Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 118 Қаулысымен.
----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының
57-бабына
,
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының
49-бабының
3-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының
9-бабының
1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ...
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. ...
5. ...
6. ...
7. ...
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 118 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі
1. ...
2. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 211
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4900 тіркелген).
3. ...
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,»Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
4. Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2007 жылғы 16 шілдедегі
211 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Агенттік Басқармасының»"Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3196 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 386 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3955 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 121 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4275 тіркелген), "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4608 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 5, 255-құжат) қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Пруденциалдық нормативтің есебін және пруденциалдық нормативтің есебіне байланысты қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi
5. Есептік тоқсанның соңғы жұмыс күні үшін пруденциалдық нормативтiң есебі мен пруденциалдық нормативтің есебіне байланысты қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - Қосымша мәлiметтер) уәкілетті органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.
Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта беріледі.
6. Қосымша мәліметтер қағаз және электрондық тасымалдағышта жасалады және уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта беріледі. Қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерге брокер және дилердің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және брокер және дилерде сақталады. Брокер және дилер уәкілетті органның талабы бойынша сұраныс түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерді береді.
7. Пруденциалдық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.
8. Пруденциалдық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
9. Уәкілетті органға берілетін пруденциалдық нормативтiң есебіне брокер және дилердің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды және брокер мен дилердің мөрімен куәландырылады.
10. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
11. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн брокер және дилердің бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
12. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативті бұзған жағдайда, брокер және дилер бұзушылық болған сәттен бастап үш күнтізбелік күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативті бұзу факті мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып, хабарлайды.".
2. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі
N 265 қаулысына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3189 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 310
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы
N 389
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3941 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда N 239 (973) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы
N 126
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4271 тіркелген), "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 40
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4608 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 5, 255-құжат) қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесінде:
4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
" 2-тарау. Пруденциалдық нормативтің есебін және пруденциалдық нормативтің есебіне байланысты қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi
5. Есептік тоқсанның соңғы жұмыс күні үшін пруденциалдық нормативтiң есебі мен пруденциалдық нормативтің есебіне байланысты қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - Қосымша мәлiметтер) уәкілетті органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.
Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта беріледі.
6. Қосымша мәліметтер қағаз және электрондық тасымалдағышта жасалады және уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта беріледі.
7. Пруденциалдық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі. Қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерге тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және тіркеушіде сақталады. Тіркеуші уәкілетті органның талабы бойынша сұраныс түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерді береді.
8. Пруденциалдық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
9. Уәкілетті органға берілетін пруденциалдық нормативтiң есебіне тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.
10. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
11. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн тіркеушінің бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
12. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативті бұзған жағдайда, тіркеуші бұзушылық болған сәттен бастап үш күнтізбелік күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативті бұзу факті мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып, хабарлайды.".
3. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі
N 266 қаулысына
(Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3194 тіркелген, 2005 жылғы 14 қазанда "Заң газеті" газетінде N 190-191 (924-925) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 388 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3944 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 266 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 125 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4272 тіркелген), "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4608 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 5, 255-құжат) қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесінде:
5-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
" 2-тарау. Пруденциалдық нормативтің есебін және пруденциалдық нормативтiң есебіне байланысты қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi
5. Есептік тоқсанның соңғы жұмыс күні үшін пруденциалдық нормативтiң есебі мен пруденциалдық нормативтiң есебіне байланысты қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - Қосымша мәлiметтер) уәкілетті органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.
6. Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта беріледі.
7. Қосымша мәліметтер қағаз және электрондық тасымалдағышта жасалады және уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта беріледі. Қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерге инвестициялық портфельдi басқарушының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және инвестициялық портфельдi басқарушыда сақталады. Инвестициялық портфельдi басқарушы уәкілетті органның талабы бойынша сұраныс түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерді береді.
8. Пруденциалдық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.
9. Пруденциалдық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
10. Уәкілетті органға берілетін пруденциалдық нормативтiң есебіне инвестициялық портфельдi басқарушының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды және инвестициялық портфельдi басқарушының мөрімен куәландырылады.
11. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
12. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн инвестициялық портфельдi басқарушының бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
13. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативті бұзған жағдайда, инвестициялық портфельдi басқарушы бұзушылық болған сәттен бастап үш күнтізбелік күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативті бұзу факті мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып, хабарлайды.".
4. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4299 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 226 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4478 тіркелген), "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4608 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 5, 255-құжат), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 112 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4690 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
6-тараудың атауы "есебі үшін" деген сөздерден кейін "пруденциалдық нормативтердің есебін және" деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақ:
"қосымша мәліметтер" деген сөздерден кейін "және пруденциалдық нормативтердің есебі" деген сөздермен толықтырылсын;
"5-қосымшасына" деген цифр мен сөз "5 және 7-қосымшаларына" деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақ:
"қосымша мәліметтер" деген сөздерден кейін "және пруденциалдық нормативтердің есебі" деген сөздермен толықтырылсын;
"6-қосымшасына" деген цифр мен сөз "6 және 8-қосымшаларына" деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта беріледі, оған Қордың, Ұйымның, Брокер және (немесе) дилердің және Басқарушының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды және ол мөрмен куәландырылады.";
31-тармақ:
"қосымша мәліметтердегі" деген сөздерден кейін "және пруденциалдық нормативтердің есебіндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
32-тармақ:
"қосымша мәліметтерді" деген сөздерден кейін "және пруденциалдық нормативтердің есебін" деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын.
5. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 223 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4480 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4608 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 5, 255-құжат) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықта:
32-тармақтың бірінші және екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Ұйым ай сайын, бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей, уәкілетті органға электрондық және қағаз тасымалдағыштарда мыналарды береді:
1) осы Нұсқаулықтың 1-3 және 5-қосымшасына сәйкес К
1
коэффициенті мәнінің есебін;";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Қағаз тасымалдағыштағы К
1
коэффициенті мәнінің есебі екі данада жасалады, оған Ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер, сондай-ақ Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес көрсетілген ақпаратқа қол қоюға құқығы бар басқа тұлғалар қол қояды, және Ұйымның мөрімен куәландырылады. Бір данасы уәкілетті органға беріледі, екіншісі Ұйымда сақталады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Электрондық тасымалдағыштағы пруденциалдық нормативтердiң есебiне арналған қосымша мәлiметтер осы айдың бесiншi жұмыс күнi Астана уақытымен 18.00-сағаттан кешiктiрмей есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша ұсынылады.
Қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерге Ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер, сондай-ақ Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес көрсетілген ақпаратқа қол қоюға құқығы бар басқа тұлғалар қол қояды, мөрмен куәландырылады және Ұйымда сақталады.".