Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдарын құру және олардың қызмет ету ерекшеліктері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігі 2007 жылғы 28 мамырдағы N 157 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 4 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4783 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 22 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 22 Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар туралы Заң)  100-1-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрі - қоғам) тұтынушы кооперативтің ұйымдастыру - құқықтық нысанында құрылатын және өзінің қызметін "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі  Заңы (бұдан әрі - Өзара сақтандыру туралы Заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі  Заңы , қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық кесімдері мен құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Бір қоғамның құрылтайшылары (мүшелері) болып бағалы қағаздар рыногында тек қана бірыңғай кәсіби қызметін жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары табылады.

      3. Қоғамның қызметі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының  6-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында белгіленген ерікті сақтандыру сыныбы шеңберінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті лицензиялануға жатады.

      4. Сақтандыру объектісі болып қоғам мүшесінің бағалы қағаздар рыногында қызметін жүзеге асыру нәтижесінде инвестордың мүліктік мүддесіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты қоғам мүшесінің жауапкершілігі табылады.

      5. Сақтандыру шарты қоғам мүшесі мынадай жағдайлардың нәтижесінде инвесторларға зиян келтіргендегі сақтандыру жағдайы басталғанда қоғам сақтандыру төлемін жүзеге асыратын сақтандыру жағдайларын қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасы заңнамасында анықталған жағдайларды қоспағанда, тіркелген тұлға еркін білдірмей оның шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару, программалық қамтамасыз етудің жаңылғандығынан не оператордың қателігінен бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу бұйрығында (клиенттің тапсырмасы) көрсетілген санынан бағалы қағаздардың көп/аз санын есептен шығару /есепке алу;
      2) тіркелген тұлғаның шотында бағалы қағаздардың саны дұрыс көрсетілмегендіктен, оның бағалы қағаздар бойынша табысты толық алмау;
      3) қоғам мүшесінің қағаз мұрағатын, сондай-ақ өрт, жер сілкінісі және үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы іс-қимылдарының нәтижесінде бағалы қағаздарды есептен шығару және есепке алу бойынша операцияларды жүргізу үшін негіздеме болатын құжаттарды ішінара немесе толық жоғалту;
      4) қоғам мүшелеріне сенімді емес ақпаратты ұсыну;
      5) жалған құжаттар, сондай-ақ электрондық және компьютерлік алаяқтық негізінде мәміле жасау;
      6) қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген басқа жағдайларда.

      6. Қоғам мүшесі:
      1) клиенттерге қоғамда өзінің қатысуы жөнінде және сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары жөнінде хабарлайды;
      2) мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап бес күндік мерзімде өзінің атауы өзгергені және мекен-жайын ауыстырғаны туралы қоғамға хабарлайды.

      7. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      8. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылардың қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      9. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н.Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Об особенностях создания и функционирования обществ взаимного страхования ответственности профессиональных участников рынка ценных бумаг

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 мая 2007 года № 157. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 июля 2007 года № 4783. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 марта 2010 года № 22

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 01.03.2010 № 22 (порядок введения в действие см. п. 3).

      В целях реализации статьи 100-1 Закона Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
 

      1. Общество взаимного страхования ответственности профессиональных участников рынка ценных бумаг (далее - общество) является некоммерческой организацией, создаваемой в организационно-правовой форме потребительского кооператива и осуществляющей свою деятельность на основании Закона Республики Казахстан от 5 июля 2006 года "О взаимном страховании", Закона Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг", нормативных правовых актов уполномоченного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) и учредительных документов.
 

      2. Учредителями (членами) одного общества являются только профессиональные участники рынка ценных бумаг, осуществляющие один и тот же вид профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг.
 

      3. Деятельность общества осуществляется в рамках класса добровольного страхования, установленного подпунктом 12) пункта 3  статьи 6 Закона Республики Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" и подлежит обязательному лицензированию в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
 

      4. Объектом страхования является ответственность члена общества, связанная с его обязанностью, возместить ущерб, нанесенный имущественным интересам инвестора в результате осуществления членом общества деятельности на рынке ценных бумаг.
 

      5. Договор страхования содержит страховые случаи, при наступлении которых общество осуществляет страховую выплату в случае нанесения членом общества ущерба инвесторам в результате:
      1) списания ценных бумаг со счета зарегистрированного лица без его волеизъявления, за исключением случаев, установленных законодательством Республики Казахстан, списания/зачисления большего/меньшего количества ценных бумаг, чем количество, указанное в приказе на списание/зачисление ценных бумаг (клиентском заказе), произошедшего из-за сбоя программного обеспечения либо по ошибке оператора;
      2) недополучения зарегистрированным лицом доходов по ценным бумагам вследствие неверного отражения количества ценных бумаг на его счете;
      3) частичной или полной утраты бумажного архива члена общества, а также документов, являющихся основанием для проведения операций по списанию и зачислению ценных бумаг в результате пожара, землетрясения и противоправных действий третьих лиц;
      4) предоставления недостоверной информации членом общества;
      5) совершения сделок на основании поддельных документов, а также электронного и компьютерного мошенничества;
      6) в иных случаях, предусмотренных договором страхования.
 

      6. Член общества:
      1) информирует клиентов о своем участии в обществе и об условиях осуществления страховой выплаты;
      2) уведомляет общество об изменении своего наименования и смене места расположения в течение пяти рабочих дней со дня получения им свидетельства о государственной перерегистрации.
 

      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
 

      8. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", Объединения юридических лиц "Казахстанская Ассоциация реестродержателей", Объединения юридических лиц "Ассоциация управляющих активами".
 

      9. Службе Председателя Агентства (Заборцева Е.Н.) принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
 

      10. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Узбекова Г.Н.

      Председатель