Мұнайлы аудандық мәслихаты мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы ұсынысын қарай келіп, " Kазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Дәулет елді мекені "ауыл" санатына жатқызылсын;
"Жаңа Даулет" тұрғын жай алабы Даулет ауылы аумағының құрамына енгізілсін;
Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылдық округінен бөлініп, орталығы және шекарасы Даулет ауылы болатын Даулет ауылдық округі құрылсын;
бұрын Өмірзақ ауылына қарасты "Жалын", "Атамекен", "Арай", "Қаламқас", "Шағала", "Арман", "Көктем", "Тамшалы", "Туған ел" және "Болашақ" тұрғын жай алаптарының негізінде Атамекен ауылы құрылсын;
Мұнайлы ауданының, орталығы және шекарасы Атамекен селосы болатын Атамекен ауылдық округі құрылсын;
Маңғыстау ауылының құрамынан "Металлург", "Гранит" саяжай алаптары, "Маржан-21 ғасыр" өндірістік кооперативі бөлініп шығарылып, олардың негізінде Басқұдық ауылы құрылсын;
Мұнайлы ауданының, орталығы және шекарасы Басқұдық ауылы болатын Басқұдық ауылдық округі құрылсын.
Ескерту. 1 -тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2014 № 127 қаулысымен және Маңғыстау облысы мәслихатының 27.05.2014 № 17/265 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім мен қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
М. Молдағұлов Қ. Көшербаев
Облыстық мәслихат хатшысы
Б. Шелпеков