Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01 N 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Аспирантураға қабылдау тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 645 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 3005 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 12 тамызда N 147-148 жарияланған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге 2005 жылғы 13 мамырдағы N 299 бұйрығымен "Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 645 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде 2005 жылғы 31 мамырдағы N 3656 тіркелген, 2005 жылғы 23 қарашадағы N 217 "Заң газетінде" жарияланған, 2006 жылғы 15 мамырдағы N 260 "Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 645 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде 2006 жылғы 18 мамырдағы N 4233 тіркелген, 2006 жылғы 2 маусымда N 99-100 (1079-1080) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесінде:
5-тармақта:
"жағдайлар жөніндегі агенттігіне" деген сөздерден кейін»", Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К.А. Құрманәлиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр