Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органның хабарлау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 517-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5101 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 30 наурыздағы № 148 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009.03.30 № 148 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз

      "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  31-бабының 3-тармағына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органның хабарлау ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қаржы-экономикалық талдау және әкімшілік жұмыстар Департаменті (Н.Б.Оразалиев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін және оны Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д.Бишиғаевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

      Қазақстан Республикасы    
Ақпараттандыру және байланыс 
агенттігі төрағасының    
2007 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 517-Ө бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органның хабарлау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттеуші органның ескерту ережесі (бұдан әрі - Ереже)»"Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереженің мақсаты тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттеуші органның хабарлау тәртібін айқындау болып табылады.

      3. Осы Ереже жекеменшік нысандарына қарамастан, телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілеріне (бұдан әрі - нарық Субъектілері) арналған.

      4. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы бағалардың (тарифтердің) мемлекеттік реттеуін жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік орган;
      2) тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - азаматтық айналымның объектісі болып табылатын мүлік.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

  2. Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаны ұсыну тәртібі

      5. Нарық Субъектілері тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органды отыз күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде ескертеді.

      6. Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін) қызметтерге бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаға:
      1) көтеру себептерін растайтын құжаттар (шикізат, материалдар, қызметтер құнының өсуін растайтын тиісті шарттардың көшірмелері);
      2) қызметтің әрбір түрі бойынша баға жобасы;
      3) бухгалтерлік теңгерім;
      4) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп;
      5) еңбек және жалақы жөніндегі есеп;
      6) өндірістік - қаржы қызметі туралы есеп;
      7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және олардың қозғалысы;
      8) тұтастай кәсіпорын және әрбір түрі бойынша жеке шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып, бағалардың жобасын есептеу үшін қолданылатын табыстар мен шығыстар туралы жиынтықты деректер;
      9) еңбекақы төлеудің қолданылып отырған жүйесі туралы деректер;
      10) шикізат және материалдар шығысының қолданылып отырған нормалары, қызметкерлер санының нормативтері туралы деректер;
      11) егер бар болған жағдайда есепке алу саясаты;
      12) егер бар болған жағдайда инвестициялық бағдарламалар (жобалау);
      13) ағымдағы және күрделі жөндеуге және негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмысына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
      14) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
      15) негізгі құралдарды пайдалану мерзімін көрсеткен амортизациялық аударымдарды есептеу;
      16) негізгі құралдарды пайдалану мерзімін көрсеткен амортизациялық аударымдардың жиынтық есебі;
      17) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланған көлемін растайтын құжаттар - ниет етілген хаттамалары, шарттар, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру (жеткізу) көлемдерінің есебі, жобалық қуаттылығы және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректер;
      18) дебиторлық және кредиторлық берешектің түсіндіріліп жазылуы қоса беріледі.
      Нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      7. Реттеуші орган бағаны көтеру себептері туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы, ол нарық Субъектілері сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде берілуге тиіс.

      8. Реттеуші орган тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) жаңа бағаларды қолданысқа енгізгенге дейін отыз күнтізбелік күн ішінде нарық Субъектілеріне тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны көтеруге дәлелді қорытындымен тыйым салуға құқылы.
      Тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) дәлелді қорытындыны алған күннен бастап нарық Субъектісі тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны көтеру жөнінде іс-әрекетті тоқтатуға және осы іс-әрекеттермен тұтынушыға келтірілген залалдың белгіленген тәртіппен орнын толтыруға тиіс.

Об утверждении Правил уведомления регулирующего органа в области телекоммуникации и почтовой связи о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги)

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 29 декабря 2007 года № 517-П. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 января 2008 года № 5101. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 30 марта 2009 года № 148

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по информатизации и связи от 30.03.2009 № 148.

      В соответствии с пунктом 3  статьи 31 Закона Республики Казахстан "О конкуренции и ограничении монополистической деятельности",  ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила уведомления регулирующего органа в области телекоммуникации и почтовой связи о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги).

      2. Департаменту финансово-экономического анализа и административной работы Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи (Уразалиев Н.Б.):
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить его официальное опубликование в средствах массовой информации и довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи Бишигаева А.Д.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования.

      Председатель

Утверждены             
приказом Председателя       
Агентства Республики Казахстан   
по информатизации и связи     
от 29 декабря 2007 года N 517-П  

  Правила уведомления регулирующего органа
в области телекоммуникации и почтовой связи о предстоящем
повышении цен на товары (работы, услуги) 1. Общие положения

      1. Правила уведомления регулирующего органа в области телекоммуникации и почтовой связи о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги) (далее - Правила) разработаны в соответствии с  Законом Республики Казахстан "О конкуренции и ограничении монополистической деятельности".

      2. Целью настоящих Правил является определение порядка уведомления регулирующего органа в области телекоммуникации и почтовой связи о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги).

      3. Настоящие Правила распространяются на субъектов рынка, независимо от форм их собственности, занимающих доминирующее (монопольное) положение на товарных рынках в области телекоммуникации и почтовой связи (далее - Субъекты рынка).

      4. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) регулирующий орган - государственный орган, уполномоченный осуществлять государственное регулирование цен (тарифов) в области телекоммуникации и почтовой связи в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      2) товар (работы, услуги) - имущество, являющееся объектом гражданского оборота.
      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  2. Порядок предоставления уведомлений о предстоящем
повышении цен на товары (работы, услуги)

      5. Субъекты рынка уведомляют регулирующий орган в письменном виде за тридцать календарных дней о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги).

      6. К уведомлению о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги) прилагаются:
      1) документы, подтверждающие причины повышения (копии соответствующих договоров, подтверждающие повышение стоимости сырья, материалов, услуг);
      2) проект цен по каждому виду деятельности;
      3) бухгалтерский баланс;
      4) отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности;
      5) отчет по труду и заработной плате;
      6) отчет о производственно-финансовой деятельности;
      7) наличие и движение основных средств и нематериальных активов;
      8) сводные данные о доходах и расходах, применяемые для расчета проекта цен с расшифровками по статьям затрат в целом по предприятию и отдельно по каждому виду;
      9) сведения о применяемой системе оплаты труда;
      10) сведения о применяемых нормах расхода сырья и материалов, нормативах численности работников;
      11) учетная политика, в случае наличии;
      12) инвестиционные программы (проекты), в случае их наличия;
      13) годовая смета затрат, направленных на текущий и капитальный ремонты и другие ремонтно-восстановительные работы, не приводящие к росту стоимости основных средств;
      14) годовая смета затрат, направленных на проведение капитальных ремонтных работ, приводящих к увеличению стоимости основных средств;
      15) расчет амортизационных отчислений с указанием сроков эксплуатации основных средств;
      16) сводный расчет амортизационных отчислений с указанием сроков эксплуатации основных средств;
      17) документы, подтверждающие планируемый объем реализации товаров (работ, услуг) - протоколы намерений, договоры, расчеты объемов производства (поставки) товаров (работ, услуг), данные о проектной мощности и фактическом ее использовании;
      18) расшифровка дебиторской и кредиторской задолженностей.
      Порядок ценообразования на товары (работы, услуги) Субъектов рынка определяется Правительством Республики Казахстан.

      7. Регулирующий орган вправе запрашивать дополнительную информацию о причинах повышения цены, которая должна быть предоставлена в течение пяти рабочих дней с даты получения Субъектом рынка соответствующего запроса.

      8. Регулирующий орган вправе, в течение тридцати календарных дней, до введения в действие новых цен на товары (работы, услуги) мотивированным заключением запретить Субъекту рынка повышать цены на товары (работы, услуги).
      Со дня получения мотивированного заключения о запрете повышения цены на товар (работу, услугу) Субъект рынка прекращает действия по повышению цены на товар (работу, услугу) и возмещает в установленном порядке ущерб, нанесенный потребителю данными действиями.