Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.02.2014 № 40 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.02.2014 № 15/235 шешімімен.
Жаңаөзен қалалық мәслихаты мен Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Жаңаөзен қаласының Теңге кентін "ауыл (село)" санатына жатқызу туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жаңаөзен қаласының Теңге кенті "ауыл" санатына жатқызылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.02.2014 № 40 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.02.2014 № 15/235 шешімімен.
2. Осы шешім мен қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Р. Исаев
Облыс әкімі К. Кушербаев
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Чельпеков