Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 409 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4941 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі N 257 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2013 N 257 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      Кандидаттық емтихандарды ұйымдастыру және өткізудің бөлігінде ғылыми кадрларды аттестаттаудың талаптарын арттыру және одан әрі жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетіне (Т.О.Балықбаев):
      осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
      осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасына (Т.О.Балықбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр

         "Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық
      аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту
                            туралы"
         2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 409 бұйрығының

                        КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

       ҰСЫНАДЫ:
      Білім және ғылым саласындағы
      қадағалау және аттестаттау
      комитеті
      2007 ж. "__"______

       КЕЛІСІЛДІ:
      Вице-министр
      2007 ж. "__"______

      Аппарат басшысы
      2007 ж. "__"______

      Әкімшілік қамтамасыз ету департаменті
      2007 ж. "__"______

      Жоғары және жоғары оқу орнынан
      кейінгі білім департаменті
      2007 ж. "__"______

       Заң басқармасы
      2007 ж. "__"______

     Бұйрықтың жобасы Білім және ғылым саласындағы қадағалау және
                  аттестаттау комитетінде келісілді

Төрағаның
орынбасары

Басқарма
бастығы

Бөлім бастығы

Орындаушы

Е. Қалабаев

Т. Әміреева

Ш. Әлмұхамбетова

А. Наурызбаев





                                             Қазақстан Республикасы
                                       Білім және ғылым Министрінің
                                         2007 жылғы 2 қыркүйектегі
                                            N 409 бұйрығымен
                                               БЕКІТІЛГЕН

Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін
аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер

      1. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі ізденушісінің дербес ғылыми-зерттеу жұмысына деген қабілетін анықтау және оның ғылыми-біліктілік деңгейін бағалау мақсатында және ғылыми кадрларды аттестаттауға қойылатын талаптарға сәйкес ізденуші аралық аттестаттаудан өтуі тиіс. Ғылыми дәрежелер ізденушілерін аралық аттестаттау кандидаттық емтихандар нысанында жүзеге асырылады.

      2. Кандидаттық емтихандарға "маман" біліктілігі немесе "магистр" академиялық дәрежесінің берілуімен расталған жоғары кәсіптік білімі бар азаматтар жіберіледі.
      Кандидаттық емтихандар ғылым тарихы мен философиясы (салалар бойынша), қазақ тілі, шет тілі және арнаулы пән (мамандық) бойынша белгіленген.
      Орындалған кандидаттық диссертациясы бейініне сәйкес келмейтін жоғары кәсіптік білімі бар ізденуші тиісті ғылым саласының немесе кіші саласының (мамандықтар тобы) негізгі мазмұнын қамтитын жалпы курс бойынша (мысалы, химияның жалпы курсы, физиканың жалпы курсы және т.б.) қосымша кандидаттық емтихан тапсырады.
      Ғылым саласы бойынша (мамандықтар тобын ескере отырып) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар ғылым докторы ғылыми дәрежесін ізденуші орындаған диссертациясы бағытына сәйкес келмейтін болса, диссертациясының мамандығы бойынша кандидаттық емтихан тапсыруы тиіс, ал осы ретте жоғары кәсіптік білімі бар ізденуші орындаған докторлық диссертациясы бағытына сәйкес келмейтін болса тиісті ғылым саласының (салаішілік) жалпы курсы бойынша да кандидаттық емтихан тапсырады.

      3. Ғылым тарихы мен философиясы (салалар бойынша), қазақ тілі, шет тілі бойынша кандидаттық емтихандарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрған аймақтық орталықтар қабылдайды.

  2. Кандидаттық емтихандарды өткізу кезінде белгіленетін негізгі талаптар

      4. Қазақ тілі бойынша кандидаттық емтиханды диссертациялық жұмысын орыс тілінде орындаушы Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ тұлғалар тапсырады. Диссертациялық жұмысын қазақ тілінде орындаушы ізденушілер бұл емтиханды тапсырудан босатылады.

      5. Шет тілі ретінде ізденушілер ағылшын, француз, неміс және араб тілдерінен емтихан тапсыра алады. Егер диссертациялық жұмысты орындау үшін басқа шет тілін білу қажет болса, онда диссертация орындалған ұйымның басшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) талап етілетін тіл бойынша кандидаттық емтихан қабылдауға рұқсат ету жөнінде негізделген өтініш бере алады.

      6. Шет ел азаматтары ішінен ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін ізденушілер ғылым тарихы мен философиясы, шет тілі және арнаулы пән бойынша кандидаттық емтихандарды тапсырады да, қазақ тілі бойынша кандидаттық емтиханды тапсырудан босатылады.

      7. Жалпы курс және арнаулы пән бойынша кандидаттық емтихандар тек диссертация қорғалатын жерде қабылданады. Егер диссертация екі мамандық тоғысында орындалған болса, онда ізденуші әр мамандық бойынша жеке-жеке кандидаттық емтихан тапсырады.

      8. Жалпы ғылыми пәндер, жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандардың бағдарламаларын және арнаулы пән бойынша кандидаттық емтихандардың типтік бағдарламаларын Комитет бекітеді.

  3. Емтихан комиссиясының құрамын қалыптастыру

      9. Жалпы пәндер бойынша кандидаттық емтихандарды әр пән бойынша аймақтық орталықтарда ұйымдастырылған базалық жоғары оқу орындарының басшылары бекіткен және Комитетпен келісілген комиссиялар қабылдайды. Емтихан комиссиясы жыл сайын құрамы комиссия төрағасы мен 4 мүшеден тұратын жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік қызметкерлерден құрылады және күнтізбелік жыл бойында қызмет атқарады.
      "Ғылым тарихы мен философиясы" пәні бойынша комиссияның құрамына біреуін комиссия төрағасы тағайындайтын кемінде 2 философия ғылымдарының докторы және тиісті мамандық саласы бойынша ғылым кандидаттары мен ғылым докторы кіруі тиіс.
      Қазақ тілі бойынша емтихан қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына ғылыми дәрежесі бар қазақ тілі кафедраларының оқытушылары және тиісті ғылым саласының қазақ тілін еркін меңгерген ғылым докторы кіруі керек. Комиссия төрағасы 10.02.02 - Қазақ тілі немесе 10.02.06 - Түркі тілдері (автореферат бойынша) мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы болуы тиіс.
      Шет тілі бойынша емтихан қабылдау жөніндегі комиссияға шет тілдері кафедраларының оқытушылары, сондай-ақ диссертацияның бейіні бойынша кафедралардың ғылыми дәрежелері бар және сол тілді еркін меңгерген оқытушылары енгізіледі. Комиссия төрағасы ғылыми дәрежесі бар, тиісті тіл бойынша жоғары білікті маман болуы тиіс.

      10. Жалпы курс бойынша емтихан қабылдайтын емтихан комиссиясын диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ұйымның басшысы құрады, оның құрамына диссертациялық кеңестің 3 мүшесі - тиісті сала бойынша ғылым докторы, сондай-ақ диссертация бейіні бойынша кафедралардың ғылыми дәрежелері бар 2 мүшесі кіреді.
      Арнаулы пән бойынша емтиханды қабылдайтын емтихан комиссиясы диссертациялық кеңес қызмет атқаратын ұйымның басшысы құрады, оның құрамына диссертациялық кеңестің 5 мүшесі - ғылым докторлары кіреді, оның ішінде кем дегенде 3-еуі диссертациялық кеңес төрағасының ұсынысын ескере отырып, осы мамандыққа автореферат бойынша өкілеттік етуі тиіс.
      Диссертациялық кеңесте ұсынылмаған мамандық бойынша бір жолғы диссертация қорғау жоспарланған жағдайда, арнайы пән бойынша емтихан қабылдайтын комиссияны диссертациялық кеңес қызмет атқаратын ұйым басшысы қалыптастырады, оның құрамына 5 ғылым докторлары кіреді, оның ішінде кем дегенде 2-еуі осы мамандыққа автореферат бойынша өкілеттік етуі тиіс.

  4. Аралық аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру

      11. Жалпы ғылыми пәндер (ғылым тарихы мен философиясы, қазақ және шет тілдері) бойынша кандидаттық емтихандар сессияларында жылына екі рет (мамыр-маусым, қазан-қараша) қабылданады, ал мамандық пен жалпы курс бойынша - емтихан тапсырылатын орын бойынша ізденушімен келісіле отырып ұйым белгілеген мерзімде қабылданады.
      Арнаулы пән бойынша емтихан жалпы ғылыми пәндер және жалпы курс бойынша кандидаттық емтихандар тапсырылып болғаннан кейін өткізіледі.
      Ізденуші бір күнде тек бір ғана емтихан тапсыра алады.
      Ұйым емтихандардың өтетін уақытынан бір ай бұрын Комитетке хабарлама жібереді (1, 2 қосымша), онда емтихан қабылданатын күні, уақыты мен орны, емтихан комиссиясының құрамы (тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, арнаулы пән бойынша емтихан қабылдағанда мамандық шифры), ізденушілер тізімі мен олардың мамандығы көрсетілуі керек.

  5. Емтихандарды өткізу нысаны

      12. Ғылым тарихы мен философиясы (салалар бойынша) бойынша емтихан құрама болып табылады. Пәннің ортақ бөлігі бір дұрыс жауап таңдалатын (жабық типтегі тестілер) тест тапсырмаларын қолдана отырып, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы технологияларын пайдалану арқылы тексеріледі, ал кең көлемдегі жауапты талап ететін арнаулы бөлігін жазбаша емтихан түрінде емтихан комиссиясы өткізеді.
      Арнаулы бөліктің тапсырмаларын Комитет бекіткен Ғылым тарихы мен философиясы (салалар бойынша) бойынша кандидаттық емтиханның типтік бағдарламасы негізінде аймақтық орталық әзірлейді.
      Шет тілі бойынша емтихан құрама кесте бойынша өткізіледі. Ізденушінің шет тілін меңгеру дәрежесі Шет тілдері бойынша стандартталған тестілеу технологиясы бойынша тестілеу нысанында тексеріледі. Емтиханның екінші бөлігін зерттеу саласындағы тілді білуін бағалау үшін емтихан комиссиясы жүргізеді.
      Сонымен қатар шет тілі бойынша кандидаттық емтихан халықаралық білім беру ұйымдарында (ACCELS, Британдық Кеңес, Гете Институт, Француздық альянс) TOFEL, IELTS, DAF, DELF, DALF нысанындағы стандартталған технология бойынша ең жоғарғы шекті деңгейден кемінде 60% нәтижесімен емтихан тапсыру туралы сертификат немесе басқа да құжат болған жағдайда есептеледі.
      Жалпы курс бойынша емтихан Комитет бекіткен екі бөлімнен тұратын типтік бағдарлама (3 сұрақ) бойынша және емтихан өткізілетін ұйымның диссертациялық кеңесі бекіткен қосымша бағдарлама (2 сұрақ) бойынша жүргізіледі.
      Арнайы пән бойынша емтихан екі бөлімнен тұратын бағдарлама бойынша өткізіледі - Комитет бекіткен мамандық бойынша типтік бағдарлама (3 сұрақ) және емтихан қабылданатын ұйымдағы диссертациялық кеңес бекіткен қосымша бағдарлама (3 сұрақ). Қосымша бағдарламада ізденушінің зерттеу тақырыбына байланысты бөлімдердің қамтылуы, ғылымның соңғы жетістіктері және зерттеудің жаңа әдістері мен әдістемелері ескерілуі қажет. Емтихан бағдарламасының бұл бөлімі бойынша ізденуші ғылымның зерттеліп отырған бағытының қазіргі жағдайы, үрдісі мен даму болашағы туралы білімін көрсетуі тиіс.
      Арнаулы пән, жалпы курс, қазақ тілі бойынша емтихандар емтихан комиссиясының қарастыруымен жазбаша немесе тест нысанында жүргізіледі.
      Емтихан барысында ізденуші базалық ұйымның мөртаңбасы қойылған парақты пайдаланады, ол емтихан қабылданғаннан кейін белгіленген тәртіп бойынша сақталады.

      13. Ізденушінің білім деңгейі "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады. Егер арнаулы пән бойынша кандидаттық емтихан тапсыру кезінде ізденуші типтік бағдарлама сұрақтарының біреуінен қанағаттанарлықсыз баға алатын болса, онда емтиханды қабылдау тоқтатылады. "Өте жақсы", "жақсы" және "қанағаттанарлық" деген бағалар типтік бағдарламаның барлық сұрақтарына дұрыс жауап берілген жағдайда қосымша бағдарламаның сұрақтарына берілген жауаптарды ескере отырып қойылады.
      Ғылым тарихы мен философиясы және шет тілі бойынша емтихан тапсырған кезінде ізденуші емтиханның бірінші - тестілер пайдаланылатын бөлігінен қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, ол емтиханның екінші бөлігіне жіберілмейді.

      14. Ізденуші дәлелді себеппен емтиханға келмей қалған жағдайда, ұйым, аймақтық орталық басшысы оны ағымдағы сессия барысында емтихан тапсыруға жібере алады.
      Ізденуші емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, осы пән бойынша бір сессия барысында қайталап емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді.
      Емтихан комиссиясының шешіміне ізденуші бес күн ішінде ұйым басшысына шағымдана алады.

  6. Аралық аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу

      15. Әр ізденушіге емтихан комиссиясы мәжілісінің хаттамасы толтырылады, оған емтихан билетінің сұрақтары, оның ішінде қосымша қойылған сұрақтар, қойылған бағалар енгізіледі. Хаттамаға ғылыми дәрежесі және мамандық шифры көрсетіле отырып комиссия төрағасы мен мүшелерінің қолдары қойылып, ұйым басшысы бекітеді және ол кандидаттық емтихан тапсырылған жерде он жыл бойы сақталады.

      16. Соңғы емтиханды тапсырғаннан кейін арнаулы пән бойынша емтихан тапсырылған ұйым ізденушіге жекелеген кандидаттық емтихандарды тапсырғандығы туралы куәліктерінің немесе емтихан комиссиялары мәжілістерінің хаттамалары негізінде қоса берілген нысаны бойынша кандидаттық емтихандарды тапсырғандығы туралы біртұтас куәлік береді (3, 4 қосымша).
      Халықаралық білім беру ұйымдарында (ACCELS, Британдық Кеңес, Гете Институт, Француздық альянс) TOFEL, IELTS, DAF, DELF, DALF нысанындағы стандартталған технологиялар бойынша емтихан тапсырғандығы туралы сертификат немесе басқа да құжат болған жағдайда, оның нотариалды расталған көшірмесі кандидаттық емтиханды тапсырғандығы туралы куәлікке қоса беріледі.
      Кандидаттық емтихандардың бағалары он жыл бойы күшінде болады.

                                   Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін
                                     аралық аттестаттаудан өткізу
                                        жөніндегі нұсқаулыққа
                                              1-қосымша

            Кандидаттық емтихан өткізу туралы
                        хабарлама

      _______________________________ жанындағы аймақтық орталық
             (ЖОО-ның атауы)
көктемгі (күзгі) сессияда жалпы ғылыми пәндер бойынша кандидаттық емтихандардың өткізілетіні туралы хабарлайды.
      Қосымша ____ бетте.

      Ректор
      (Аймақтық орталықтың басшысы) ________________________

      Ескерту: хабарлама фирмалық бланкіде Аймақтық орталық басшысының немесе орталық қызмет ететін базалық ұйым басшысының қолымен рәсімделеді.

                 Емтихан комиссиясының құрамы:

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (төраға) - ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны.
      2. Тегі, аты, әкесінің аты - ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны.

                         Ізденушілер тізімі

Пән

Емтихан өткізетін күні,
уақыты және орны (ғимарат,
аудитория)



Емтихан тапсыратын ізденушілердің Т.А.Ж. (толық)
және олардың мамандықтары



         Аймақтық орталықтың хатшысы -
      аспирантура меңгерушісі ____________________

                                  Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін
                                    аралық аттестаттаудан өткізу
                                        жөніндегі нұсқаулыққа
                                             2-қосымша

            Кандидаттық емтихан өткізу туралы
                         хабарлама

______________________ __________________________арнайы пәні
(ұйымның атауы)               (шифры және атауы)
(жалпы курс) бойынша кандидаттық емтихан өткізілетіні туралы хабарлайды.

                Емтихан комиссиясының құрамы:

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (төраға) - ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі.
      2. Тегі, аты, әкесінің аты - ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры (автореферат бойынша), ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі.
      3. Тегі, аты, әкесінің аты - ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры (автореферат бойынша), ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі.
      4. Тегі, аты, әкесінің аты - ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры (автореферат бойынша), ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі.
      5. Тегі, аты, әкесінің аты - ғылыми дәрежесі, мамандығының шифры (автореферат бойынша), ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, диссертациялық кеңестегі мүшелігі.

                     Ізденушілер туралы мәлімет

N

Пән
(Шифры және атауы)

Емтихан өткізетін күні,
уақыты және орны (ғимарат,
аудитория)


N

Емтихан тапсыратын
ізденушілердің Т.А.Ж.
(толық)

Мамандық

1

2

3




                   (әр мамандық үшін жеке толтырылады)

      Директор (ректор) ________________________

      Ескерту: хабарлама фирмалық бланкіде рәсімделеді

                                  Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін
                                    аралық аттестаттаудан өткізу
                                        жөніндегі нұсқаулыққа
                                             3-қосымша

               Орталық басқару органының атауы

                  Ұйымның атауы (Аймақтық орталық)
                     Заңды тұлғаның мекен-жайы

N___ куәлік ______________________________________________________________
(аты-жөні)

мынадай пәндерден ________________________________________________
кандидаттық емтихандар тапсырғаны және төмендегі бағаларды алғаны туралы берілді:

N

Пәннің атауы

Бағасы және
емтихан
тапсырған күні

Аты-жөні, емтихан
комиссиясы
төрағасының
және мүшелерінің
ғылыми дәрежесі,
атағы мен лауазымы

Ұйымның атауы

1

Пән (шифры және
атауы)
(кандидаттық
емтихан өткізу
туралы
бұйрықтың N және
күні, Комитетке
жіберілген
хабарламаның N
және күні)



         Емтихан тапсырылған орынның мұрағатында сақталған хаттамалардың түпнұсқалары негізінде берілді.

      Базалық ұйымның басшысы

      Аспирантура меңгерушісі

       Мерзімі "____"____________

       Мөр

                                  Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін
                                    аралық аттестаттаудан өткізу
                                        жөніндегі нұсқаулыққа
                                             4-қосымша

               Орталық басқару органының атауы

                      Ұйымның атауы (ЖОО, ҒЗИ)
                      Заңды тұлғаның мекен-жайы

                             N___ куәлік

      ____________________________________________________________
                             (аты-жөні)

мынадай пәндерден ________________________________________________
кандидаттық емтихандар тапсырғаны және төмендегі бағаларды алғаны туралы берілді:

N

Пәннің атауы

Бағасы және
емтихан тапсырған
күні

Аты-жөні, емтихан
комиссиясы
төрағасының және
мүшелерінің ғылыми
дәрежесі, атағы мен
лауазымы

Ұйымның атауы

1

Пән (шифры
және атауы)
(кандидаттық
емтихан
өткізу туралы
бұйрықтың N
және күні,
Комитетке
жіберілген
хабарламаның N
және күні)

Бағасы


         Аймақтық орталықтың куәлігі мен емтихан тапсырылған орынның мұрағатында сақталған хаттамалардың түпнұсқалары негізінде берілді.

      Ұйымның басшысы

      Аспирантура меңгерушісі

       Мерзімі "____"___________

       Мөр

Об утверждении Инструкции по проведению промежуточной аттестации соискателей ученых степеней

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 сентября 2007 года N 409. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 сентября 2007 года N 4941. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 июля 2013 года № 257

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 04.07.2013 № 257.

      В целях дальнейшего совершенствования и повышения требований к аттестации научных кадров в части организации и проведении кандидатских экзаменов  ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по проведению промежуточной аттестации соискателей ученых степеней.

      2. Комитету по надзору и аттестации в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Балыкбаев Т.О.):
      обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      после государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета по надзору и аттестации в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Балыкбаев Т.О.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после официального опубликования.

      Министр

Утверждена               
приказом Министра образования и науки
Республики Казахстан         
от 2 сентября 2007 года N 409    

  ИНСТРУКЦИЯ
по проведению промежуточной аттестации соискателей ученых степеней 1. Общие положения

      1. С целью оценки научно-квалификационного уровня и определения способности к самостоятельной научно-исследовательской работе соискателя ученой степени кандидата наук и в соответствии с требованиями к аттестации научных кадров соискатель должен пройти промежуточную аттестацию. Промежуточная аттестация соискателей ученой степени осуществляется в форме кандидатских экзаменов.

      2. К кандидатским экзаменам допускаются граждане, имеющие высшее профессиональное образование, подтвержденное присуждением квалификации "специалист" или академической степени "магистр".
      Кандидатские экзамены установлены по истории и философии науки (по отраслям), казахскому языку, иностранному языку и специальной дисциплине (специальности).
      Соискатель, имеющий высшее профессиональное образование не по профилю выполняемой кандидатской диссертации, сдает дополнительный кандидатский экзамен по общему курсу соответствующей отрасли науки или подотрасли (группы специальностей), охватывающему их основное содержание (например, общий курс химии, общий курс физики и др.).
      Соискатель ученой степени доктора наук, имеющий ученую степень кандидата наук по отрасли науки (с учетом группы специальностей), не соответствующей профилю выполняемой диссертации, должен сдать экзамен по специальности диссертации, а соискатель, имеющий при этом высшее профессиональное образование не по профилю выполняемой докторской диссертации, сдает также экзамен по общему курсу соответствующей отрасли (подотрасли) науки.

      3. Кандидатские экзамены по истории и философии науки (по отраслям), иностранному языку, казахскому языку принимаются в региональных центрах, созданных Министерством образования и науки Республики Казахстан.

  2. Основные требования,
устанавливаемые при проведении кандидатских экзаменов

      4. Кандидатский экзамен по казахскому языку сдают граждане Республики Казахстан и лица без гражданства, постоянно проживающие в Республике Казахстан, выполняющие диссертационную работу на русском языке. Соискатели, выполняющие диссертационные работы на казахском языке, от сдачи этого экзамена освобождаются.

      5. В качестве иностранного языка соискатели могут сдавать английский, французский, немецкий. Если для выполнения диссертационной работы необходимо знание другого иностранного языка, то руководитель организации, где выполнялась диссертация, может обратиться с обоснованным ходатайством в Комитет по надзору и аттестации в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее - Комитет) за разрешением на прием кандидатского экзамена по требуемому языку.

      6. Соискатели ученой степени кандидата наук из числа иностранных граждан сдают кандидатские экзамены по истории и философии науки, иностранному языку и специальной дисциплине и освобождаются от сдачи кандидатского экзамена по казахскому языку.

      7. Кандидатские экзамены по общему курсу и специальной дисциплине принимаются по месту предстоящей защиты диссертации. Если диссертация выполнена на стыке двух специальностей, соискатель сдает кандидатские экзамены по каждой специальности отдельно.

      8. Программы кандидатских экзаменов по общенаучным дисциплинам, общему курсу и типовые программы кандидатских экзаменов по специальным дисциплинам утверждаются Комитетом.

  3. Формирование составов экзаменационных комиссий

      9. Кандидатские экзамены по общенаучным дисциплинам принимают комиссии, утверждаемые руководителями базовых вузов, в которых организованы региональные центры, по каждой дисциплине и согласованные с Комитетом. Экзаменационная комиссия формируется из высококвалифицированных научных и научно-педагогических работников в составе председателя и 4-х членов ежегодно и действует в течение календарного года.
      В состав комиссии по дисциплине "История и философия науки" должны входить не менее 2-х докторов философских наук, один из которых назначается председателем комиссии, кандидаты философских наук и доктор наук по соответствующей отрасли науки.
      В состав комиссии по приему кандидатского экзамена по казахскому языку должны входить преподаватели кафедр казахского языка, имеющие ученую степень и специалист, имеющий ученую степень, по соответствующей отрасли, свободно владеющий казахским языком. Председателем комиссии должен быть доктор филологических наук по специальности 10.02.02 - Казахский язык или 10.02.06 - Тюркские языки (по автореферату).
      В комиссию по приему кандидатского экзамена по иностранному языку включаются преподаватели кафедр иностранных языков, а также преподаватели кафедр по профилю диссертации, имеющие ученые степени и свободно владеющие данным языком. Председателем комиссии должен быть высококвалифицированный специалист по соответствующему языку, имеющий ученую степень.

      10. Экзаменационная комиссия для приема экзамена по общему курсу формируется руководителем организации, при которой функционирует диссертационный совет, в составе 3-х членов диссертационного совета - докторов наук соответствующей отрасли, а также 2-х членов кафедр по профилю диссертации, имеющих ученые степени.
      Экзаменационная комиссия для приема экзамена по специальной дисциплине формируется руководителем организации, при которой функционирует диссертационный совет, в составе 5-ти членов диссертационного совета - докторов наук, из них не менее 3-х, представляющих данную специальность по автореферату, с учетом рекомендаций председателя диссертационного совета.
      В случае планирования разовой защиты диссертации по специальности, не представленной в совете, экзаменационная комиссия для приема экзамена по специальной дисциплине формируется руководителем организации, при которой функционирует диссертационный совет, в составе 5-ти докторов наук, из них не менее 2-х представляющих данную специальность по автореферату.

  4. Организация проведения промежуточной аттестации

      11. Кандидатские экзамены по общенаучным дисциплинам (история и философия науки, казахский и иностранный языки) принимаются на экзаменационных сессиях два раза в год (май-июнь, октябрь-ноябрь), а по специальной дисциплине и общему курсу - в сроки, определяемые организацией по месту сдачи экзамена по согласованию с соискателем.
      Экзамен по специальной дисциплине проводится после сдачи кандидатских экзаменов по общенаучным дисциплинам и общему курсу.
      В течение одного дня соискатель может сдать только один экзамен.
      За месяц до проведения экзаменов организация направляет в Комитет извещение (приложения 1, 2), в котором указываются дата, время и место приема экзамена, состав экзаменационной комиссии (фамилия, имя, отчество, ученая степень, шифр специальности при приеме экзамена по специальной дисциплине), список соискателей и их специальности.

  5. Форма проведения экзаменов

      12. Экзамен по истории и философии науки (по отраслям) является комбинированным. Общая часть предмета проверяется с использованием тестовых заданий с выбором одного правильного ответа (тестов закрытого типа) с использованием технологии Национального центра государственных стандартов образования и тестирования, а специальная часть, требующая развернутого ответа, проводится в виде письменного экзамена экзаменационной комиссией.
      Задания к специальной части разрабатываются региональным центром на основе типовой программы кандидатского экзамена по Истории и философии науки (по отраслям), утвержденной Комитетом.
      Экзамен по иностранному языку проводится по комбинированной схеме. Степень владения соискателем иностранным языком проверяется в форме тестирования по Технологии стандартизированного тестирования по иностранным языкам. Вторая часть экзамена для оценки знания языка в области исследований проводится экзаменационной комиссией.
      Так же кандидатский экзамен по иностранному языку засчитывается при наличии сертификата либо другого документа о сдаче экзамена в международных образовательных организациях (ACCELS, Британский Совет, Гете Институт, Французский альянс) по стандартизированной технологии в форме TOEFL, IELTS, DAF, DELF, DALF с результатом не менее 60% от максимального порогового уровня.
      Экзамен по общему курсу проводится по программе, состоящей из двух частей - типовой программы (3 вопроса), утвержденной Комитетом и дополнительной программы (2 вопроса), утвержденной диссертационным советом организации, в которой принимается экзамен.
      Экзамен по специальной дисциплине проводится по программе, состоящей из двух частей - типовой программы по специальности (3 вопроса), утвержденной Комитетом, и дополнительной программы (3 вопроса), утвержденной диссертационным советом организации, в которой принимается экзамен. Дополнительная программа должна включать разделы, связанные с темой исследований соискателя, учитывать последние достижения науки и новейшие методы и методики исследований. По данной части программы экзамена соискатель должен показать знание современного состояния, тенденций и перспектив развития исследуемого направления науки.
      Экзамены по специальной дисциплине, общему курсу, казахскому языку проводятся в письменной или тестовой формах по усмотрению экзаменационной комиссии.
      В процессе экзамена соискатель использует листы со штампом базовой организации, которые сохраняются после экзамена в установленном порядке.

      13. Уровень знаний соискателя оценивается отметками: "отлично", "хорошо", "удовлетворительно", "неудовлетворительно". Если при сдаче кандидатского экзамена по специальной дисциплине, соискатель получил неудовлетворительную оценку на один из вопросов типовой программы, то прием экзамена прекращается. Оценки "удовлетворительно", "хорошо" и "отлично" ставятся в случае положительных ответов на все вопросы типовой программы с учетом ответов на вопросы дополнительной программы.
      При сдаче экзаменов по истории и философии науки и иностранному языку в случае получения неудовлетворительной оценки за первую часть экзамена - с использованием тестов, ко второй части экзамена соискатель не допускается.

      14. В случае неявки соискателя на экзамен по уважительной причине он может быть допущен руководителем организации, регионального центра, к сдаче экзамена в течение текущей сессии.
      При получении соискателем на экзамене неудовлетворительной оценки повторная сдача экзамена по этой дисциплине в течение одной сессии не допускается.
      Решение экзаменационной комиссии может быть обжаловано соискателем в пятидневный срок у руководителя организации.

  6. Оформление результатов промежуточной аттестации

      15. На каждого соискателя заполняется протокол заседания экзаменационной комиссии, в который заносятся вопросы экзаменационного билета, в том числе дополнительно заданные вопросы, и выставленные оценки. Протокол подписывается председателем и членами комиссии с указанием их ученой степени и шифра специальности, утверждается руководителем организации и хранится по месту сдачи кандидатского экзамена в течение десяти лет.

      16. После сдачи последнего экзамена соискателю выдается единое удостоверение о сдаче кандидатских экзаменов организацией, в которой сдан экзамен по специальной дисциплине, на основании удостоверений о сдаче отдельных кандидатских экзаменов или протоколов заседаний экзаменационных комиссий по прилагаемой форме (приложение 3, 4).
      При наличии сертификата либо другого документа о сдаче экзамена в международных образовательных организациях (ACCELS, Британский Совет, Гете Институт, Французский альянс) по стандартизированной технологии в форме TOEFL, IELTS, DAF, DELF, DALF), к удостоверению о сдаче кандидатского экзамена прилагается его нотариально заверенная копия.
      Оценки кандидатских экзаменов действительны в течение десяти лет.

Приложение 1            
к Инструкции по проведению    
промежуточной аттестации    
соискателей ученых степеней   

                                  Извещение 
                    о проведении кандидатского экзамена

      Региональный центр при _____________________________________________
                                          (название вуза)

сообщает о проведении кандидатских экзаменов по общенаучным дисциплинам в
весеннюю (осеннюю) сессию.

      Приложение на ___листах.  

      Ректор
      (Руководитель Регионального центра) ______________________

      Примечание: извещение оформляется на фирменном бланке за подписью руководителя Регионального центра или руководителя базовой организации, при котором функционирует центр.

                   Состав экзаменационной комиссии:

      1. Ф.И.О. (председатель) - ученая степень, шифр специальности, ученое
звание, должность, место работы;
      2. Ф.И.О. - ученая степень, шифр специальности, ученое звание,
должность, место работы;

                           Список соискателей

N

Дисциплина 

Дата, время и место (корпус,
аудитория) проведения экзамена





Ф.И.О. (полностью) соискателей, сдающих экзамен и их специальности



        Секретарь Регионального центра -
      заведующий аспирантурой                  __________________

Приложение 2            
к Инструкции по проведению    
промежуточной аттестации    
соискателей ученых степеней   

                                  Извещение
                    о проведении кандидатского экзамена

      ____________________ сообщает о проведении кандидатского экзамена по
      (название организации)

      специальной дисциплине (общему курсу) ______________________________
                                                  (шифр и название)

                     Состав экзаменационной комиссии:

       1. Ф.И.О. (председатель) - ученая степень, шифр специальности, ученое
звание, должность, место работы, членство в диссертационном совете;
      2. Ф.И.О. - ученая степень, шифр специальности (по автореферату),
ученое звание, должность, место работы, членство в диссертационном совете;
      3. Ф.И.О. - ученая степень, шифр специальности (по автореферату),
ученое звание, должность, место работы, членство в диссертационном совете;
      4. Ф.И.О. - ученая степень, шифр специальности (по автореферату), ученое
звание, должность, место работы, членство в диссертационном совете;
      5. Ф.И.О. - ученая степень, шифр специальности (по автореферату),
ученое звание, должность, место работы, членство в диссертационном совете.

                         Сведения о соискателях

N

Специальность
(шифр и название)

Дата, время и место
(корпус, аудитория)
проведения экзамена


N

Ф.И.О. (полностью)
соискателей,
сдающих экзамен

Специальность

1

2

3




                (заполняется отдельно для каждой специальности)

      Директор (ректор)                __________________________

Примечание: извещение оформляется на фирменном бланке.

Приложение 3            
к Инструкции по проведению    
промежуточной аттестации    
соискателей ученых степеней   

              Наименование центрального органа управления
                  Название организации (Региональный центр)
                          Адрес юридического лица

                              Удостоверение N

      Выдано_____________________________________________________________,
                                  (ф.и.о.)
в том, что он (она) сдал (а) кандидатские экзамены по следующим
дисциплинам ____________________________________________________и

получил(а) следующие оценки:

N

Название
дисциплины

Оценка
и дата сдачи
экзамена

Ф.И.О.,
ученые степени, звания
и должности
председателя и членов
экзаменационной комиссии

Название организации

1

Дисциплина
(шифр и название)
 
  (N и дата приказа
о проведении
кандидатского
N и дата
извещения,
направленного
в Комитет)



        Выдано на основании подлинных протоколов, хранящихся в архиве по
месту сдачи экзаменов. 

      Руководитель базовой организации

      Заведующий аспирантурой

      Дата " "
      Печать

Приложение 4            
к Инструкции по проведению    
промежуточной аттестации    
соискателей ученых степеней   

             Наименование центрального органа управления
                     Название организации (вуз, НИИ)
                         Адрес юридического лица

                             Удостоверение N

      Выдано_____________________________________________________________,
                                 (ф.и.о.)
в том, что он (она) сдал (а) кандидатские экзамены по следующим дисциплинам
______________________________________________________________и 

получил(а) следующие оценки: 

N

Название
дисциплины

Оценка
и дата
сдачи
экзамена

Ф.И.О.,
ученые степени, звания
и должности 
председателя и членов
экзаменационной
комиссии

Название организации

1

Дисциплина
(шифр и
название)
 
  (N и дата
приказа
о проведении
кандидатского
экзамена,
N и дата
извещения,
направленного
в Комитет)

Оценка


        Выдано на основании удостоверения Регионального центра и подлинных
протоколов, хранящихся в архиве по месту сдачи экзаменов.

      Руководитель организации
      Заведующий аспирантурой

      Дата " "
      Печать