Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының»"Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4301 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4581 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 156 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4806 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
12-қосымшаның кестесінде:
реттік нөмірі 22-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
23 |
Агенттік Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер |
";
22-қосымшаның кестесінде:
реттік нөмірі 8-жолдағы "Банктің кепілдігімен," деген сөздер "Банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-қосымшаның кестесінде:
реттік нөмірі 8334-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 8335-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8335 |
Агенттік Басқармасының "Рейтинг агенттіктері |
күн сайын |
"
реттік нөмірі 8351-жолдағы "Банктің кепілдігімен," деген сөздер "Банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, ал оның нормалары осы қаулының 2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жетінші, сегізінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, Агенттік Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4717 тіркелген) күшіне енген күннен бастап пайда болған қатынастарға таралады.
3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға