Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік, қаржылық қамтамасыз ету департаменттері Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылға арналған бюджеттік өтінімдерін құру кезінде мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу бойынша бюджеттік бағдарлама көздесін.
3. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
міндеттерін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2007 жылғы 29 қазандағы
N 648 бұйрығымен бекітілген
Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру,
сақтау және пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесі (бұдан әрi - Ереже) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстары - тұқымдық мақсаттар үшін пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету үшін құрылған және арналған мақта тұқымының мемлекеттік запастары;
2) мамандандырылған ұйым - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік холдинг айқындаған, мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым;
3) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ;
4) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға.
3. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану уәкілетті орган мен мамандандырылған ұйым арасында мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сенімділікпен басқару шартын жасау арқылы жүзеге асырылады.
4. Мамандандырылған ұйым мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдаланумен байланысты қызмет нәтижелері бойынша уәкілетті органға уәкілетті орган белгілеген тізбеде, нысандарда және мерзімдерде есептік береді.
2. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру
5. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды уәкілетті орган мамандандырылған ұйым арқылы:
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен аттестатталған өндірушілерден мақта тұқымын сатып алу;
бұрын берілген тұқымдық несиелерді қайтару;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сатудан түскен қаражатқа аттестатталған өндірушілерден мақта тұқымын сатып алу жолымен жүзеге асырады.
6. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарына жеткізілетін мақтаның сорттық тұқымы Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттарға жатуы, ал сорттық және себу сапалары бойынша мына талаптарға жауап беруі тиіс:
элита тұқымы - сорттық тазалықтың бірінші санаты және себу стандартының бірінші сыныбы;
бірінші-екінші көбейтілген тұқым - сорттық тазалықтың екінші санатынан және себу стандартының екінші сыныбынан төмен емес.
3. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сақтау
7. Мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстары мақта өңдейтін ұйымдарда бүлінуден, басқа дақылдармен және сорттармен араласып кетпеуден толық сақтауды қамтамасыз ететін арнайы бөлінген қоймаларда сақталады.
8. Мамандандырылған ұйым мен мақта өңдеу ұйымдары мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарының сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етеді.
9. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сақтау жөніндегі шығындар оны сатудан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылады.
10. Мақта өңдеу ұйымдары уәкілетті органға және мамандандырылған ұйымға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын сақтау жөнінде есеп береді.
4. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын пайдалану
11. Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын пайдалануды тұқымдық несие беру және сату, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымына мақта тұқымын сақтау жөніндегі қызметке төленетін ақы есебінде беру арқылы мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
12. Тұқымдық несиені беру бөлінетін несие құнының 3 пайызынан аспайтын мөлшердегі қайтару коэффициентін ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негізде жүргізіледі.
13. Тұқымдық несие алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мамандандырылған ұйым құрған комиссияға өтініш, жер телімінің құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесін және Қазақстан Республикасының банкілік заңнамасына сәйкес ресімделген екінші деңгейдегі банктің кепілдігін тапсырады.
14. Тұқымдық несиені қайтару ағымдағы жылғы өнім мақтасының сорттық тұқымынан немесе несие беру шартында көрсетілген мерзімдерде шитті мақтамен, мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстарын сақтауды жүзеге асыратын мақта өңдеу ұйымдарына жеткізу арқылы жүзеге асырылады.
15. Мақта тұқымын сату алдын ала төлем немесе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің кепілдігі бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Мақта тұқымын сатып алу кезінде сатып алушылар мамандандырылған ұйымға сонымен қатар өтінішті және жер телімінің құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
16. Мақта тұқымының сақтау мерзімі өткен жағдайда мамандандырылған ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен айырбастау шарты негізінде мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстарын айырбастауды жүзеге асырады.
17. Мамандандырылған ұйым уәкілетті органға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарының бары және қозғалысы жөнінде ақпарат береді.
Мақта тұқымының мемлекеттік
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2007 жылғы 29 қазандағы
N 648 бұйрығымен бекітілген
Тоқсан сайын
тоқсан есебі біткеннен кейін 25-күні
тапсырылады
______________________________________________________
(мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы)
200 _ жылғы _____ тоқсандағы мақта тұқымының мемлекеттік
ресурстарын сақтау есебі
N |
Дақыл |
Сорт |
Көлемі |
Есеп құны |
|
Кондициалы тұқым |
|||||
кестенің жалғасы
Сапалық құрам және мінездемесі |
|||||
Санаты |
Репродукциясы |
||||
1 |
2 |
3 |
элита |
1 |
2 |
кестенің жалғасы
Себу стандарты сыныбы |
Өнімділігі |
Кондицияға |
||
1 |
2 |
3 |
||
Басшы _____________________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
М.О.
Мақта тұқымының мемлекеттік
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану ережесіне
2 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2007 жылғы 29 қазандағы
N 648 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің Ауыл шаруашылығы министрлігіне
"___" ______ 200__ ж. N___ айына бір рет 29 күні
бұйрығымен бекітілген мамандандырылған ұйым
Қазақстан Республикасы тапсырады
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Ведомстволық ақпараты
"___" __________200_ жылғы мақта тұқымының мемлекеттік
ресурстарының бары және қозғалысы
Мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы |
"___"______ |
__ __ _____ |
__ __ _____ |
"___"______ |
Басшы ________________ _________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Орындаушы ________________ _________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)