Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 225 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 1 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4956 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының»"Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы  N 136 қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4301 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы  N 46  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4581 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы  N 156 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4806 тіркелген) қаулыларымен  енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:

      12-қосымшаның кестесінде:
      реттік нөмірі 22-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

23

Агенттік Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер
мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған
барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" 2007 жылғы 30
сәуірдегі N 128 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілер-
ді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4717 тіркелген) белгі-
ленген рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін
барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигация-
лары

                                                               ";

      22-қосымшаның кестесінде:
      реттік нөмірі 8-жолдағы "Банктің кепілдігімен," деген сөздер "Банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-қосымшаның кестесінде:
      реттік нөмірі 8334-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 8335-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

8335

Агенттік Басқармасының "Рейтинг агенттіктері
мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын об-
лигацияларға арналған барынша төмен рейтингті
белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128
қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мем-
лекеттік тіркеу тізілімінде N 4717 тіркелген)
белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің та-
лап етілетін барынша төмен рейтингі бар шетел
эмитенттерінің облигациялары

күн сайын

                                                                "
      реттік нөмірі 8351-жолдағы "Банктің кепілдігімен," деген сөздер "Банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, ал оның нормалары осы қаулының 2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жетінші, сегізінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, Агенттік Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі  N 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4717 тіркелген)  күшіне енген күннен бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады