Қазақстан Республикасының "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі туралы келісімге қосылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 467 Заңы

      Қазақстан Республикасы Санкт-Петербургте 2000 жылғы 12 қыркүйекте жасалған "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі туралы келісімге қосылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  "Солтүстік-Оңтүстік"
халықаралық көлік дәлізі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Ресей Федерациясының Үкiметi, Yндiстан Республикасының Yкіметi, Иран Ислам Республикасының Үкiметi және Оман Сұлтандығының Үкiметi,
      Олардың арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты қолдауға, дамытуға және нығайтуға ТIЛЕК БIЛДIРЕ ОТЫРЫП,
      Елдердiң аймақтық және ғаламдық тұрғыдағы ұлғайып келе жатқан өзара тәуелдiлiгiн ҰҒЫНА ОТЫРЫП,
      Сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тиiмдiлiгiн арттыруға үлкен мән БЕРЕ ОТЫРЫП,
      Халықаралық сауда үшiн және мемлекеттердiң экономикалық дамуын жеделдету үшiн транзиттiк тасымалдар туралы бар уағдаластықтардың маңыздылығын ТАНИ ОТЫРЫП,
      Тауарлардың олардың арасында, сондай-ақ басқа мемлекеттерге және басқа мемлекеттерден үздiксiз, уақтылы және тиiмдi қозғалысын дамытудағы өзiнiң ұстанымын АТАП ӨТЕ ОТЫРЫП,
      Өздерiнiң жолаушылар мен тауарларды транзиттiк тасымалдау режимдерiн бар тәжiрибенiң негiзiнде және халықаралық конвенциялар мен стандарттарға сәйкес одан әрi дамытуға НИЕТ БIЛДIРЕ ОТЫРЫП,
      Бар көлiк инфрақұрылымын тиiстi түрде пайдалану және "Солтүстiк-Оңтүстiк" халықаралық көлiк дәлiзi арқылы жолаушылар мен тауарлар тасымалдарын жүзеге асыру үшiн барынша күш САЛА ОТЫРЫП,
      ТӨМЕНДЕГI ТУРАЛЫ КЕЛIСТI:

  1-бап
АНЫҚТАМАЛАР

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген терминдер мынаны бiлдiредi:
      1.1. "Барлық көлiк түрлерi":
      жолаушылар мен тауарлардың темiр жолмен, теңiзбен, автомобиль жолымен, өзенмен және әуемен тасымалдарын қамтамасыз ететiн көлiк инфрақұрылымы мен көлiк құралдары. Yндiстан үшiн - бүгiнгi күнi тауарларды теңiз маршруттері бойынша ғана тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк инфрақұрылымы мен көлiк құралдары.
      1.2. "Жүктердi тасымалдау" - тауарлардың ескертiлген шектерде физика-химиялық қасиеттерi мен салмағы сақталуымен оларды орын ауыстыру бойынша көлiк қызмет көрсетуiнiң түрi.
      1.3. "Контейнер" - тасымалдауға арналған:
      - iшiне тауарларды салуға арналған, толығынан немесе iшiнара жабылған сыйымдылықты бiлдiретiн;
      - тұрақты сипатты және осыған байланысты көп мәрте пайдалануға болатындай жеткiлiктi берiк конструкциясы бар;
      - тауарларды аралық қайта тиеусiз бiр немесе бiрнеше көлiк түрлерiмен тауарларды тасымалдауды жеңiлдету үшiн арнайы құрастырылған;
      - оны тиеу және түсiру оңай болатындай түрде құрастырылған және қолданыста қолайлы, атап айтқанда, бiр көлiк құралынан екіншiсiне ауыстыру кезiнде қолайлы;
      - кемiнде бiр текше метр iшкi көлемi бар құрал.

      1.4. "Тасымалдаушы" - жүктердi ic жүзiнде жылжытушы не болмаса "Солтүстiк-Оңтүстiк" халықаралық көлiк дәлiзi бойынша Тарап - мемлекеттердiң ұлттық заңнамасына сәйкес тауарларды, жолаушыларды және олардың багажын халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралын пайдалану үшiн жауапты болып табылатын заңды немесе жеке тұлға.
      1.5. "Taуap" - вагондарда, контейнерлерде немесе Тарап - мемлекеттердiң ұлттық заңнамасымен тыйым салынбаған көлiк түрлерiмен тасымалданатын жүктердiң бүкiл түрлерi.
      1.6. "Тауарлардың халықаралық транзиті" - жiберу пункті мен жеткiзу пункті осы мемлекеттiң аумағынан тыс орналасқан тауарлардың Тараптардың аумақтары арқылы кедендiк бақылаумен орын ауыстыруы.
      1.7. "Халықаралық тасымалдау" - жолаушылардың/тауарлардың әртүрлi көлiк түрлерiнде осы Келiсiмнiң, тiптi болмағанда, екi Тарапының мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жүргiзiлетiн орын ауыстыруы.
      1.8. "Халықаралық көлiк дәлiзi" - Тараптарды байланыстыратын, тиiстi түрде жайластырылған, (қазiргi бар, сондай-ақ жаңадан жасалып жатқан) магистральдық көлiк коммуникацияларының, әдетте, жолаушылар мен тауарларды халықаралық қатынаста, олардың ең көп шоғырлану бағытында, тасымалдау қамтамасыз ететiн әрқилы көлiк түрлерiнiң жиынтығы.
      1.9. "Солтүстiк-Оңтүстiк" халықаралық көлiк дәлiзi - Үндістаннан, Оманнан теңiз арқылы, Иран, Каспий аймағы, Ресей Федерациясы арқылы одан әрi, сондай-ақ керi бағытта.
      1.10. "Жолаушы" - тасымалдауға шарт жасасқан, жеке тұлғаның кез келген көлiк түрiмен орын ауыстыруына байланысты көлiк қызмет көрсетуiн тұтынушы.
      1.11. "Жолаушыларды тасымалдау" - жеке тұлғалардың (жолаушылардың) кез келген көлiк түрлерiмен орын ауыстыруы бойынша көлiк қызметiн көрсету түрi.
      1.12. "Тиiстi объектiлер" - халықаралық көлiк дәлiзi шеңберiнде "Солтүстiк-Оңтүстік" халықаралық көлiк дәлiзi бойынша тасымалдар үшiн маңызды мағыналы қазiргi бар, сондай-ақ жаңадан салынатын мемлекеттiк шекара арқылы өткізу бекеттерiн, кеден бекеттерiн, терминалдарды, вагон топтарын айырбастау станцияларын, доңғалақ жұптарын ауыстыру станцияларын, темiржол, автомобиль және құрастырылған паромдық өткелдердi/порттарды бiлдiредi.

  2-бап
КЕЛIСІМНІҢ МАҚСАТТАРЫ

      2.1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары мыналар болып табылады:
      а) "Солтүстiк-Оңтүстiк" халықаралық көлiк дәлiзi бойынша жолаушылар мен тауарлардың тасымалдарын ұйымдастыру үшiн көлiк байланыстарының тиiмдiлiгiн apттыру;
      б) Келiсiм Тараптарды - мемлекеттерінiң темiржол, автомобиль, теңiз, өзен және әуe көлiгiнiң халықаралық қызмет көрсету рыногына шығуына жәрдемдесу;
      в) жолаушылар мен тауарлардың халықаралық тасымалдары көлемiн ұлғайтуға жәрдемдесу;
      г) халықаралық стандаpттарғa сәйкес көлiк құралдары қозғалысының қауiпсiздігін, тауарлардың сақталуын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
      д) осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында көлiк саясатын, сондай-ақ көлiк саласындағы құқықтық реттеуді үйлесімді ету;
      e) "Солтүстiк-Оңтүстiк" халықаралық көлiк дәлiзi шегiнде жолаушылар мен тауарларды тасымалдау кезiнде әртүрлi көлiк түрлерiнде көлiк қызмет көрсетуiн жеткізушілер үшiн тең, құқығын шектемейтiн жағдайлар жacaу.
      2.2. 2.1-тармақта көрсетiлген мақсаттарға сәйкес Тараптар:
      а) олардың мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жолаушылар мен тауарлардың транзиттiк тасымалдарының уақытын қысқартуға;
      б) транзиттік тасымалдардың құнын ең төменгi деңгейге жеткiзуге;
      в) олардың тиiстi аумақтары арқылы жолаушыларды, тауарларды транзиттiк тасымалдауға қатысты бүкiл әкiмшiлiк құжаттама мен рәсiмдерді (кедендiк ресiмдердi қоса) қабылданған халықаралық келiсiмдер мен стандарттарға сәйкес оңайлатуға және бiрдейлендiруге бағытталған барлық шараларды қабылдайды.

  3-бап
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      3.1. Осы Келiсiм тиiстi аумақтардың Құзыретті органдары анықтайтын бағыттар бойынша әртүрлi көлiк құралдарымен немесе олардың құрастырма түрлерiмен орындалатын Тарап-мемлекеттердiң аумақтары арқылы жолаушылар мен тауарлардың халықаралық және транзиттiк тасымалдарын pеттейдi.
      3.2. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн Тараптардың Құзыреттi органдары мыналар болып табылады:
      Yндістан Республикасында - Жер бетiндегi көлiк министрлiгi (Кеме қатынасы департаментi) және Өнеркәсiп және сауда министрлiгi (Сауда департаментi);
      Иран Ислам Республикасында - Жолдар және көлiк министрлiгi;
      Оман Сұлтандығында - Көлiк және тұрғын үй құрылысы министрлiгi;
      Ресей Федерациясында - Ресей Федерациясының Көлiк министрлiгi және Ресей Федерациясының Қатынас жолдары министрлiгi.
      3.3. Осы Келiсiм Тараптарының ұлттық заңдарына осы Келiсiм қайшы болмауы тиiс және Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа xалықаралық шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiне қатысы жоқ.

  4-бап
ЖОЛАУШЫЛАР МЕН ТАУАРЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАСЫМАЛДАРЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ

      4.1. Әр Тарап басқа Тараптарға осы Келiсiмде көзделген шарттармен оның мемлекетiнiң аумағы арқылы жолаушылардың, тауарлардың және көлiк құралдарының халықаралық транзитiне құқық береді.
      4.2. Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер өз мемлекеттерiнiң аумағы арқылы тауарлардың халықаралық транзиттiк тасымалдарына тиімді жәрдемдесудi қамтамасыз eтeдi.
      4.3. Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер тауарлар мен жолаушылардың халықаралық транзиттiк тасымалдарына тартылған қызметшiлер үшiн тиiстi Тараптардың әрқайсысы белгiлеген рәсiмдерге сәйкес көп мәрте кiру визалары режимiн енгiзедi.

  5-бап
САЛЫҚТАР, АЛЫМДАР ЖӘНЕ БАСҚА ДА ТӨЛЕМДЕР

      5.1. Тасымалдауға байланысты көлiк қызметiн көрсету үшiн төленетiн шығыстарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымын пайдалану үшiн төлемдердi қоспағанда, салықтар, алымдар және басқа да төлемдер аталуына немесе арналуына қарамастан транзиттiк тасымалдарға қатысты алынбайтын болады. Көлiк шығыстары төлемiн және өзге де алымдарды алу тауарлардың транзиттiк тасымалдарына қатысты Тараптар басқа елдерге ұсынатын шарттардан жеңілдігі кем емес шарттарда жүргiзiлуi тиіс.
      5.2. Тараптар олардың елдерiнiң аумағында транзиттiк режимдегi тауарлардан, кедендік ресiмдеу, сақтау және өзге де ұқсас қызмет көрсету түрлерi үшiн алынатын алымдарды қоспағанда, кеден төлемдерiн алмайды. 

  6-бап
ҮЙЛЕСТIРУ КЕҢЕСI

      6.1. Тараптардың Құзыреттi органдары осы Келiсiмдi iске асыруға және оның ережелерiн қолдануға қатысты мәселелердi реттеу мақсатында Үйлестiру Кеңесiн құрады.
      6.2. Осы Келiсiм Тараптарының Құзыреттi органдарынан тұратын Yйлестiру Кеңесi өзiнiң осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап алты айдың iшiнде болуы тиiс бiрiншi отырысында өз қызметiнiң ережелерi мен рәсiмдерiн белгiлейтiн Жарғыны бекiтеді.
      6.3. Үйлестiру Кеңесi жылына кемiнде бiр рет не болмаса осы Келiсiмнiң кез келген Тарапының өтiнiшi бойынша жиналады.

  7-бап
ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

      7.1. Осы Келiсiмді қолдануға, түсiндiруге, бұзуға байланысты туындайтын және келiссөздер арқылы шешiлмейтiн кез келген даулар, келiспеушілiктер немесе талаптар Үйлестiру Кеңесiне қарауға және реттеуге берiледі.
      7.2. Yйлестіру Кеңесi реттей алмайтын кез келген даулар, келiспеушілiктep немесе талаптар бүкiл Тараптармен келiсiлген өзге тәсілдермен шешiледі.

  8-бап
ДЕПОЗИТАРИЙ

      8.1. Иран Ислам Республикасы осы Келiсімнiң Депозитарийi болып табылады. Депозитарий осы Келiсiмге қол қойған Тараптарға оның расталған көшiрмелерiн жолдайды.
      8.2. Депозитарий-мемлекет Тараптарға осы Келiсiмге басқа мемлекеттердiң қосылуы туралы және кез келген Тарапқа қатысты осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату туралы хабарлайды.

  9-бап
БЕКIТУ

      9.1. Осы Келiсiм Тараптардың ұлттық талаптарына сәйкес бекiтуге жатады. Бекiту туралы құжат депозитарий-мемлекетке сақтауға берiледi.

  10-бап
КЕЛIСІМГЕ ҚОСЫЛУ

      10.1. Осы Келiсiм басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн тек осы Келiсiмнің барлық Тараптарының келiсуiмен ғана ашық.
      10.2. Қосылған мемлекет үшiн Келiсiм қосылу туралы құжат депозитарий-мемлекетке сақтауға берiлген күннен бастап 30-ыншы күнi күшiне енедi. Қосылған мемлекет депозитарий-мемлекетке өзiнiң Құзыретті органдары туралы жазбаша хабарлайды, содан кейiн Депозитарий-мемлекет осы Келiсiмнiң басқа Тараптарының Құзыретті органдарына осы туралы хабарлайды.

  11-бап
ӨЗГЕРIСТЕР MEH ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      11.1. Осы Келiсiмге Yйлестiру Кеңесi әзiрлеген рәсiмдердiң негізiнде барлық Тараптардың Құзыретті органдарының келiсуiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуі мүмкiн.

  12-бап
ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI

      12.1. Осы Келiсiм ол күшiне енген күннен бастап он жыл ішінде қолданылады.
      12.2. Осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi, егер депозитарий-мемлекет осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмiнің аяқталу күнiне дейін кемiнде алты ай бұрын осы Келiсiмге басында қол қойған кез келген Тараптан керiсiнше хабарлама алмаса, сол мерзiмге жалғастырылуы мүмкiн.
      12.3. Осы Келiсiмнiң қолданылуы осы Келiсiмнiң Тарап-мемлекетiнiң аумағында осы Торап өз аумағында оның қолданылуын тоқтату туралы ниетiн депозитарий-мемлекетке жазбаша хабарлағаннан кейiн алты айдан соң тоқтатылуы мүмкін.
      12.4. Осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес қол қойылған келісімдер мен басқа уағдаластықтар бойынша мiндеттемелер оның қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн де оларды толығынан орындағанға дейiн күшiн сақтайды.

  13-бап
КҮШІНЕ ЕНУI

      13.1. Осы Келiсiм депозитарий-мемлекетке кез келген үш Тарап ұлттық заңдарда көзделген рәсiмдерге сәйкес мақұлданған бекiту туралы құжатты сақтауға тапсырған күннен бастап 30 күннен соң күшiне енедi.
      13.2. Мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кешiрек орындаған Тарап үшiн осы Келiсiм ұлттық заңдарында көзделген рәсiмдерiне сәйкес мақұлданған бекiту туралы құжатты депозитарий-мемлекетке сақтауға тапсырған күннен бастап 30 күннен соң күшiне енедi.
      Санкт-Петербург қаласында 2000 жылғы 12 қыркүйекте ағылшын тiлiнде және осы Келiсiмге басында қол қойған Тараптардың ұлттық тiлдерiнде жалғыз данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Түсiндiру мақсаттары үшiн aғылшын тiлiндегi мәтiн қолданылады.
      Осы жазылғанның дәлелдемесi ретiнде Тарап-мемлекеттердiң тиiстi түрде уәкiлеттендiрiлген төменде қол қойған өкiлдерi осы Келiсiмге қол қойды.

       Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін

      Үндiстан Республикасының
      Үкiметi үшiн

      Иран Ислам Республикасының
      Үкіметі үшiн

      Оман Сұлтандығының
      Үкiметi үшiн

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады