Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 09.08.2013 № 261 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27, 37 баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2007 жылғы 30 мамырда Ақтөбе облысы бойынша Әділет департаментінде N 3206 тіркелген "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік беру нұсқаулығын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 120 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 120 қаулысымен бекітілген "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторий - курорттық емделуге мүмкіндік беру Нұсқаулығының" 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Осы нұсқаулық азаматтардың жекелеген санаттарына санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік беру жөніндегі заңнаманың қолданылуын нақтылайды".
2) Нұсқаулықтың 2 бөлімінің "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік беру" атауы "Санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік беру" деп өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.М.Рахымжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі