Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы Нарығын және Қаржы Ұйымдарын Реттеу мен Қадағалау Агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 156 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 14 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4806 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы  N 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4301 тіркелген)
Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23
ақпандағы  N 46 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4581 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен
толықтырулар енгізілсін:
 

      аталған қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
 

      1-қосымшада:
      "Атауы" бағанындағы реттік нөмірі 47-жолдағы "заемшылар тобына қатысты" деген сөздерден кейінгі "басқа да рейтинг агенттіктерінің бірінің" деген сөздер "Fitch немесе Moody , s Investors Servise агенттіктерінен (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері)" деген
сөздермен ауыстырылсын;
 

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 70-73-жолдармен толықтырылсын:
"

70

k8 коэффициенті есебіне енгізілетін резидент еместер
алдындағы міндеттемелер     

71

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы
міндеттемелерге банктерді капиталдандыру коэффициенті(k8)

72

k9 коэффициенті есебіне енгізілетін резидент еместер
алдындағы міндеттемелер

73

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы
міндеттемелерге банктерді капиталдандыру коэффициенті(k9)

                                                         ";
 

      2-қосымшада:
      реттік нөмірі 43-жолда: "Баптар атауы" бағанында "проценттен" деген сөзден кейін "қоса алғанда" деген сөзбен толықтырылсын;
      "Тәуекел дәрежесі процентпен" бағанындағы "25" деген цифр "50" деген цифрмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 44-жолда:
      "Баптардың атауы" бағанында "60 проценттен аспайтын" деген сөздер "51-мен 60 процентті қоса алғандағы шекте болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 45-жолда:
      "Баптардың атауы" бағанындағы "70 проценттен аспайтын" деген сөздер "61-мен 70 процентті қоса алғандағы шекте болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Тәуекел дәрежесі процентпен" бағанындағы "75" деген цифр "100" деген цифрмен ауыстырылсын;
      "Баптардың атауы" бағанындағы реттік нөмірі 60-жолдағы "тәуекел тобына" деген сөздер "V тәуекел тобына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Тәуекел дәрежесі процентпен" бағанындағы реттік нөмірі 82-жолдағы "125" деген цифр "150" деген цифрмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 82-1-жолмен толықтырылсын:
"

82-1

Тұтынушылық кредиттер


150


                                                                 ";
 

      12-қосымшада:
      "Жоғары өтімді активтердің айлық орта шегін талдау" кестесінде:
      "Баптар атауы" бағанындағы реттік нөмірі 18 жолдар ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Рооr's агенттігінің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді
рейтингі бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      22-қосымшада:
      "Атауы" бағанындағы реттік нөмірі 5-жол ", сондай-ақ 2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразиялық даму банкін құру туралы Келісімге сәйкес Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - Еуразиялық даму банкі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Атауы" бағанындағы реттік нөмірі 6-жол ", сондай-ақ Еуразиялық даму банкімен" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасының резидент еместері
алдындағы жиынтық міндеттемелер


                                                                  ";
 

      23-қосымшада:
      "Белгінің атауы" бағанындағы реттік нөмірі 8055-жолдағы "тәуекел тобына" деген сөздер "V тәуекел тобына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Белгінің атауы" бағанындағы реттік нөмірі 8346, 8347-жолдар "сондай-ақ Еуразиялық даму банкі" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 8349-жол мындай редакцияда жазылсын:

8349

Банктің мемлекеттік бағалы қағаздардың
және оларды кері сатып алу немесе
кепілдікке беру талаптары бойынша сатқан
өзге жоғары өтімді бағалы қағаздарының
баланстық құны


күн сайын

                                                               ";
      реттік нөмірі 8351-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8352-жолмен толықтырылсын:
"

8352

Тұтынушылық кредиттер


ай сайын

                                                               ".
 

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне
мәлімет үшін жіберсін.
 

      4. Ақпарат технологиясы басқармасы (А.Ж. Бейсенбаев) 2007 жылғы 1 шілдедегі мерзімге дейін "Статистика" автоматтандырылған ақпарат жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
 

      5. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
 

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады