Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 09.08.2013 № 261 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңының 20 бабын орындау мақсатында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарын санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік беру Нұсқаулығы бекітілсін.
2. "Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" ММ азаматтардың жекелеген санаттарының санаторий-курорттық емделуін ұйымдастырсын.
3. "Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" ММ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып белгіленсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.М.Рақымжановқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2007 жылғы 18 сәуірдегі N 120
қаулысымен БЕКІТІЛДІ
Азаматтардың жекелеген санаттарына
санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік беру
Нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік беру Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңының 20 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27 бабына сәйкес әзірленді.
2. Осы нұсқаулық азаматтардың жекелеген санаттарына санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік беру жөніндегі заңнаманың қолданылуын нақтылайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007.11.16 N 366 қаулысымен.
3. Санаторий-курорттық емделу мүмкіндігі Ақтөбе облысының аумағында тұрақты тұратын және тұрақты тұратын жеріндегі емдеу мекемесі дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы бойынша санаторий-курорттық емдеуді қажет ететін Қазақстан Республикасы азаматтарының мынадай санаттарына:
- Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;
- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға беріледі.
2. Санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік беру
Ескерту. 2-бөлім атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007.11.16 N 366 қаулысымен.
4. Санаторий-курорттық емдеуге жіберу үшін осы Нұсқаулықтың 3 тармағында көрсетілген азаматтар аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі - уәкілетті орган) тапсырады:
1) Нұсқаулықтың 1 қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті;
2) санаторий-курорттық емдеуге мұқтаждық туралы емдеу мекемесінің Қазақстан Республикасының санаторийін, емдеу-сауықтыру орнын және пансионатын көрсете отырып берген ДКК қорытындысын;
3) жеке тұлға екендігін куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) осы санатқа жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін немесе азаматтың тұрғылықты жерін (есебін) растайтын құжатты тапсырады.
5. Өтініштерді тіркеу оның келіп түсу тәртібі ретімен аудандық (қалалық) уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Уәкілетті орган жыл сайын осы Нұсқаулықтың 3 тармағында көрсетілгендей азаматтардың жекелеген санаттарына олардың берген өтініштері және емдеу мекемелерінің ДКК қорытындылары негізінде санаторий-курорттық емдеуге мүмкіндік беру қажеттілігін анықтайды.
7. Уәкілетті орган өтініш берілген күнге сәйкес кезектілігі тәртібінде санаторий-курорттық емдеуге жолдама береді.
8. Санаторий-курорттық емдеуге жолдамадан бас тартқан жағдайда ол келесі үміткерге беріледі, келесі үміткер болмаған ретте Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген адамдарға; соғысқа қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген адамдардың басқа санаттарына "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне, Қазақстан Республикасы мен облыс (дербес зейнеткерлер) алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға беріледі, ал олар бас тартқан немесе жоқ болған жағдайда - жасына байланысты зейнеткерлерге беріледі.
9. Аудандық (қалалық) уәкілетті орган жыл сайын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне Нұсқаулыққа 2 қосымшаға сәйкес санаторий-курорттық емдеуден өткен адамдардың тізімін жолдап отырады.
Азаматтардың жекелеген санаттарына
санаторий-курорттық емделу мүмкіндік беру
Нұсқаулығына 1 қосымша
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығына
ӨТІНІШ
Тегі ______________________________________________________
Аты ______________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________
Мәртебесі _________________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________________
____________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Паспорты немесе жеке тұлға куәлігі _________________________
Нөмірі ____________ берілді (қашан, кіммен)_________________
Мені ______________________________________________________
(пансионат, емдеу-сауықтыру орны немесе санаторийдің атауы)
санаторий-курорттық емделуге ____________ айында жіберуіңізді сұраймын.
Емдеу мекемесінің санаторий-курорттық емдеуге мұқтаждығым туралы ДКК қорытындысын қоса беріп отырмын.
Өтінішті берген күні Өтініш берушінің қолы
_________________ ____________________
Азаматтардың жекелеген санаттарына
санаторий-курорттық емделу мүмкіндік беру
нұсқаулығына 2 қосымша
_______________ ауданы (қала) бойынша 200__ жылы
санаторий-курорттық емдеуден өткен тұлғалардың саны
туралы мәлімет
Р/С |
Тегі, аты, |
Туған |
Мәрте бесі |
Мекен- жайы және теле |
Жолдама берілген санаторийдің (емдеу |
Жолдама берілген |
Жолдаманың қайтарылған |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
|||||||
2 |
|||||||
3 |
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы _____________ ______________
қолы Аты-жөні
Орын:______________________
Тел:_______________________