пай қорының пайларын қоспағанда, жарияланған бағалы қағаздар саны;

      4) орналастырылған бағалы қағаздар саны;

      5) облигациялардың (исламдық бағалы қағаздардың) номиналдық құны;

      6) облигациялардың (исламдық бағалы қағаздардың) айналыс мерзімі және оларды өтеу күні;

      7) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептер бекітілген күн, бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептер бекітілген күн (есепті кезең аяқталған күн).

      Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерге өзгерістер мен толықтыруларды эмитенттің тиісті құжаттарына оларды енгізген және (немесе) уәкілетті органнан бағалы қағаздардың шығарылымына, айналысына, өтелуіне және (немесе) жойылуына қатысты жаңа құжаттар алған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде эмитент тіркеушіге береді.

      Эмитент тізілімдер жүйесін құрайтын, облигацияларды өтеу күні туралы мәліметтерге толықтыруларды облигациялардың осы шығарылымының проспектісінде облигацияларды өтеудің нақты күні болмаған жағдайда, облигацияларды өтеу күні айқындалғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тіркеушіге береді.

      13. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі шартты (бұдан әрі - шарт) жасау кезінде эмитент ұсынған құжаттар негізінде тіркеуші тізілімдер жүйесіне эмитент туралы мәліметтерді енгізеді және оған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот ашады.

      Инвестициялық пай қорының пайларын есепке алу үшін тіркеуші инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар негізінде инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шотын ашады:

      жарғының көшірмесі;

      инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;

      пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      инвестициялық пай қоры қағидаларының көшірмесі;

      инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;

      жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол болған кезде), мынадай мәліметтер:

      тіркеушінің атауы;

      инвестициялық пай қорының атауы;

      құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;

      басқарушы компания өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжат деректері;

      осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау;

      жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығы бар кастодиан өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол бар болса), мынадай мәліметтер:

      тіркеушінің атауы;

      инвестициялық пай қорының атауы;

      басқарушы компанияның атауы;

      инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;

      кастодиан өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжат деректері;

      осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды растау кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің жеке шотына есепке алуды тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі мен бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің көшірмесі негізінде жүзеге асырады.

      15. Инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алу үшін инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шотындағы пайлардың санын өзгерту кастодиан растаған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Орналастыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотына аударылады, пайлардың дәл осындай саны инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алу үшін инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шотында көрсетіледі.

      Сатып алу немесе айырбастау кезінде пайлар ұстаушының жеке шотынан есептен шығарылады, инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алу үшін инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шотында орналастырылған пайлар санының азаюы көрсетіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Тізілімдер жүйесінде жеке тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:

      1) жеке шот ашу бұйрығы;

      2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (құжаттар почта байланысымен немесе курьер арқылы ұсынылған жағдайда) немесе инвестициялық пай қорының пайларын иеленуге өтінімнің көшірмесі қоса беріле отырып жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (басқарушы компания тіркеушіге пайларды иеленуге өтінім берген жеке тұлғаның атынан құжаттар берген жағдайда).

      Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жеке тұлғаға электрондық құжат нысанында жеке шот ашуға бұйрықты беру кезінде жеке тұлғаның электрондық бұйрығына осы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

      17. Заңды тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:

      1) жеке шотты ашуға бұйрық;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;

      3) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері мен заңды тұлғаның мөрінің таңбасы (ол болған кезде) құжатта мынадай мәліметтер болады:

      тіркеушінің атауы;

      заңды тұлғаның атауы;

      заңды тұлға өкілінің лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;

      осы құжатта бар қол қою үлгілері заңды тұлғаның жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Жеке тұлға немесе оның өкілі Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды тіркеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не почта байланысымен немесе курьер арқылы жібереді.

      Заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) оның өкілі Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не почта байланысымен немесе курьер арқылы жібереді.

      Басқарушы компанияға пайларды иеленуге өтінім берген тұлғаға жеке шот ашылған жағдайда, егер инвестициялық пай қорының қағидаларында көзделген болса, Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тіркеушіге беруді басқарушы компания жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Қағидалардың 16 және 17-тармақтарының талаптары:

      1) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленуші - тіркелген тұлғаға, номиналды ұстау жүйесінде осы тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынған номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда, орталық депозитарийдің жеке шотты ашу жөніндегі бұйрығының және номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негізінде жеке шот ашқан кезде;

      2) тіркеуші соттың атқару парағын орындау мақсатында тіркелген тұлғаға жеке шот ашқан кезде;

      3) қаржы ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда тіркелген тұлғаға жеке шот ашқан кезде қолданылмайды.

      Осы тармақтың ережелері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда қолданылады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Егер бағалы қағаздарға меншік құқығы бірнеше тұлғаға тиесілі болса, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот олардың ортақ өкілінің жеке шот ашуға бұйрығы негізінде ортақ меншіктің барлық қатысушыларының оны сайлау туралы жазбаша келісімін қоса бере отырып ашылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Жеке шотты ашу (жабу) бұйрығына жеке тұлға немесе оның өкілі не заңды тұлғаның, оның ішінде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының өкілі қол қояды және онда мынадай мәліметтер болады:

      1) заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты);

      2) инвестициялық пай қорының атауы;

      3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;

      4) жеке тұлғаның туған күні;

      5) заңды тұлғаны (инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың күні немесе заңды тұлғаны (инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің күні және нөмірі;

      6) заңды тұлғаның (инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының) орналасқан жері, почталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), банк деректемелері;

      7) жеке тұлғаның тұрғылықты жері, пошталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), банктік деректемелері;

      8) жеке тұлғаның салық резиденттігі туралы мәліметтер.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген орталық депозитарийдің бұйрығында Қағидалардың 21-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Эмитентті, оның басқаруындағы инвестициялық пай қорларының орналастырылған пайларын есепке алуға қатысты инвестициялық портфельді басқарушыны, орталық депозитарийді және ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілін қоспағанда, тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде бір жеке шоты болады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Тіркеуші жеке шотқа жеке нөмір береді.

      Жеке шотта:

      1) жеке шот ашу бұйрығына сәйкес тіркелген тұлға;

      2) бағалы қағаздардың саны, түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;

      3) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары;

      4) ауыртпалық салынған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);

      5) пайдасына бағалы қағаздарына ауыртпалық салынған (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар жөніндегі құқық тиесілі тұлғалар;

      6) бұғатталған бағалы қағаздар саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);

      7) осы жеке шот бойынша жүргізілген операциялар;

      8) тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген көлемдегі сенімгерлік басқарушы;

      9) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздар саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) туралы мәліметтер болады.

      25. Орталық депозитарийдің номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздарды есепке алу жүргізілетін жеке шотында Қағидалардың 24-тармағының 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрсетілмейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларды есепке алуға арналған жеке шотында инвестициялық пай қорының, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат қамтылады және Қағидалардың 24-тармағының 1), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат қамтылмайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда инвестициялық пай қорының жеке шоттарын басқару инвестициялық пай қорының кастодианына көшеді және тіркеушінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу жолымен ресімделеді.

      28. Жеке шотта жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) операция түрі;

      2) оның жүргізілген күні және уақыты;

      3) операцияны жүргізу негізі;

      4) операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;

      5) бағалы қағаздардың саны, түрі, ұлттық сәйкестендіргіш нөмірі немесе оларға қатысты операция жүргізілген эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны және сәйкестендіргіші.

      29. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде меншік иегерлерінің және эмитенттің бірдей құқығы мен міндеттерін куәландыратын бағалы қағаздардың бір түрі бойынша есепке алу жүзеге асырылады.

      30. Бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тізілімдер жүйесінде тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу жолымен жасалады.

      Айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу осы эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіпте орталық депозитарий беретін сәйкестендіргіш бойынша тіркеуші жүзеге асырады.

      Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарындағы эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының сандық мәні (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде оларды оқшаулау бойынша операциялар жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) осы талап ету құқығы туындаған эмиссиялық бағалы қағаздардың санына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Тіркеуші тізілімдер жүйесінде операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

      1) жеке шоттар бойынша операциялар;

      2) ақпараттық операциялар.

      32. Жеке шоттар бойынша операцияларға мыналар жатады:

      1) жеке шот ашу;

      2) тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәлiметтердi өзгерту;

      3) бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);

      4) эмитенттің орналастырылған акциялары (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санының ұлғаюына байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялар санының ұлғаюы туралы жазбаларды енгізу;

      5) бағалы қағаздарға ауыртпалық салу (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) және ауыртпалық салуды алып тастау;

      6) бағалы қағаздарды оқшаулау (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және оқшаулауды алып тастау;

      7) сенiмгерлiк басқарушы туралы жазбаны енгізу және сенiмгерлiк басқарушы туралы жазбаны алып тастау;

      8) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);

      9) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;

      10) эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;

      11) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жою;

      12) бағалы қағаздарды өтеу;

      13) жеке шотты жабу.

      33. Ақпараттық операцияларға мыналар жатады:

      1) белгілі бір күнге және уақытқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін (акционерлердің тізімін) жасау және беру;

      2) жеке шоттан үзінді-көшірмелер жасау және беру;

      3) белгілі бір күнге және уақытқа эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама жасау және беру;

      4) есептер, хабарламалар мен анықтамалар дайындау және беру.

      Бұрынғы тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізген күнге тіркеуші беретін ақпарат пен құжаттар бұрынғы тіркеуші берген құжаттарға сәйкес жасалады және тек қана сот шешімінің негізінде өзгертілуі мүмкін.

      34. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығында мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) бұйрықтың нөмірі және тіркелген күні;

      2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

      3) инвестициялық пай қорының атауы;

      4) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;

      5) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;

      6) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші;

      7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздар саны;

      8) бағалы қағаздарға қатысты белгілі бір іс-әрекеттер жасауға нұсқау;

      9) мәміленің түрі;

      10) мәміленің мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер (бар болса). Осы ақпарат бағалы қағаздарға ақы төлеу ақшамен жүзеге асырылатын бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асыруға арналған бұйрықты беру кезінде міндетті тәртіппен көрсетіледі.

      Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығына мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды және егер мәміленің тарабы заңды тұлға болып табылса, мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.

      Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығына оның өкілі қол қояды, мөрмен (ол болған кезде) расталады, сондай-ақ инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не кастодиан инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығын өзінің жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында растауын тіркеушіге жіберу жолымен растайды.

      Тіркеушіге ұсынылатын бұйрықтардың, сондай-ақ басқарушы компанияның бұйрығын кастодиан растауының нысаны мен мазмұны тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

      Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында бұйрықтарды беру тәртібі мен талаптары, сондай-ақ олардың форматтары тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалады. Тіркеушінің орталық депозитариймен электрондық құжат айналымының форматтары екіжақты келісімдермен айқындалады.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлу бұйрығында мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) бұйрықтың нөмірі және тіркелген күні;

      2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

      3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;

      4) тіркелген тұлғаның жеке шотының нөмiрi;

      5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық сәйкестендіру нөмiрi;

      6) орналастырылған акциялар санының ұлғаюына байланысты жүргізілген операцияның пропорциясы (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде);

      7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздар саны;

      8) орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайтуға арналған нұсқау;

      9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.

      Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкілетті адамы қол қояды және эмитенттің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілінің жеке шоты бойынша операциялар жүргізілген жағдайда тіркеушіге ортақ меншіктің барлық қатысушыларының операция жүргізуге жазбаша келісімі ұсынылады.

      37. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректеріне қарай мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бұйрықтарға қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері, заңды тұлғаның мөр таңбасы (ол бар болса) бар құжатта немесе мәміле тарабы не сенімхат бойынша өкілдері болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта (түпнұсқасында немесе нотариат куәландырған көшірмесінде) көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Тіркеуші электрондық құжат нысанында берілген бұйрықтар, өкімдер негізінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаларды тексереді.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      38. Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ашылған жеке шоттар бойынша Қағидалардың 32-тармағының 2), 3), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды, басқарушы компанияның инвестициялық пай қоры қызметін тоқтатқан кезде пайларды есептен шығаруын қоспағанда) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не, егер тіркелген тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда, Қағидалардың 17-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген құжаттарды тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Тіркелген тұлға тіркеушіге:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке тұлға үшін);

      2) Қағидалардың 17-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды (заңды тұлға үшін) ұсынғанға дейін Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шот бойынша тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын қоспағанда, Қағидалардың 32-тармағының 2), 3), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар жүргізілмейді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Жеке шотта қамтылған тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту операциясын тіркеуші осы өзгерістерді растайтын құжаттар және (немесе) тіркелген тұлғадан, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясынан алынған ақпарат негізінде тіркеушінің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен жүргізеді.

      Жеке шотта қамтылған, пайларды ұстаушы болып табылатын тіркелген тұлға туралы мәліметтерді (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) және (немесе) заңды тұлғаның атауын өзгерту туралы мәліметтерді қоспағанда) өзгерту операциясы, егер ол инвестициялық пай қорының қағидаларында тіркеушінің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен көзделсе, осы өзгерістерді растайтын, басқарушы компания тіркеушіге берген тіркелген тұлғаның құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке жазу) операцияларын тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тіркеу туралы қарсы бұйрықтарды және Қағидалардың 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 65, 66 және 69-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті өзге құжаттарды алған кезде жүргізеді.

      Егер мәміле тараптарының біріне оны жасау үшін осындай келісімді (рұқсатты) беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органның рұқсаты (келісімі) талап етілетін болса, тіркеуші осындай келісімнің болуын растайтын құжатты сұратады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің талабы бағалы қағаздар сенімгерлік басқаруға берілген кезде тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде жүргізетін операцияларға қатысты да қолданылады.

      Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      41-1. Тіркеуші кепілге қойылған бағалы қағаздар бойынша меншік құқығының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) басқа тұлғаға өтуін тіркеу операциясын жүргізген жағдайда, Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттардан басқа, пайдасына бағалы қағаздарға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған кепіл ұстаушының оларды иеліктен алуға келісімі ұсынылады.

      Егер ұсынылған кепіл ұстаушының бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеліктен алуға келісімінде кепілді сақтап қалу талабы қамтылатын болса, осындай бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару, есепке жазу және ауыртпалық салу операциялары кепілге ауыртпалық салудың туындауын немесе басқа тұлғаға өтуін растайтын құжат қосымша ұсынылған жағдайда жүргізіледі.

      Ескерту. 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      42. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан оларға тиесiлi, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екiншi деңгейдегi банктердің (бұдан әрі – банктер) акцияларын есептен шығару және осы акцияларды уәкiлеттi органның шотына есепке жазу операциялары Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3576 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысымен бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға мiндеттi түрде сату ережесінің 6-тармағында айқындалған тәртіпте қабылданған қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның шешiмi негiзiнде тiркеледi.

      43. Тіркеуші эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент уәкілетті органның эмитент жүргізген айырбастау туралы хабарламасының көшірмесін және мынадай құжаттардың бірінің:

      1) эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің;

      2) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспарының;

      3) егер эмитент дәрменсіз борышкер болса, Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған оңалту жоспарының көшірмесін ұсынған кезде жүргізеді.

      Тіркеуші эмитенттің тіркелген тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарын оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару мен оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазу және жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан есептен шығару мен оларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке жазу жолымен эмитенттің бағалы қағаздарды айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негiзiнде жүргізеді.

      Эмитенттің кредиторлары алдындағы ақшалай міндеттемелерді оның жай акцияларына конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бойынша операцияны тіркеуші эмитенттің жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шотынан есептен шығару және оларды осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарына сәйкес эмитенттің кредиторларына ашылған жеке шоттарға есепке жазу арқылы эмитенттің ақшалай міндеттемелерді конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негiзiнде жүргізеді.

      Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін тiркеушi бір сағаттың iшiнде оған бұл туралы хабарламаны және тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан көшiрменi жібереді.

      Тіркеуші олардың айырбасталуына байланысты сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазылған облигацияларды облигациялардың шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесі негізінде жояды.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43-1. Эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлары алдындағы өзге ақшалай міндеттемелерін оның жалғыз ұстаушысы уәкілетті органның қызметі екінші деңгейдегі банктердің орнықтылығын арттыруға бағытталған еншілес ұйымы (бұдан әрі – Ұйым) болып табылатын бағалы қағаздар бойынша жай акцияларына конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бойынша операция Ұйымның хабарламасы негізінде жүргізіледі.

      Эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлары алдындағы өзге ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына конвертациялау Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

      Ескерту. 43-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Тіркелген тұлғаның Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын тіркеуші орталық депозитарийдің жеке шотынан бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және тіркелген тұлғаның Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шотына есепке алуға арналған орталық депозитарий бұйрығы негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      45. Тіркеуші эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент ұсынған бір түрдегі орналастырылған акцияларды басқа түрдегі акцияларға айырбастау туралы эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі, айырбастау талаптары, мерзімі және тәртібі анықталған ақциялар шығару проспектісіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың және эмитенттің орналастырылған акцияларды айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығының көшірмесі негізінде мынадай жолмен жүргізеді:

      1) айырбасталуға тиіс акцияларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан және эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шотынан есептен шығару және оларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу;

      2) орналастырылған акциялар айырбасталатын акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан және (немесе) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке шоттан айырбасталуы жүзеге асырылуға сай пропорцияда акциялары айырбасталуға тиіс тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есептен шығару, сондай-ақ эмитент сатып алған акциялар айырбасталатын акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан айырбасталуы жүзеге асырылуға сай пропорцияда акцияларды есептен шығару және оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу.

      Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін тiркеушi бір сағаттың iшiнде тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан үзінді көшiрменi қоса бере отырып, орталық депозитарийге бұл туралы хабарламаны жібереді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      46. Эмитенттің жеке шоты бойынша ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін мынадай операциялар жүзеге асырылады:

      эмитент ұсынатын бұйрық және талап етілмеген эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырылған тұлғалардың тізімі негізінде ұстаушылары талап етпеген орналастырылған бағалы қағаздарды есепке жазу;

      бұрын ұсынылған тізімге сәйкес эмитенттің және жеке шотына бағалы қағаздар есепке жазылатын тұлғаның қарсы бұйрықтары негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына есепке жазу;

      Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асырған эмитенттің бұйрығы және эмитент жүргізген қайта құрылымдау шеңберінде ұстаушылары талап етпеген бағалы қағаздарға эмитенттің меншік құқығын (егер мұндай құқық эмитенттің қайта құрылымдау жоспарында көзделмеген болса) тану туралы тиісті сот шешімі негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу.

      47. Егер эмитент Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес жүргізілген қайта құрылымдау процесін Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін аяқтаса, онда осы қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған және ұстаушылары қайта құрылымдау процесі аяқталғанға дейін талап етпеген эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын тіркеуші эмитенттің бұйрығы және осы бағалы қағаздарға эмитенттің меншік құқығын (егер мұндай құқық эмитенттің қайта құрылымдау жоспарында көзделмеген болса) тану туралы тиісті сот шешімі негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын эмитентті қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке жазу операциясы эмитенттің осы эмитентті қайта құрылымдау процесін жүзеге асыруға байланысты жойылған эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығарылғаннан кейін эмитенттің қайта құрылымдау жоспары болған кезде эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      49. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту операциясын тiркеушi эмитенттің берген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмелерi мен уәкiлеттi органның эмитентке берген, жарияланған акциялардың санын ұлғайту орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту есебінен жүргізілгендігіне сілтеме жасалған ілеспе хат, сондай-ақ тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару жолымен акцияларды эмитенттің тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығы негiзiнде жүргiзедi.

      50. Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайтуға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін тiркеушi бір сағаттың iшiнде оған ілеспе хатты, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн және тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан көшiрменi жібереді.

      51. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52. Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы Қағидалардың 53, 54, 55 және 56-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде құқықтарына ауыртпалық салынған және (немесе) сенімгерлік басқарудағы тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздардан ауыртпалықты алу (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және (немесе) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операцияларын жүргізу талабымен жүргізіледі.

      Тіркеуші орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша Қағидалардың 53, 54, 55 және 56-тармақтарында көзделген операциялар жүргізілгеннен кейін бір сағат ішінде оған ілеспе хатты, қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдар акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесін және тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотынан үзінді-көшірмені жібереді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Акционерлік қоғамдарды біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын тіркеуші қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың акционерлері жалпы жиналысының шешімі, біріктіру туралы шарт, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және жаңадан құрылған ұйымның бұйрығы негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және оларды қайта ұйымдастырылған акционерлік қоғамдардың тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Акционерлік қоғамды басқа акционерлік қоғамға қосу нысанында акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын тіркеуші қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың акционерлері жалпы жиналысының шешімі, қосу туралы шарт, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамының бұйрығы негізінде:

      1) қосылатын акционерлік қоғамының акцияларын кейіннен оларды жоя отырып тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан есептен шығару және оларды қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамның жеке шотына есепке жазу;

      2) қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамның акцияларын жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан және (немесе) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан есептен шығару және оларды қосылатын акционерлік қоғамның акцияларын ұстаушылары бұрын болған тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      55. Акционерлік қоғамды бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын тіркеуші акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, бөлу балансы, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және бөлу нәтижесінде құрылған акционерлік қоғамдардың бұйрықтары негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттердің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және оларды қайта ұйымдастырылатын қоғамның тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      56. Акционерлік қоғамды бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясын тіркеуші акционерлердің жалпы жиналысының бөліп шығару туралы шешімі, бөлу балансы, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және жаңадан құрылған акционерлік қоғамның (акционерлік қоғамдардың) бұйрығы (бұйрықтары) негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда тіркеуші:

      1) уәкілетті органның банктің жарияланған акцияларының санын өсіру туралы хабарламасы және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі негізінде жарияланған акцияларды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына бағалы қағаздарды есепке жазу операциясын;

      2) жарияланған акцияларды есепке алу үшін эмитенттің шотынан жарияланған акцияларды есептен шығару операциясын және Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншік иелігіне уәкілеттік берген мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің көшірмесі негізінде ұлттық басқарушы холдингтің шотына осы акцияларды есепке жазу операциясын жүргізеді.

      58. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) мұраға алу жағдайында тіркеуші тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) операциясын мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрығы, мұраға құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, мұрагер өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар және тізілімдер жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Қағидалардың 41-1, 60 және 69-тармақтарында көзделген операцияларды қоспағанда, бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының міндеттемесіне байланысты бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарды шектеуді тіркеуші бағалы қағаздарына (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының және пайдасына оларға ауыртпалық салу жүргізілетін тіркелген тұлғаның ауыртпалығы туралы қарсы бұйрықтары және бағалы қағаздарға ауыртпалық салу көзделетін шарттың түпнұсқасы немесе көшірмесі негізінде ауыртпалық салу операцияларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      Қағидалардың 60 және 69-тармақтарында көзделген операцияларды қоспағанда, тіркеуші тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалықты алып тастау операциясын мәмілеге қатысқан тұлғалардың ауыртпалықты алып тастау туралы қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында және кепіл шартында көзделген жағдайларда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын беру нәтижесінде кепілге берілген бағалы қағаздарға құқықтардың (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) басқа тұлғаға өтуін тіркеу бойынша операция мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) бағалы қағаздардан ауыртпалықты алуға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) кепіл ұстаушының бұйрығы;

      2) бағалы қағаздарға ауыртпалық салуға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) жаңа кепіл ұстаушының бұйрығы;

      3) кепілге берілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) жаңа кепіл ұстаушыға берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) егер көрсетілген келісімнің болуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе кепіл шартында көзделген жағдайда, кепілге берілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) өтуіне кепіл ұстаушының жазбаша келісімі.

      Ескерту. 59-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      60. Қазақстан Республикасының заңнамасында және кепіл туралы шартта көзделген жағдайларда кепіл беруші эмиссиялық бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқық кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде кепілге салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) соттан тыс сату рәсімдерін жүргізу үшін кепіл ұстаушы (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамы) тіркеушіге кепіл берушінің міндеттемелерді орындамағаны туралы хабарлама береді.

      Кепіл беруші хабарламадан туындайтын талаптарды қанағаттандырмаған жағдайда, бірақ оны кепіл берушіге жіберу кезінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес мерзімде кепіл ұстаушы (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамы) тіркеушіге кепілге салынған бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) сауда-саттық туралы хабарлама береді.

      Кепілге салынған бағалы қағаздарға құқықты (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) соттан тыс сату нәтижесінде ауысуын тіркеу операциясын тіркеуші Қағидалардың осы тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген хабарламалар болған жағдайда мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:

      кепіл ұстаушының (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамының) ауыртпалықты алу бұйрығы;

      кепіл ұстаушының (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамының) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) кепіл берушінің жеке шотынан есептен шығару және сатып алушының өзінің жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке жазу жөніндегі қарсы бұйрықтары;

      сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда кепіл заты болып табылатын бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) кепіл ұстаушының меншігіне айналған кезде кепіл ұстаушының (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамының) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) кепіл берушінің жеке шотына есепке жазу бұйрығы;

      сауда-саттық туралы хабарландырудың жергілікті баспада жариялануын растайтын құжаттың көшірмесі;

      жоғарыда көрсетілген хабарламалардың кепіл берушіге тапсырылуын немесе олардың тапсырыс хаттармен кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша жіберілуін растайтын құжаттардың көшірмесі;

      сауда-саттық өткізу қорытындылары туралы (сауда-саттық өтпеді деп тану туралы) құжаттың көшірмесі.

      Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      61. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау операциясын тіркеуші тізілімдер жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Атқарушылық iс жүргiзу туралы заң) 65-бабы 6-1-тармағының талаптарын ескере отырып жүргізеді.

      Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңмен көзделген жағдайларда тіркеуші тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау операциясын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі негізінде жүргізеді.

      Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңмен көзделген негіздер бойынша бұғаттауды жүзеге асыру кезінде хабарлама қаржы мониторингін жүзеге асыратын және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шаралар қабылдайтын мемлекеттік органға жіберіледі.

      Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      62. Тіркеуші айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу міндеттемелерін орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері немесе эмитенттің міндеттемелерді орындауы бойынша талап ету құқықтарын беруді тіркеу операциясын талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның жеке шотынан осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есептен шығару және пайдасына осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның жеке шотына немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын жүргізу жолымен мәмілеге қатысатын тұлғалардың қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке алу) бұйрығында Қағидалардың 34-тармағында көзделген мәліметтер қамтылады.

      Тіркеуші тізілімдер жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін не орталық депозитарийден номиналды ұстау жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркеу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәміле алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде эмитентке пайдасына талап ету құқықтарын беру жүргізілген тіркелген тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүргізілген операциялар туралы хабарламаны жібереді.

      Ескерту. 62-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63. Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын тіркеуші сенімгерлік басқару құрылтайшысының және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны сенімгерлік басқару құрылтайшысының жеке шотына енгізу туралы қарсы бұйрықтары және сенімгерлік басқару шарты негізінде жүргізеді.

      Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастауды тіркеуші мыналарға байланысты мүлікті сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушы берген сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау туралы қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді:

      сенімгерлік басқарушы-азаматтың қайтыс болуына, ол қайтыс болды деп жариялануға, ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, хабарсыз жоғалып кетті деп танылуға; сенімді басқарушы заңды тұлғаның таратылуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының хабарламасының негізінде;

      сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін болмауына байланысты сенімгерлік басқару құрылтайшысының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының хабарламасының негізінде;

      сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін болмауына байланысты сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде;

      сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, шығындар мен сыйақыны төлеу талабымен құрылтайшының шартты орындаудан бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде;

      сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, оған сыйақы төлей отырып, кепілмен ауыртпалық салынған мүлік басқаруға берілгені туралы оған хабарланбаған жағдайда сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде.

      Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаларды енгізу немесе алып тастау операциясын тіркеуші инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шоты бойынша жүргізбейді.

      Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      63-1. Мүлікті сенімгерлік басқару шартының қолданыс мерзімі аяқталған кезде (егер өзгесі мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделмесе) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастауды тіркеуші сенімгерлік басқару құрылтайшысының немесе мүлікті меншік иесінің хабарламасы мен мүлікті сенімгерлік басқару шартының негізінде жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 63-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      64. Банктер және банк қызметі туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-1-бабының 3-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның

      72-3-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған кезде тіркеуші қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органының қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімі және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны осы тіркелген тұлғаның жеке шотына енгізу туралы бұйрығы негізінде жүргiзедi.

      Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары сатылған жағдайда, тіркеуші осы акцияларды олардың меншік иесі болған тіркелген тұлғаның жеке шотынан есептен шығару және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке жазу операциясын сенімгерлік басқарушының бұйрығы және Банктер және банк қызметі туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банктік не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат негізінде жүргiзедi.

      Тіркеуші сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операциясын сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны осы тұлғаның жеке шотынан алып тастау туралы бұйрығы негізінде жүргiзедi.

      65. Акциялар шығарылымы жойылған кезде тіркеуші уәкілетті органның акциялар шығарылымының жойылғаны туралы хабарламасын алғаннан кейін акцияларды олардың ұстаушыларының жеке шоттарынан және эмитенттің жеке шоттарынан бір мезгілде есептен шығару операцияларын жүргізеді.

      Акциялар шығарылымы жойылған, эмитент таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда, тізілімдер жүйесін жүргізу тоқтатылады.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      66. Облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу кезінде тіркеуші облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) оларды ұстаушылардың шоттарынан есептен шығару және оның облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындағанын растайтын эмитенттің (оригинатордың) хабарламасы негізінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.

      67. Тіркеуші жеке шотты жабу бойынша операцияны жеке шотты жабуға бұйрықтың негізінде жүргізеді. Жеке шот жабылған кезде клиентке тіркеушінің ішкі құжатында белгіленген нысанда тиісті хабарлама жіберіледі.

      Оларға қатысты банкроттық немесе тарату рәсімі аяқталған заңды тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын растайтын Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

      Қайтыс болған деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған жеке тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, қайтыс болғаны туралы куәліктің және (немесе) тиісті сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68. Эмитент тіркеушіге эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу міндеттемелерін осы бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде айқындалған орындау күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні өткен соң эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындағанын растайтын хабарламаны ұсынбаған кезде тіркеуші эмитентке эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындағанын (орындамағанын) растай отырып тиісті хабарлама ұсыну туралы сұрату жібереді.

      Эмитент тіркеушіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұратуды тіркеуші жіберген күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң тиісті хабарламаны ұсынбаған кезде не эмитент тіркеушіге осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша өзінің міндеттемелері бойынша дефолтқа жол бергені туралы хабарламаны ұсынған кезде тіркеуші орталық депозитарийге мыналар:

      эмитенттің жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шотындағы және эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шотындағы айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде және тұлғалардың оқшауланған бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздардың саны;

      тіркеушінің сұратуында көрсетілген эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіпте тиісті сәйкестендіргіш бергені туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрату жібереді.

      Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      69. Тіркеуші орталық депозитарийден Қағидалардың 68-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тіркеушінің сұратуына жауап ретінде мәліметтерді алғаннан кейін осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын оларды ұстаушылардың барлық жеке шоттарынан есептен шығаруды (Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде тізілімдер жүйесінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитенттің жеке шотына есепке алуды жүзеге асырады. Осымен қатар тіркеуші эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын айналыс мерзімі аяқталған және олар бойынша эмитент осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық, сенімгерлік басқару) сақтай отырып оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар есептен шығарылатын ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.

      Эмитенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоттарында айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар болған жағдайда, тіркеуші оларды орталық депозитарийдің шотынан есептен шығаруды және эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      70. Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген барлық операциялар жүргізілген күннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тіркеуші эмитентке, орталық депозитарийге, сенімгерлік басқарушыларға, сондай-ақ пайдасына айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған бағалы қағаздарға ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаларға тиісті хабарламалар (есептер) жібереді.

      Егер эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын ұстаушылардың саны отыздан астам болса, тіркеуші Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген осындай ұстаушылардың жүргізілген операциялары туралы хабарлауды осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында тиісті ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      71. Егер тіркеуші айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бұдан бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде оларды оқшаулау операциясын жүргізген жағдайда, тіркеуші орталық депозитарийден эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына орталық депозитарийдің тиісті сәйкестендіргіш бергені туралы мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде актісі негізінде бағалы қағаздарды оқшаулау операциялары жүргізілген тиісті мемлекеттік органға осы бағалы қағаздар бойынша айналыс мерзімінің аяқталғаны және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны және осы бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына ауыстырылуға жататыны туралы хабарлама жібереді.

      Бұл ретте тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау операциясын жүргізгеннен кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды оларды ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алу операцияларын жүргізеді.

      Тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау туралы хабарламаны орталық депозитарийден алғаннан кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының жеке шотынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ осындай эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын номиналды ұстаушының жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.

      Ескерту. 71-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      72. Эмитент айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы алдындағы міндеттемелерді орындаған кезде тіркеуші эмитенттің осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді орындағанын растайтын хабарламасы болған кезде Қағидалардың 41-тармағында белгіленген тәртіпте осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шотынан есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есеп алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      73. Облигациялар шығарылымы жойылған кезде, тіркеуші уәкілетті органның облигациялар шығарылымының жойылғаны туралы куәлігінің көшірмесін алғаннан кейін эмитенттің жеке шоттарынан осындай облигацияларды біржолғы есептен шығару операцияларын жүргізеді.

      Айналыс мерзімі аяқталған облигациялар шығарылымы жойылған кезде тіркеуші уәкілетті орган берген осындай облигациялар шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесін алғаннан кейін айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан облигацияларды және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан осындай облигациялар бойынша талап ету құқықтарын біржолғы есептен шығару операцияларын жүргізеді.

      74. Ақпараттық операцияны жүргізуді тіркеуші эмитенттің жазбаша өкімі, тіркелген тұлғаның, инвестициялық пай қоры кастодианының бұйрығы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.

      Тіркеушінің ішкі құжаттарымен көзделген жағдайларда эмитенттің өкімі, тіркелген тұлғаның бұйрығы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында жасалады және беріледі.

      75. Миноритарлық акционердің өтініш беру және тіркеушінің акционерлердің жалпы жиналысына қарауға енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде миноритарлық акционерлер басқа акционерлермен біріккен жағдайдағы осы акционерлік қоғамның басқа миноритарлық акционерлеріне ақпарат тарату тәртібі тіркеушінің басқа миноритарлық акционерлерді хабардар ету мерзімі және хабардар ету тәсілдері қамтылатын тіркеушінің қағидалар жинағында белгіленеді.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      76. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу, акциялардың он және одан көп пайызына ие ұстаушылар туралы анықтаманы дайындау үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін немесе акционерлердің тізімін жасауды тіркеуші эмитенттің өкімінде көрсетілген күннің басында (00 сағат 00 минут) жүзеге асырады. Өзге жағдайларда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасауды және (немесе) тізілімдер жүйесінен кез келген басқа ақпаратты дайындауды тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай ақпаратты алу құқығы бар тұлғалардың жазбаша сұратуы (электрондық құжат) негізінде, сұратуда көрсетілген күні және уақытта жүзеге асырады.

      Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасау немесе жеке шоттан үзінді-көшірме жасау кезінде, сондай-ақ тізілімдер жүйесінен өзге ақпаратты берген кезде тіркеушінің бас офисі орналасқан сағаттық белдеудің уақыты қолданылады.

      77. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі тіркеушінің ішкі құжаттарымен белгіленген нысан бойынша жасалады және онда мынадай мәліметтер болады:

      1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) инвестициялық пай қорының атауы;

      3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;

      4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;

      5) эмитент сатып алған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);

      6) егер тізілім эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелер бойынша талап ету құқықтары бойынша жасалатын болса, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны;

      7) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын сәйкестендіргіш;

      8) депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қосқандағы мынадай мәліметтері бар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі:

      заңды тұлғалар-бағалы қағаздарды ұстаушылардың мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, олардың атауы;

      жеке тұлға-бағалы қағаздарды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) тегі, аты, бар болса – әкесінің аты;

      ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) санын көрсете отырып, оларды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) саны;

      бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған және (немесе) дауыс беретін бағалы қағаздарының санына пайыздық арақатынасы;

      9) тіркеушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы;

      10) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жасалған күні мен уақыты.

      Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.

      Ескерту. 77-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      78. Тіркеушінің Қағидалардың 77, 80, 81 және 82-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында жасауына және беруіне жол беріледі.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      79. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімінде Қағидалардың 77-тармағының 3) және 5) тармақшаларында аталған мәліметтер көрсетілмейді.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      80. Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) жарияланған акциялардың саны;

      3) орналастырылған акциялардың саны;

      4) эмитент сатып алған акциялардың саны;

      5) акциялардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;

      6) депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қоса алғанда, мынадай мәліметтерді қамтитын акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан астам пайызы тиесілі орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген акцияларды ұстаушылардың тізімі:

      заңды тұлғалар-акцияларды ұстаушылардың мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірін және күнін көрсете отырып, олардың атауы;

      жеке тұлға-акцияларды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, акциялар ұстаушылардың тегі, аты, бар болса – әкесінің аты;

      ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялардың саны;

      акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялар санының эмитенттің орналастырылған акцияларының санына пайыздық арақатынасы;

      акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялар санының эмитенттің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы;

      7) тіркеушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы;

      8) ірі акционерлер туралы анықтама жасалған күні мен уақыты.

      Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтамаға тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.

      Ескерту. 80-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      81. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін акционерлер тізімі тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) жарияланған акциялардың саны;

      3) орналастырылған акциялардың саны;

      4) эмитент сатып алған акциялардың саны;

      5) акциялардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;

      6) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген депозитарлық қолхаттар иегерлерін қоса алғанда, мыналар көрсетіле отырып, акционерлердің тізімі:

      заңды тұлғалар-акционерлердің мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірін және күнін көрсете отырып, олардың атаулары;

      жеке тұлға-акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, жеке тұлғалар-акционерлердің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты;

      ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған акциялардың санын көрсете отырып, акционерге тиесілі акциялар саны;

      акционерге тиесілі дауыс беретін жай акциялар саны;

      акционерге тиесілі артықшылықты акциялар саны;

      7) тіркеуші тізілімдерінің жүйесінде орталық депозитарийдің жеке шотында есепке алынатын, номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иегеріне тиесілі акциялар саны;

      8) акционерлердің тізімін жасау мақсаты;

      9) тіркеушінің атауы, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;

      10) акционерлердің тізімі жасалған күні мен уақыты;

      11) эмитенттің өкіміне сәйкес өзге де мәліметтер.

      Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған акционерлер тізілімі тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және тіркеушіде осы мәліметтер болса, акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтер мен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктердің болуы туралы мәліметтерді қамтиды.

      Акционерлер тізіміне өзге мақсаттар үшін эмитент сұрататын ақпарат қосымша енгізіледі.

      Акционерлер тізіміне тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.

      Ескерту. 81-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      82. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке шоттың атауы және нөмірі;

      2) бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер:

      заңды тұлға-бағалы қағаздарды ұстаушының мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, оның атауы;

      жеке тұлға-бағалы қағаздарды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерін көрсете отырып, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты;

      3) эмитенттің атауы және орналасқан жері (инвестициялық пай қорының пайлары туралы мәліметтерді көрсеткен кезде, эмитентті көрсетуден өзге инвестициялық пай қорының атауы көрсетіледі);

      4) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын сәйкестендіргіш;

      5) облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу күні;

      6) ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) санын көрсете отырып, бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) белгілі бір түрінің жалпы саны;

      7) бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған және (немесе) (дауыс беретін) бағалы қағаздарының санына пайыздық арақатынасы;

      8) тіркеушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы;

      9) жеке шоттан үзінді-көшірме қалыптастырылған уақыты мен күні.

      Жеке шоттан үзінді-көшірмеге тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.

      Ескерту. 82-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      83. Тіркеуші орталық депозитарийден және эмитенттен қажетті ақпаратты ақпараттық операцияны жүргізу бұйрығын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей сұратады.

      Орталық депозитарий және (немесе) эмитент көрсетілген ақпаратты ұсынбаған жағдайда, тіркеуші ұсынатын мәліметтерге ұсынылған ақпараттың тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтер негізінде жасалғаны туралы жазба енгізіледі.

      84. Тізілімдер жүйесінде операция жүргізу мерзімі тіркеуші немесе тіркеушіге трансфер-агент қызметтерін көрсететін ұйым ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.

      85. Мәмiленi тiзiлiмдер жүйесінде тіркеу уақыты тiркеушiнiң Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген iс-әрекеттердi жүзеге асыру уақыты болып табылады.

      86. Мынадай операцияларды:

      Инвестициялық қорлар туралы Заңның 23-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде иеленушінің жеке шотына пайларды есепке алу;

      Қағидалардың 76 және 87-тармақтарында көрсетілген;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізілу талаптарын қосымша тексеру талап етілетін операцияларды жүргізуді қоспағанда, тіркеуші жеке шот бойынша операцияны және ақпараттық операцияны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жүргізеді. Осындай операцияларды жүргізу 6 (алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 86-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      87. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді тіркеуші, егер бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруге бұйрық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі немесе акционерлер тізімі жасалған күннен ерте емес берілу талабымен эмитенттен бұйрықты алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кеш емес мерзімде жүзеге асырады.

      Егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілсе, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу немесе бағалы қағаздары номиналды ұстаудағы акционерлер туралы өзге ақпаратты ұсыну үшін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді тіркеуші ол жасалған күннен бастап күнтізбелік жиырма сегіз күннен кеш емес мерзімде жүзеге асырады.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      88. Клиенттің бұйрығын орындаудан бас тартуға негіздер болмаған жағдайда тіркеуші Қағидалардың 86-тармағында белгіленген мерзімде бұйрықтың орындалуы туралы есепті қалыптастырады және оны жіберілетін құжаттар журналында тіркейді.

      Бұйрықтардың орындалуы туралы есеп клиентке почта арқылы жіберіледі не клиенттің немесе оның заңды өкілінің қолына беріледі не Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында жасалады және беріледі.

      Бұйрықтардың орындалуы туралы есепке тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеушінің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.

      Ескерту. 88-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      89. Тiркеушi бұйрықты алған кезден бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде мынадай жағдайларда:

      1) бұйрықтардағы қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері, заңды тұлға мөрінің таңбасы (ол болған кезде) бар құжатта немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қол қою үлгілеріне сәйкес келмегенде;

      2) операция жасау бұйрығы алынған күннен бастап күнтiзбелiк 2 (екi) күн iшiнде қарсы бұйрық ұсынылмағанда;

      3) Қағидалардың 34-тармағында белгіленген тәртіппен басқарушы компанияның пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығымен бір мезгілде (бір жұмыс күні ішінде) инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодианның растауы ұсынылмағанда;

      4) бұйрықтардың деректемелерi тіркеушінің қағидалар жинағында белгiленген деректемелерге немесе жеке шот деректемелеріне сәйкес келмегенде;

      5) жеке шотта қажеттi бағалы қағаздар саны болмағанда;

      6) тiзiлiмдер жүйесiнің деректерi негізінде мәмiле жасау нәтижесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда клиент мәмiленiң тiркелуi үшiн белгiленген мерзiмде осындай мәмілені жасауға осындай келісімді (рұқсатты) беруге уәкiлеттi мемлекеттік органның берген келiсiмiн (рұқсатын) растайтын құжатты ұсынбағанда;

      8) тиісті мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешiмi болғанда;

      9) Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңның 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот оқшауланғанда;

      10) Қағидалардың 41-1, 59-1, 60 және 69-тармақтарында көзделген операцияларды жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған;

      11) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның 13-бабында көзделген жағдайларда;

      12) тiркеушiнiң iшкi құжатында көзделген жағдайларда оның орындалмау себептерiн көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресiмдейдi.

      Бұйрықты орындаудан бас тартуға бірінші басшы немесе оның орнындағы адам немесе тiркеушiнiң iшкi құжаттарына сәйкес тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзуді жүзеге асыратын тiркеушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды және тiркеушiнiң қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады не Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында жасалады және беріледі.

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізілу талаптарын қосымша тексеру талап етілетін операцияларды жүзеге асыруға арналған бұйрықты орындаудан бас тартуды дайындау кезінде осындай бас тартуды дайындау 6 (алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 89-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2016 № 259(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); орыс тілдегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      90. Шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сақтау тіркеушінің ішкі құжаттарына және тіркеушінің шаруашылық серіктестікпен жасаған шартына сәйкес жүзеге асырылады.

      91. Тіркеушіге келіп түскен құжаттар келіп түскен құжаттарды тіркеу, эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу, сенімхаттарды есепке алу журналдарында тіркеледі. Тіркеуші құжатты қабылдағаннан кейін (ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжаттар қабылдау жағдайларын қоспағанда) өтініш білдірген тұлғаның сұрауы қабылдаған күнін (уақытын) және құжатты қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, оны қабылдау фактісін растайтын құжат береді.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      91-1. Тіркеушінің клиенттері трансфер-агент қызметтерін пайдаланған жағдайда қызметтерін трансфер-агентке осы клиент дербес төлейтін трансфер-агент қызметтерінің құнын есептемегенде, тіркеушінің қызметтерін жеке төлейді.

      Ескерту. Қағида 91-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қарыңыз) қаулысымен.

      92. Тіркеуші берген құжаттар жіберілетін құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.

      93. Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтердегі өзгерістер тіркеушінің тиісті ішкі есеп журналдарында тіркеледі.

      94. Орындалуы туралы белгісі бар құжаттар тіркеушінің мұрағатына өткізіледі, олар мұрағат жүргізу журналында тіркеледі. Құжаттарды мұрағат жүргізу журналында тіркеу кезінде олардың тұтастығы, парақтары мен данасының саны, сондай-ақ олардың қосымшалары тексеріледі.

      95. Тізілімдер жүйесін құрайтын мынадай құжаттар кемінде бес жыл сақталуға тиіс (мерзім бағалы қағаздарды ұстаушының осындай болуы тоқтаған немесе тіркеуші мен эмитент арасында жасалған шарт бұзылған күннен бастап есептеледі):

      1) операцияларды жүргізу бұйрықтары;

      2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;

      3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулардың көшірмелері;

      4) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген Қағидалардың 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 36, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      5) шарттың қолданылу кезеңінде тіркеуші эмитенттен (бұрынғы тіркеушіден) алған және тіркеуші эмитентке жіберген құжаттар;

      6) операцияларды тіркеу журналы;

      7) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;

      8) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;

      9) сенімхаттарды есепке алу журналы;

      10) жіберілген құжаттарды тіркеу журналы;

      11) мұрағатты жүргізу журналы;

      12) тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтер жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілгенін растайтын құжаттар.

      Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2017 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      96. Тiзiлiмдер жүйесін құрайтын электрондық және (немесе) қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтер жоғалған немесе жойылған жағдайда тiркеушi:

      бір жұмыс күні iшiнде бұл туралы эмитентке, уәкiлеттi органға және орталық депозитарийге хабарлайды;

      тiзiлiмдер жүйесін құрайтын қағаз тасымалдағыштардағы мәлiметтердi қалпына келтіру мақсатында Тiркеушiнiң iшкi құжаттарында тiзбесi айқындалатын баспасөз басылымдарында мүдделі тұлғалардың құжаттарды беру қажеттiгi туралы ақпаратты жариялайды;

      тiзiлiмдер жүйесін құрайтын электрондық тасымалдағыштардағы мәлiметтердi қалпына келтіру мақсатында тiркеушi орталық депозитарийге өзіне тiркеушi жүргiзетiн тiзiлiмдер жүйесiнiң жоғалған немесе жойылған мәлiметтерiн көрсететін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі мәлiметтердi беру туралы сұрау салу жiбередi;

      жоғалған немесе жойылған деректерді олардың жоғалған немесе жойылған күнінен бастап екi апта iшiнде қалпына келтiредi.

      97. Тіркеуші эмитент берген бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту және (немесе) бағалы қағаздардың орналастырылмағаны туралы ақпараттың назарға алынғаны туралы уәкілетті орган хаттарының көшірмелері негізінде Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 24-бабының 2-тармағында белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді уәкілетті органға ұсыну мерзімдерін дербес есептейді.

      98. Тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей көрсетілген есептерді уәкілетті органға ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны қызмет көрсетілетін эмитенттерге жібереді.

      99. Эмитент уәкілетті органға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бір мезгілде жіберумен тіркеушіге бұл туралы хабарлама жібереді.

      Егер Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 24-бабының 2-тармағында белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға ұсыну мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң тіркеушіге эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны ұсынбаса, тіркеуші келесі жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      100. Тіркеушінің клиенттері трансфер-агенттің қызметін пайдаланған жағдайда тіркеушіге ақпаратты тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған нысандары бойынша береді.

      Қағидалардың 77 және 81-тармақтарында көзделген ақпарат тіркеушінің клиенттеріне тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған нысандар бойынша ұсынылады.

      Қағидалардың 82-тармағында көзделген ақпарат тіркеушінің клиенттеріне Қағидалардың қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.

      Ескерту. 100-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 № 169 (25.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу
жөніндегі тіркеуші қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
  нысан

Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20 __ жылғы____ ______________ уақыттағы жағдай бойынша № _______

      ______________________________ ______________________

      (үзінді-көшірме жасалған күн)             (уақыты)

      Бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер:

Заңды тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, жеке тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Заңды тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері немесе бағалы қағаздарды ұстаушыны – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні


Жеке шоттың атауы



Эмитенттің атауы

Эмитенттің орналасқан жері

Бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендiру нөмірі
(эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын сәйкестендіргіш)

Облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу күні



1

2

3

4

5

 







       кестенің жалғасы

Бағалы қағаздар саны
(эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының)

Бағалы қағаздарды
ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының санына арақатынасы
(пайызбен)

Қосымша
мәліметтер

жалпы
саны

пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынғандар

оқшауланған

сенімгерлік
басқару
шының атауын
көрсете отырып
сенімгерлік
басқаруға
берілгендер

орналастырылғандар

дауыс беретіндер


6

7

8

9

10

11

12








      ________________________________________________________________________________

      (тіркеушінің атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі,

      электрондық поштасының мекенжайы, интернет-ресурс)

      Қол қоюға уәкілетті адам

      ___________________________________________________                   ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), атқаратын лауазымы)                   (қолы)

      Тіркеуші мөртабанының орны

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 27 тамыз
№ 167 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін енгізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы № 148 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4599 тіркелген, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 16-тармағы

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4842 тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5218 тіркелген).

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Банктің жарияланған акцияларын сатып алу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 161 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5389 тіркелген) 2-тармағы.

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5541 тіркелген, 2009 жылғы 6 наурызда "Заң газеті" газетінде № 35 (1458) жарияланған, 2009 жылы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 5 жарияланған).

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 наурыздағы № 63 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5665 тіркелген).

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы № 200 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5813 тіркелген).

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 30 қарашадағы № 243 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5994 тіркелген, 2010 жылғы 29 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 256-258 (26103) жарияланған).

      12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 39 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеутізілімінде № 6203 тіркелген, 2010 жылғы 5 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 406-409 (26252) жарияланған) 2-тармағы.

      13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14, 2010 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 456 (26299) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 12-тармағы.

      14. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 4 қазандағы № 151 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6633 тіркелген) 1-тармағы.

      15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7614 тіркелген, 2012 жылғы 11 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 495-500 (27573) жарияланған).

      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7993 тіркелген, 2012 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 834-839 (27910), 852-856 (27910, 27927) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 12-тармағы.

      18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 215 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8799 тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада "Заң газеті" газетінде № 171 (2372) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады