Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептi жария етуi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 469 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2663. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 84 Қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009.08.24 N 84 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 41-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) еншілес ұйымдары жоқ - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған нысандарын;
      2) еншілес ұйымдары бар - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған нысандарын жыл сайын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жылдық қаржылық есепті ұсынғаннан кейін бір ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі  N 79 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.
      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсiн.
      5. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ. ) қабылданған шешiм туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасының бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен төлесiн.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
"Жинақтаушы зейнетақы қорының
бұқаралық ақпарат құралдарында
қаржылық есептi жария етуi туралы"
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 469 қаулысына қосымша  

  Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң жылдық қаржылық есебiн (таңдауы бойынша) жария ететiн мерзiмдi баспасөз басылымдарының
тiзбесi

1. "Казахстанская правда" газетi;
2. "Егемен Қазақстан" газетi;
3. "Новый Азамат-Times" газетi;
4. "Алтын орда" газетi;
5. "Экспресс К" газетi;
6. "Деловая неделя" газетi;
7. "Время" газетi;
8. "Жас Алаш" газетi;
9. "НП-Новое поколение" газетi;
10. "Панорама" газетi;
11. "Караван" газетi;
12. "Түркiстан" газетi;
13. "Юридическая газета";
14. "Заң газетi" газетi;
15. "Айғақ" газетi;
16. "Аиф-Казахстан" газетi;
17. "Официальная газета";
18. "Столичная жизнь" газетi;
19. "Мегаполис" газетi;
20. "Новости недели" газетi;
21. "Жас қазақ үнi" газетi;
22. "Начнем с понедельника" газетi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады