Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31
N 203/31-IV
Шешімімен.
____________________________
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шілдедегі "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 258 және 394-баптарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" N 154/19-III шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 398 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 07 шілдеде "Вечерняя Астана", 2005 жылғы 07 шілдеде "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 09 ақпандағы "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 342/43-III шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 463 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 06 наурызда "Астана хабары", 2007 жылғы 13 наурызда "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің N 1 қосымшасы осы шешімнің N 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
көрсетілген шешімнің N 2 қосымшасындағы реттік нөмірі 1-4 жолдар алынып тасталсын.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрайымы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
КЕЛІСІЛДІ:
Астана қаласы бойынша
Салық комитетінің төрағасы
(СК)
Астана қаласы мәслихатының
2007 жылғы 24 мамырдағы
383/47-III шешіміне N 1
қосымша
Астана қаласы мәслихатының
2005 жылғы 7 маусымдағы
154/19-ІІІ шешіміне 1
қосымша
Астана қаласы бойынша ойын бизнесі объектілеріне
акциз ставкалары
N
|
Қызметтің
|
Салық
|
Салық салу
|
Акциз
|
Акциз
|
1. |
Ойын
|
Букмекер
|
касса |
96 |
8 |
Тотализатор
|
касса |
168 |
14 |
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы