Астана қаласының аумағында белгіленген салық ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 203/31-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 21 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 571 болып енгізілді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 430/55-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 26.09.2019 № 430/55-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласы аумағында қызметтерін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай белгіленген салық ставкалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы


мәслихатының сессия төрайымы

Н. Петухова

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

В. Редкокашин


  Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 203/31-ІV шешіміне
1-қосымша

Астана қаласының аумағында белгіленген салық
ставкалары

N

р/с

Салық салу объектінің атауы

Салық салу объектінің бірлігі

Бір айда белгіленген салықтың ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

Ойын автоматы

12

2.

Біреуден артық ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

Ойын автоматы

18

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

Компьютер

4

4.

Ойын жолы

Ойын жолы

72

5.

Карт

Карт

5

6.

Бильярд үстелі

Ойын үстелі

12


      Астана қаласы

      мәслихатының хатшысы В. Редкокашин

  Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 203/31-ІV шешіміне
2-қосымша

Астана қаласы мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізілімі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 4 шілдеде N 398 болып тіркелген, 2005 жылғы 7 шілдеде N 102 "Вечерняя Астана", 2005 жылғы 7 шілдеде N 91 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған);

      2. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 9 ақпандағы N 342/43-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 1 наурызда N 463 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 наурызда N 44-45 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 6 наурызда N 43-45 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған);

      3. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 383/47-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда N 470 болып тіркелген, 2007 жылғы 3 шілдеде N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 6 шілдеде N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);

      4. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 62/10-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 4 мамырда N 530 болып тіркелген, 2008 жылғы 13 мамырда N 54-55 "Вечерняя Астана", 2008 жылғы 13 мамырда N 57 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады