Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 257 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабы 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 7 қыркүйектегі № 409 бұйрығының (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4941 болып тіркелген, 2007 жылғы 31 қыркүйекте «Заң газетінің» № 163 (1366) санында жарияланған);
      2) «Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау мен аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығының (нормативтік құқық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5172 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 қазанда «Заң газетінің» № 166 (1566) санында жарияланған);
      3) «Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау мен аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 5 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 211 бұйрығының (нормативтік құқық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5692 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 шілдеде «Заң газетінің» № 111 (1708) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б.Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады