Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-III "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 383/47-III Шешімі. Астана қаласының әділет департаментінде 2007 жылғы 26 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 470 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 203/31-IV Шешімімен.

       Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31  N 203/31-IV Шешімімен.
____________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шілдедегі "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 258 және 394-баптарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" N 154/19-III шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 398 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 07 шілдеде "Вечерняя Астана", 2005 жылғы 07 шілдеде "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 09 ақпандағы "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 342/43-III шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 463 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 06 наурызда "Астана хабары", 2007 жылғы 13 наурызда "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің N 1 қосымшасы осы шешімнің N 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      көрсетілген шешімнің N 2 қосымшасындағы реттік нөмірі 1-4 жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрайымы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ:

      Астана қаласы бойынша
      Салық комитетінің төрағасы
      (СК)

                                         Астана қаласы мәслихатының
                                           2007 жылғы 24 мамырдағы
                                           383/47-III шешіміне N 1
                                                   қосымша

                                          Астана қаласы мәслихатының
                                            2005 жылғы 7 маусымдағы
                                            154/19-ІІІ шешіміне 1
                                                     қосымша

       Астана қаласы бойынша ойын бизнесі объектілеріне
                        акциз ставкалары

N
р/с

Қызметтің
түрі

Салық
салу
объектілері

Салық салу
объектісінің
бірлігі

Акциз
ставкасы
бір жылға
(айлық
есеп
көрсет-
кіштері)

Акциз
ставкасы
бір жылға
(айлық
есеп
көрсеткіш-
тері)

1.

Ойын
бизнесі
(лотереядан
басқа)

Букмекер
кеңсесінің
кассасы

касса

96

8

Тотализатор
кассасы

касса

168

14

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады