Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есепті жария ету туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 469 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 14 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4869 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 84 Қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009.08.24 N 84 Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есепті жария етуі туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы  N 469 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2663 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) еншілес ұйымдары жоқ - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған нысандарын;
      2) еншілес ұйымдары бар - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған нысандарын жыл сайын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жылдық қаржылық есепті ұсынғаннан кейін бір ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

       Ұлттық Банк Төрағасы

      "Келісілген"
      Қаржы нарығын және
      Қаржы ұйымдарын реттеу
      мен қадағалау агенттігінің
      Төрағасы
      2007 жылғы 30 шілде

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года N 469 "О публикации в средствах массовой информации финансовой отчетности накопительным пенсионным фондом"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2007 года № 79. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 августа 2007 года № 4869. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 84

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.08.2009 № 84 (порядок введения в действие см. п. 10).

      В соответствие со  статьей 17 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года  N 469 "О публикации в средствах массовой информации финансовой отчетности накопительным пенсионным фондом" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2663) внести следующее изменение:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Накопительным пенсионным фондам ежегодно в течение месяца после представления годовой финансовой отчетности в государственный орган, осуществляющий регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций, публиковать в средствах массовой информации:
      1) не имеющим дочерних организаций - подтвержденные аудиторской организацией неконсолидированные формы бухгалтерского баланса и отчета о прибылях и убытках;
      2) имеющим дочерние организации - подтвержденные аудиторской организацией консолидированные формы бухгалтерского баланса и отчета о прибылях и убытках.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту бухгалтерского учета (Шалгимбаева Н.Т.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата и территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана" и накопительных пенсионных фондов.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Айманбетову Г.З.

      Председатель
      Национального Банка

      "СОГЛАСОВАНО"
      Председатель Агентства Республики
      Казахстан по регулированию и надзору
      финансового рынка и
      финансовых организаций
      30 июля 2007 года