Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа шығу және қызметтер көрсетудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 232 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3119 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының 2005 ж., N 3-8, 26-құжат нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта "шығу және" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа шығу және қызметтер көрсетудің Ережесінде:
"Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа шығу және қызметтер көрсетудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 232 бұйрығымен бекітілген" грифінде және тақырыбында "шығу және" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы ", сондай-ақ субъектілердің бөлшек сауда нарығына қатысу үшін қол жеткізу талаптарын белгілейді" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 1)-тармақшасы алынып тасталсын;
20-тармақта "осы Ереженің 58 және 59-тармақтарында белгіленген" деген сөздер "табиғи монополиялар саласындағы қызметтерге бақылау және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген электр энергиясы бөлшек сауда нарығына қол жеткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
23 және 24-тармақтар алынып тасталсын;
4-тарау алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Н.Б. Бертісбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның соңынан ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының міндетін
атқарушы