Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.23 N 27 Бұйрығы және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.02.27 N 16 Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 45 және 47-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы БҰЙЫРАДЫ :
1. "Өкiмдер нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3644 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 175-176 жарияланған) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 175 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"салық органының осы қаулы мен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі.";
осы қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (Қыпшақов А.М.) осы қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ұйымдастыру қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Смағұлова Г.Ә.) осы қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы мен бұйрық алғашқы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелiк күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2005 жылғы 18 сәуiрдегi
N 49 қаулысына және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Салық комитетi Төрағасының
2005 жылғы 25 сәуірдегі
N 175 бұйрығына 3-қосымша
"РҰҚСАТ ЕТЕМIН"
_______________________ ПРОКУРОРЫ
(ауданының, қаласының)
_______________________
(шені)
_______________________
(қолы, аты-жөні)
20 __ жылғы "____" __________
Салық органының салық төлеушінің банк шоттары
бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
ӨКІМІ
20__ жылғы»"___" _______________ N _______
(жазба күні) ____________________________________________________________________
(банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
____________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, тiркеу нөмiрi, орналасқан жері)
___________________________________________________________ берілді.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 45, 47-баптарына
сәйкес
____________________________________________________________________
(салық органының атауы, тіркеу нөмірі)
____________________________________________________________________
нақты мекен-жайы (тұрғылықты жері) бойынша болмаған салық төлеуші
ретінде 20 жылғы "___"__________________бастап
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке кәсiпкердiң аты-жөнi,
____________________________________________________________________
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, орналасқан жері)
банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша
____________________________________________________________________
(жеке бiрегейлендiру коды)
барлық шығыс операциялары (салық берешегiн өтеу бойынша
операциялардан басқа) тоқтатыла тұрсын:
салық төлеушінің нақты мекен-жайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауы туралы 20__ жылғы "___"_____________
(акт жасалған күн)
акт және____________________________________________________________
(тиісті құқық қорғау органының атауы)
құқық қорғау органының 20__ жылғы "____"___________N _______ жауабы.
(хаттың күні)
мөрдің орны_________________________________________________________
(Салық органы басшысының аты-жөні)
Осы өкім 20__ жылғы "____" ___________ _______________ табыс етілді.
Ескерту: "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес прокурордың
рұқсаты заңды тұлғалардың шығыс операциялары тоқтатыла тұрған
жағдайда талап етiледi.